Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аз кукык каз ГОС-последн. .doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Билет №13

  1. Мұрагерлік құқығының ұғымы.

  2. Шешімді орындау

3. Тапсырма

Оқулық авторлары «Дәнекер» баспасымен шартқа отырды. Шартта оқулықтың шығарылу мерзімі көрсетілмеген және оқулық баспаға жазбаша формада берілген. Оқу құралдарының жазбаша формада баспаға тапсырылған күннен бастап бір жыл өткесін, авторлар өздерінің оқулықтарының қашан шығатындығын белгісі келеді. Олар дұрыс жауап ала алмағасын баспаға моральдық зиянды өтеу мен нақты міндеттемені орындауды талап етіп сотқа шағымданады.

Авторлармен шартқа отырғанда қателіктер жіберілді ме? Егер болса қандай? Дауды шешіңіз.

Билет №14

  1. Азаматтық құқықтық қатынастарына әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің қатысуы.

  2. Сот шешімін шығару мерзімі. Сот шешімінің заңды күшіне ену мерзімі

3. Тапсырма

Салынып бітпеген түрғын үйдің меншік иесі Нышанов, терезелер мен есікгерді қағып тастап, ұзақ уақыт бойы жоқ болады. Аудандық әкімшілік үйді ашуға жарлық береді. Үйдің 75%-ке бұзылғаны жөнінде акт жасалған соң үй тапсырған жер учаскесі Кеңесбаевқа құрылыс үшін беріледі. Нышановтың үйі Кенесбаевқа құрылыс материалы ретінде ақысыз беріледі.

Кенесбаев жаз мезгілінде үйді толығымен қалыпқа келтіріп, қайта жобалап, іргелі түрде жөндете алды.

Күзде бұрынғы тұрғын орнына келген Нышанов Кеңесбаевтан үйді оған қайтаруды талап етеді. Кенесбаев Нышановқа аудан әкімшілігіне баруды ұсынады, ал ол жерде Нышановтың талабы оның ұзақ уақыт жоқ болуына байланысты негізсіз деп танылады.

Іс қандай тәртіпте және қалай шешілуі тиіс?

Билет №15

    1. Некенің ұғымы. Некеге тұру шарттары.

    2. Сот шешімінің мәні, нысаны, құрылымы

3. Тапсырма

Сырымов Науқанбаевпен шарт жасасып, Науқанбаев үшін құрылыс материалдарын сатып алуы өзіне міндет етіп алады. Құрылыс материалдары алынған соң, Науқанбаев материалдардың өте жоғары бағамен алынғанда сілтеп, оларды қабылдаудан және Сырымовқа олардың құнын төлеуден бас тартады. Сырымов өзіне берілген және нотариалды түрде куәландырған сенім хатта құрылыс материалдарын сатып алуға қажетті бағалардың көрсетілмегенін, тек Сырымовқа «қазіргі бағалармен құрылыс материалдарын сатып алу тапсырмаларды» делінгеніне сүйене отырып, материалдардың құнын төлеуді талап етеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын қабылдаудың құнын төлеуді талап етеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын қадылдауды кешіктірілуіне байланысты олардың да орнын толықтыруды талап етеді. Науқанбаев болса, сенім хат беру кезінде Сырымовқа нақты сома көлемінде сауда жасауын аталған айтып өз дегенінен қайтпайды. Келісімге келе алмай, тараптар заң кеңесшісіне барады.

Оларға қандай түсініктеме берген жөн?

Билет №16

1. Сыйға тарту шартының ұғымы және элементтері

2. Сот қаулысы мен оның түрлері: сот шешімі және сот ұйғарымы

3. Тапсырма

Азамат Сапаров қобыз сатып алуға дүкенге келді. Қобыз оның таяқшасымен қобдишасынан тұрды. Оның жанында баға көрсетілген. Сапаров кассаға барып көрсетілген сомаға чек соқтырды. Сатушы Сапаровқа қобызды таяқшасыз және қобдишасыз берді. Сапаров оған таяқша мен қобдишаны беруді талап етті. Сатушы баға тек қобызға ғана қойылған деп жауап берді.

Бұл дауда кімдікі дұрыс?

Қобызға мүлік ретінде сараптама беріңіз.