Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аз кукык каз ГОС-последн. .doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Билет №5

1. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері

2. Құрылыс мердігерлігі

3. Тапсырма

Қырманов сотқа өз анасының өлімінен кейін ашылған мұраны қабылдау мерзімін ұзарту жөнінде талап арызын береді. Өз өтінішін ол мұраның ашылғаны туралы тек қазір, өлімнен кейін 1,5 жыл өткен соң білгенімен дәйектейді. Істі қарастыру барысында Қырмановтың соңғы жылдар бойы анасымен ешқандай қарым-қатынас жасамағанын, дәлірек айтқанда, анасының материалдық көмек сұрағанына қарамастан, оған көмек көрсеткені анықталады. Анасын күту мен бағуға байланысты барлық жұмысты өз мойнына Қырмановтың апасы алады, міне, соған мұрагерлік мүліктің бәрі өтеді.

Қырмановтың талап арызы қанағаттандыруға жата ма? Мұраны қабылдап алу мерзімдердің қандай түріне жатады?

Билет №6

1. Заңды күшіне енген қаулыларға шағымдану тәртібі мен құқығы

2. Тасымалдау шарты

3. Тапсырма

«Сымбат» ЖШС «Отрар» сауда орталығына ерлер костюмдерін сатуға берді, біреуінің құны 8 мың теңге. «Отрар» сауда орталығы бір костюмді он мың теңгеге сатып, тарату құны арасындағы және «Сымбат» ЖШС – пен комиссионерлік сыйақы ретінде келесілген соманың барлығы өзіне алып қалды. «Сымбат» ЖШС шартта сатылған костюм құнының 5% мөлшерінде комиссионерлік сыйақы берілгеннен деп келіспеді. Комиссионер арасындағы айырманы комитетке беруге міндеті деп, егер де костюм жоғары бағада сатылмаған жағдайда 5% сыйақы беріледі.

1. Бұл дауда кімдікі дұрыс?

2. Сыйақы мөлшерін есепте.

Билет №7

  1. Азаматтардың хабар-ошарсыз кетуі. Азаматты өлді деп жариялау

  2. Апелляциялық инстанцияның актілері

3. Тапсырма

2 маусым күні Света «Отрар» сауда үйінен қысқы етік алды. Бірнеше күн өткеннен кейін қонаққа дос қызы келеді. Ол бұл етік фасонының модадан қалып бара жатқандығын айтады. 18 маусымда Света «Отрар» сауда үйіне келіп, сатып алған етігін басқа модельге ауыстырғысы келеді. Бірақ сатушы оны ауыстырудан бас тартады. Света өзінің талабына:

16 мен 17 күндері сауда үйінің жабық болғандығын; 3 мен 15 маусым аралығында өзінің сырқаттанғандығын көрсетіп сотқа арыз берді. Оның пікірінше мерзімнің өтуі қысқы мерзім басталғаннан есептелуі керек деді.

1. Берілген дауда кімдікі дұрыс?

Билет №8

  1. Қамқоршылық және қорғаншылықтың ұғымы, олардың құқықтары мен міндеттері

  2. Апелляциялық шағым мен наразылық бойынша қарау тәртібі

3. Тапсырма

Вакзалдағы автаматтандырылған сақтау камерасының ұяшығына чемаданды қою кезінде Пернебаев шифр ретінде өзінің туған жылын атады. Ұяшықты ашу кезінде оның чемаданы ұрмағаны анықталды. Пернебаев вокзал әкімшілігіне сақтау камерасынан өз чемаданының ұрланғаны жөнінде шағым білдіреді. Вокзал басшысы Көлік Министілігінің не қазіргі нұсқауына сәйкес вокзал әкімшілігі автоматтық сақтау камерасынан ұрланған заттардың құнын өтеуге міндетті емес екенін айтады. Сонымен қатар, Пернебаев шифр ретінде өз туған жылын алып, ұяшықты шыфр таңдаумен ашу үшін қолайлы жағдай тудырғанын, әрі автоматты сақтау камерасын пайдалану ережелерін бұзғанын айтады.

Вокзал бастығы берген түсініктеме дұрыс па? Егерде жоқ болса сотқа дәлелді арыз дайындаңыз.