Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар, практикалық сұрақтар, емтихан сұр А...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
757 Кб
Скачать
☆
  1. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы әрекеттесу. Нарықтық тепе-теңдік

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылыды. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса, артық ұсыныс (артылып қалу) пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынын басым болады.

  1. Икемділік түсінігі. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кірісі мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Икемділік дегеніміз – бір айныманың екінші айныманың өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.

Тауар баға икемділігіне көбірек ие болған сайын оның алмастырушылары көбірек болады (немесе тұтынушыға қажеттігі аз болса). Ұсыныстың икемділігіне ықпал ететін маңызды фактор – уақыт. Ұсыныс әдетте ұзақ мерзімге икемді (өйткені өндірісті ұлғайту немесе өндірісті басқа бір түріне ауытыруға мүмкіндік бар) бағаның өзгеруі ұсыныс шамасына әсер етеді.

Сұраныс кестелерінің түрлері

Тақырып 6. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және формалары

Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік қызмет мәні, оның негізгі түрлері және формаларын түсіндіру.

  1. Кәсіпкерлік мәні және оған тән сипаттар

  2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Негізгі сөздер: Кәсіпкерлік қызмет, жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, пайда, акция.

  1. Кәсіпкерлік мәні және оған тән сипаттар

Кәсіпкерлік – бұл пайда табу жолындағы тәуекелділікпен байланысты шаруашылық қызмет.

Кәсіпкерлік – бұл француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағынаны білдіреді.

Алғаш рет бұл терминді Р. Кантильон қолданғанда, ол кәсіпкер деп – белгілі бір жерде сатып алып, қымбат етіп сататын адамдарды атаған.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері :

1) Шарушылық қызметтің бір түрін таңдауда, өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда, қаржыландыру көздерін таңдағанда, ресурстарға қол жеткізуде, тауар өткізуде, оған баға беруде, пайданы қадағалауда және тағы басқаларды субьектінің бостандығы мен құқықтарының болуы.

2) Кәсіпкерлік қызмет қабылданған шешімдерге, оларға байланысты тәуекелділікке жауапкершілікті қажет етеді.

3) Тапқан табысқа байланысты коммерциялық жетістіктерге жетуге және табыс табуға бағыттау.

4) Әр түрлі нысандағы жекешелендіру түрлері мен типтері, сондай-ақ кәсіпкерлік.

Кәсіпкерліктің келесідей түрлері болады:

а) өндірістік;

б) коммерциялық;

в) қаржылық;

г) сақтандыру.

2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқыктық формалары:

І. Жеке иелік ету – бұл бір адамның иелігіндегі іс, бұл оған келесідегідей белгілі артықшылықтарды береді:

а) әр меншік иесі кәсіпорынның барлық табысына иелік етеді;

б) меншік иелері өз-өзіне билік етеді және кез-келген өзгерістер енгізуге құқылы;

в) заңдар жеке иелерге ең төменгі шектеулер қояды. Жеке иеліктің кемшіліктері:

а) толық меншікті жауапкершілік;

б) капитал көлемінің шектілігі.

2.Серіктестік дегеніміз - кәсіпорынның екі немесе бірнеше иеленушілердің болуы.

Оның артықшылыктары:

а) серіктестердің бірігуі қосымша қаржыны тартуға мүмкіндік береді;

б) әр серіктес бұл іске өзінің жаңа шығармашылық идеяларын немесе талантын ендіреді;

в) серіктестік салыстырмалы түрде оңай ұйымдастырылады және оған ерекше салық салынбайды.

Кемшіліктері:

а) көп жағдайда серіктестіктің барлығы шектелмеген мүліктік жауапкершілікке ие болады;

б) егер серіктестердің біреуі істен шығатын болса, онда серіктестік өзінің жұмысын тоқтатады. Өз қызметін әрі қарай жалғастыру үшін серіктестік жаңа келісім жасауы тиіс;

в) серіктестіктің өзіне тартатын капитал көлемінің шектілігі;

г) серіктестердің фирманы басқарудағы көзқарастарының сәйкес келмеуінің салдарынан фирманың өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Серіктестіктің түрлері:

  • толық серіктестік – ол барлық мүшелерінің толық мүліктік жауапкершілігімен ерекшеленеді;

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • аралас (коммандиттік) серіктестік.

3. Акционерлік коғам немесе корпорация бұл – өзінің әр түрлі тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерді жүзеге асыру және сатудағы өз қызметін атқаруға қажетті қаражаттарын жеке және заңды тұлғалардан тарту үшін акцияларды шығаруға негізделген кәсіпорын.

АҚ артыкшылықтары:

а) мүшелерді біріктірудің ұйымдық-корпоративтік сипаты;

б) шектеулі жауапкершілік;

в) операцияларды жүзеге асырудың қарапайымдылығы;

г) өмір сүруінің шексіздігі.

АҚ кемшіліктері:

а) құрудың күрделілігі және қымбаттылығы;

б) ерекше салықтарды төлеу қажеттілігі;

в) акциялары ашық сатылуда орналасқан корпорациялардың коммерциялы кұпияға деген құқықтарынан бас тартуы.

Акционерлік қоғамдар ашық және жабық АҚ деп бөлінеді. Ашық түрдегі АҚ жарғылық қоры акциялардың ашық нарықта сатылуының нәтижесінде қалыптасады. Жабық түрдегі АҚ жарғылық қорын өзінің кұрылтайшыларының акциялары негізінде қалыптастырады.

Бірдей бөліктерден тұратын жарғылық қор көлеміне сәйкес келетін АҚ шығарған құнды қағаз акция деп аталады және бұл акциялар әр акционерге олардың қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді. Акцияға келетін табыс дивидент деп аталады. Дивидент көлемі АҚ шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді.

Акциялардың сатылу бағасы оның бағамы деп аталады. Акциялардың бақылау пакеті – АҚ шығарған акциялар санындағы белгілі бір акционерден басқа акционерлердің акциялар санымен салыстырғандағы үлкен үлесі (50%-тен көп). Акциялардың бақылау пакеті оның иесіне АҚ қабылдайтын шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның экономикасын реформалау кәсіпкерліктің дамуынсыз мүмкін емес, оның жүзеге асуы мен дамуы Қазақстан Республикасы заңдары мен рекламинацияланады. Өтпелі кезеңде мемлекет басшылығымен мынандай заңдар тізбегі қабылданды: «Кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» және т.б. Бұл заңдар азаматтардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігі мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді анықтайды.

Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру елдегі кәсіпкерліктің әртүрлі формалары мен түрлерінің қалыптасуына үлес қосқан. Шағын бизнестің дамуына ерекше көмек көрсетіліп отыр.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008. – 276 б.

  2. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы, Экономика, 2003 ж.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. // Авт. ұжымы. Акад. Я.Ә. Әубәкіровтың жетекшілігімен.- Алматы, Қазақ университеті, 1999 ж. бағдарламада бұл №1 оқулық.

Тақырып 7. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы

Дәріс мақсаты: Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы жайында мәлімет беру.