Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
757 Кб
Скачать
☆
  1. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік әдістеме. Экономикалық жүйе, оның элементтері.

Жүйелік әдістеме күрделі ұйымдасқан объектілерді зерттеу әдістердің жиынтығы. Мұндай әдістеме ұлттық экономиканың жеке жүйелерін және ірі блоктарын, олардың қызметін, арасындағы тура және кері байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйе деп элемент пен бөліктердің белгілі бір тәртәппен ұйымдасқан бір тұтасты атайды.

Жүйелер қарапайым және қүрделі болып бөлінеді. Қарапайым жүйе – өзара әсер етуші элементтерден, ал күрделі жүйе түрлі қарапайым жүйелердің бірігуінен құралған көп деңгейлі құрылым. Егер күрделі жүйені басқару, бір орталықтан басқарылса, онда ол - орталықтанған деп аталады. Ал егер басқару бірнеше жерде орналасқан болса, онда ол – деорталықтанған (орталықтандырылмаған) деп аталады.

Сыртқы ортаның әсеріне байланысты жүйелер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық жүйе қоршаған ортамен интенсивті айырбас жасайды. Жабық жүйе ондай айырбастар жасамайды, әлде айырбас шектеулі масштабта жасауы мүмкін.

Күрделі жүйелердің негізгі белгілері:

  1. Өзара байланысты және өзара әсеретуші элементтердің көптігі.

  2. Жүйемен орындалатын және мақсатқа жетуге бағытталған қызметтің күрделілігі.

  3. Жүйені жеке жүйеастылық блоктарға бөлу.

  4. Ақпарат жүйесінің және интенсивті ақарат ағымының көбеюі, басқарудың болуы.

  5. Сыртқы ортамен әрекеттесуі және кездейсоқ фактор әрекеті шартының қызметі.

Экономикалық жүйе – қоғамдағы ұйымдастырылған форма, қатынастар негізінде жасалған, экономикалық процесстердің жиынтығы. Қоғамның нақты базисін құрайтын экономикалық жүйені экономикалық қатынастар жиынтығы құрайды.

Экономикалық жүйе үш блоктан тұрады:

  1. Өндірістік күштер (өндіріс құралдары және еңбек күші);

  2. Өндірістік қатынастар (материалдық игіліктер мен қызметті өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынастар)

  3. Құрылыс немесе тәртіп (саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы)

  1. Экономикалық жүйе типтері

Экономикалық жүйенің негізгі шешетін сұрақтары: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру?

Экономикалық жүйелердің айырмашылығы осы сұрақтарға жауап беруіне байланысты.

Негізінде түрлі критерийлер жататын экономикалық жүйелердің 3жіктелімі бар.

1 жіктелім – ашықтық дәрежесі бойынша. Ол бойынша былай бөліп көрсетеді:

Экономикалық жүйе ашық және жабық түрде болады.

Ашық экономикалық жүйе – ол әлемдік шаруашылық байланысы жоғары деңгейдегі мемлекеттер экономикасы.

Жабық экономикалық жүйе – ол сыртқы әлеммен экономикалық байланыс төмен немесе мүлдем жоқ мемлекеттер экономикасы.

2 жіктелім. Оның негізінде меншік қатынастары мен экономикалық байланыс нысандары сияқты критерийлер жатады. Осы критерийлер бойынша экономикалық жүйелердің келесі типтері бар:

  • Дәстүрлі жүйе, технологиясы ескі көбінесе кол еңбегі, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр Бұл экономикалық жағынан артта қалған мемлекеттерде тән экономикалық жүйе.

  • Командалық (әкімшіл-орталықтандырылған немесе жоспарлы) экономикалық жүйе - өндіріс, бөлу, тұтыну сұрақтарына мемлекет шешім қабылдайды.

  • Нарықтық ) экономикалық жүйе экономиканың шаруашылық сұрақтарын әрбір экономикалық агент өзі шешетін жүйе. Ол еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік және жеке меншікке негізделген.

  • Аралас экономикалық жүйе ─ экономиканың негізгі экономикалық мәселелерін шешуде мемлекет те, жеке сектор да жоғары орында тұратын экономикалық жүйе.

3 жіктелім өнеркіспік төңкеріс және ҒТР (ғылыми техникалық революция) сияқты сипаттарға негізделген. Бұл жіктеу бойынша үш экономикалық жүйені бөліп көрсетеді.

Индустрияға дейінгі жүйе – бұл ауылшаруашылығы, шаруашылық жүргізудің табиғи нысаны және қол еңбегінің басымдылығымен сипатталатын жүйе.

Индустриялды экономикалық жүйе – ірі машиналық өндіріске негізделген, дамыған ақша-тауар қатынастары бар жүйе.

Постиндустриалды экономикалық жүйеде басты ресурс – ақпарат, экономиканың жетекші саласы – өндірістік емес сала, ал экономикалық дамудың мақсаты – адам және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады.