Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аз кукык каз ГОС-последн. .doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Билет №21

  1. Қамқоршылық және қорғаушылық ұғымы

  2. Істі сотта қарауға дайындау

3. Тапсырма

Бисенов өзінің танысы Сарбалаевтың сұрауы бойынша тиісті сенімхат жасап, уақытша пайдалануға өз автокөлігін береді. Тараптар келісімі бойынша көлік Бисеновқа оның бірінші қойған талабымен қайтаруға тиіс. 1992 ж. 16 мамырында Бисенов жазбаша түрде Сарыбалаевтан көлікті қайтарып беруді талап етеді, алайда екі күннен соң Бисенов қайғылы қазаға ұшырайды. Оның әйелі Сарбалаевтың көлікті қайтармағанын біледі, бірақ тиісті талаптарды қоймайды, 1995 ж. 20 мамырда Сарыбалаев өз ықыласымен Бисеноваға көлікті қайтарып береді, бірақ бірнеше күннен соң талап қою мерзімінің өтіп кеткенін білмегендіктен оны қателікпен істегенін мәлімдейді. Осы негізде ол Бисеновадан көлікті беруді сұрайды, өйткені қарсы болған жағдайда, ол оны сот арқылы талап ететінін айтады. Бисенова Сарбалаевтың сұрағанын орындаудан бас тартады.

Егер іс соттың қарастыруына берілсе, дау кімнін, пайдасына шешіледі?

Билет №22

1. Өкілдік және оның түрлері

2. Талап арызды қабылдау

3. Тапсырма

«Спорт-грант» акционерлік қоғамы жөндеу-пайдалану бірлестігінен ғимаратты жалға алады. 1990 жылда бірлестіктің өзі жалдық кәсіпорынға айналады. Бірлестікке жалға берілген мүліктің ішінде «Спорт- грант» акционерлік қоғамы жалға алған ғимаратта бар. Кейіннен ғимаратты сатып алуға акционерлік қоғамда, жалдық кәсіпорында талаптанады. Мүлікті басқару комитеті ғимаратты жалға беру шартын акционерлік қоғаммен жасасады.

Ғимаратты сатып алуға кімнің құқығы бар? Акционерлік қоғамның ба, алде жалдық кәсіпорынның ба?

Істі шешіңдер.

Билет №23

  1. Сенімхат, оның түрлері, берілген сенімхаттың мерзімі

  2. Талап түрлері. Талап құқығы

3. Тапсырма

«Сәуле» фирмасы азамат Әшікеевпен агенттік келісім жасасып, қолына сәйкес сенім хат береді. Әшекеев «Сәуле» фирмасы атынан өзі агенттік өкілі болып табылатын «Гаухар» акционерлік қоғамымен шарт жасасады. Шарт фирма үшін де, акционерлік қоғам үшін де олжалы еді, алайда фирма басшылығы Әшекеевтің қоғамның да агенті болып табылатынын біле салысымын, жасасқан шарттың жарамсыздығы жайлы жариялайды, өйткені ол өкілеттік туралы заңға қайшы деп тапты. Әшекеевтің ойынша, фирма басшылары сенімхатты заңсыз қайтарып алған, агенттік келісім фирманың мүддесін де заңды да бұзған жоқ.

Тараптар заң кеңесшісіне кеңес сұрап барады.

Істі шешіңіздер.

Билет №24

  1. Әкелікті анықтау

  2. Талап қою тәртібі.Талап өтінішінің мазмұны.

3. Тапсырма

Учаскелік құрылыс қоймасын Танабаевқа, оның кінәсі бойынша қоймаға келтірілген зиянның құнын өтеу жөнінде талап арызын береді. Талап арызда Танабаев бензин тасымалдаушы автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыс істеп жүріп, автокөлікті дұрыс пайдаланбау салдарынан тасымалданған олифті ағызып алғандықтан, арыз берушіге материалдық зақым келтіреді. Деликттік жауапкершілік нормаларын басшылыққа ала отырып, сот қойманың талап арызын қанағаттандырады. Танабаев сот шешімін аппеляциялық тәртіпте шағымдайды.

Танабаевтың шағымы қанағаттандырылуға жата ма?