Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
757 Кб
Скачать
☆
  1. Қоғамдық шаруашылық нысандары. Натуралды өндіріс.

Қазіргі экономикалық теория өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрін көрсетеді, олар:

Натуралдыдық өндіріс, тауарлы өндіріс, жоспарлы өндіріс.

Натуралды өндіріс тарихи ең алғаш пайда болды. Бұл жерде еңбек өндірушінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға, яғни ішкі шаруашылық тұтынуға арналған.

Натуралды өндіріс ерекшеліктері:

1) жұмыс күшінің мобильділігінің жоқтығы.

2) локальді бірлік ішіндегі экономикалық процестердің шектеулігі.

3) өндіріс мақсатының шектеулігі – жеке қажетіліктерді қанағаттандыру.

Тауарлы өндіріс – шаруашылық жүйесі жеке өндірушіліер арқылы өнім өндіріп, қоғамдық тұтынуды қанағаттандыруға нарықта сату – сатып алу арқылы жүзеге асады.

Жоспарлы өндірісте қоғамдық өндірісте қатаң директивті жоспарлау негізнде қоғамдық шаруашылықты ұйымдастыру.

  1. Тауарлы өндірістің пайда болу шарты және ерекшелігі.

Әлеуметтік экономика негізінде тауарлық қатынастардың пайда болу алғышарттары:

1. қоғамдық еңбек бөлінісі және тауар өндірушінің мамандануы.

2. олардың бір-бірімен экономикалық оңашалануы.

3. тұтынушы мен өндіруші арасындағы нарық арқылы байланыс.

4. тауарларды сату –сатып алу.

Қарапайым және капиталистік өндірістің арасында ұқсастықтар бар:

1) еңбекті қоғамдық бөлу

2) өндіріс құралдарына жекеменшік

3) нарықта өнімді сатуға арнайы шаруаларды пайдалану.

Қарапайым жене капиталистік тауар өндірісінің ерекшеліктері:

1.қарапайым тауар өндірісі тауар өндірушінің жеке еңбегіне негізделеді, ал капиталистік жалдамалы еңбекке негізделген.

2. қарапайым тауар өндіріснде еңбек өнімі нарыққа жетуге дейін тауар өндірушіге жатады, ал капиталистік тауар өндірісінде еңбек өнімі тауар өндіруші жұмысшысына емес капиталистке жатады.

Тауар сату – сатып алу арқылы айырбас жасалатын еңбек өнімі.

  1. Тауарлы шаруашылықты зерттеудегі Марксистік және Маржиналистік әдістері

К. Маркстің еңбек құн теориясына сәйкес тауарлардың 2 қасиетті бар:

Құн және тұтыну құны.

Заттың пайдалылығы адамның кез – келген қажеттілігін қанағаттандыра алуы, заттың тұтыну құнын шығарады. Ал тауар құны қоғамдық еңбек саны, яғни оған кеткен өндірістік шығындары мен есептелінеді.

Еңбек құн теориясына сәйкес тауарлардың қоғамдық құны еңбек көлемімен және оған жұмсалған жұмыс уақытымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақытты белгілі бір тауарды дайындауға кеткен өндіріс шаруашылықтарда және икемділік деңгейі мен интенсивті еңбек арқылы анықталады. Құн заңы бойынша өндіріс және тауар айырбасы қоғамдық қажетті еңбек шығыны негізінде жүзеге асады. Құн заңы келесі қызметтерді атқарады:

1. қоғамдық еңбекті қадағалау және есеп

2. уақытты үнемдеу

3. тауар өндірушінің дифференсациясы.

Шекті пайдалылық теориясын алғаш ұсынған неміс экономисі Госсен. Бұл еңбек өзінің дамуын Австрия мектептерінде жалғастырды.

Заттың пайдалылығын әр бір тұтынушы суьектівті түсінеді. Тауар көп болған сайын оған қажет деңгейі жоғарылайды. Бірақ оның пайдалылығы және құндылылығы төмендейді. Тауар көлемі азайған сайын оның пайдалылығы және құндылылығы өседі. Бұл Госсен заңы.

Өндірістік икемділіктердің бағасы өндірістік мінезде соңғы өнімнің шекті пайдалылығын қадағалауға жеке тұтынуды қанағаттандыруға пайдалылады.