Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аз кукык каз ГОС-последн. .doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Билет №28

1. Меншік құқығына ие болу негіздері.

2. Заттай дәлелдемелер, оларды ұсыну тәртібі: сақтау, қарау, қайтару.

3. Тапсырма

Авторлар ұжымы өздерінің криминалистика бойынша оқулығын шығару жөнінде баспамен шарт жасасады. Баспа оқулықты басып шығаруға дайындаудың әжептәуір жұмысын өткізіп, оқулық авторларына сый ақының 60%-ін төлейді. Алайда қаржының жоқтығынан оқулықты жарыққа шығару жеке меншік заң институтына беріледі. Авторлар оқулық қолжазбасын заң институты жоғалтып алғанын анықтайды.

Авторларда төмендегідей сұрақтар туындайды:

1) олардың келісімінсіз оқулықта басуды Заң институтына беруге баспа құқықты ма?

2) Өз құқықтарын қорғау жөнінде талаптарын кімге қоя алады?

Билет №29

1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы және құрамалары (элементтері).

2. Жазбаша дәлелдемелер мен оның түрлері.

3. Тапсырма

Құрылыс-монтаж тресті (ҚМТ) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен (ЖШС) соңғысының заңсыз иелігінен көтерген кранды қайтаруы жөнінде талап арыз ұсынады. Үшінші жақ ретінде іске қатысуға ЖШС-тің кран сатып алған Жабық акционерлік қоғамы (ЖАҚ) тартылады. Соттың мәжілісін ашып, сот келгендерге өз өкілдіктерін растауды ұсынады. Сотқа ҚМТ-ның заңгері іске қатысу сенімхатын ұсынады. ЖШС-тің мүддесін төлқұжаты мен кәсіпорынның тіркелу туралы куәлігі бар, оның директоры қорғамақ болады. ЖАҚ атынан директорлар кеңесінің төрағасы сөз сөйлейді, оның қолында құрылтайшылар жиналысының оны көрсетілген лауазымға тағайындау туралы хаттамасы болды.

Сот қандай әрекет істеуі тиіс?

Билет №30

  1. Заттық құқық, оның түрлері.

  2. Дәлелдеу құралдарының түрлері

3. Тапсырма

Зұлқашева сотқа Бисеновадан 10000 теңге талап ету туралы арыз жазды. Талапкердің айтуынша екі жыл бұрын жауапкер адам 10000 теңге қарыз алды. Шарттағы уақыт өткеннен кейін ол қарызын берген жоқ, бірақ ол ақшаны бердім деп жалған қолхат жазған. Сот талапкердің талабын жауапкерден жауап алған соң және іске прокурордың қажетті қатысуы туралы хабарланғаннан кейін қарады. Зұлқашева істің қаралуы ұзаққа созылады деп жауапкерден жауап алуына және прокурорға хабарлануына қарсы болды.

Судьяның әрекеті дұрыс па?

Істі қарау үшін прокурордың қажетті қатысуына шағым жазылуға жол беріле ме?

Гуманитарлық-құқық пәндер бірлестік отырасында №9,

«13» сәуір 2012 ж. қаралып, бекітілді