Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снарёв(оқу құралы-қаз.) - 2 ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
533 Кб
Скачать
☆

Штангалы ұңғымалық сорап қондырғыларын есептеу

8 -есеп. Тербелмелі станокты, диаметрін және сорап түрін, штанга мен СКҚ-ы таңдап, берілген шарттарға сәйкес сораптың жұмыс параметрлерінің режимін анықтау керек: ұңғыманың дебиті - 35м3/тәул, мұнайдың тығыздығы- ρм =850 кг/м3 , сорапты түсіру тереңдігі-1400 м, сораптың беріліс коэффициенті η=0,7.

Шешімі: А.Н.Адонин диаграммасы бойынша [24,27] Q=35 м3/тәул проекциясы мен L=1400 м қиылысынан СК 8-3,5 – 4000 және сораптың плунжер диаметрі 32 мм-ге тең екенін табамыз. 1200 м-ден төмен тереңдікке сәйкес маркасы НВ1Б-32-30-15 қондырмалы сорапты таңдау керек.

НВ1Б сораптары мұнай ұңғымаларынан механиканың қоспасы 1,3 г/л дейінгі тұтқырлы сұйықты және 10% -дан аспайтын еркін газды сору үшін арналған [17]. Цилиндр ретінде онда беріктілігі жоғары, тозуға төзімділігі мен тасымалдылық қасиеттерімен сипатталатын бүтін, төлкесіз цилиндр қолданылған.

НВ- 1Б-32 үшін мынадай СКҚ таңдалады: 32+28=60 мм, СКҚ 60x5,0 мм. 1.12- кестесі бойынша бұл сорапқа СКҚ-60 мм қондырылатын ОМ- құлыпты тіреу керек.

Бел-гілеу

Станок шифры

1

1ск- 1-0,6- 100

2

2ск- 1,25-0,9-250

3

Зск-2-1,05-400

4

4ск-2-1,8-700

5

5ск-4-2,1-1600

6

6ск-4-3-2500

7

7ск-8-3,5-4000

8

7ск-8-3.5-6000

9

7ск- 12-2,5-6000

10

9ск- 15-6- 12000

500 1000 1500 2000 2500 3000 3500 L, м

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1.1-сурет. Тербелмелі станоктарға арналған А.Н.Адонин диаграммасы

(1-шеңберлердегі сандар ұңғыма сорабының диаметрін белгілейді; 2-диаграмманың астына орналасқан 1-ден 10-ға дейінгі сандар станок шифрын белгілейді)

1.1-1.3 кестелерінен диаметрі 22 мм (31%) және диаметрі 19 мм (69%) көміртекті болаттан (σш=70 МПа) жасалған штанганы таңдаймыз.

Түсірудің жалпы 1400 м тереңдігінде штангалар секциясының 434 м ұзындығында диаметрі =22 мм, ал 966 м ұзындығында - диаметрі 19 мм-ге тең штангалар таңдалады.

МЕмСТ 5866 бойынша режимдік параметрлер 7СК 8-3,5 -4000, Sa=1,7; 2,1; 3,0; 3,5 м – штанганың ілу нүктесінің жүру ұзындықтары.

Тербеліс саны n=5-12 мин-1

Ц2П-750 редукторының і=38 беріліс қатынасында шкивтің диаметрі -1000 мм болады.

ТС жұмысын жалғастыруын қамтамасыз ету үшін қадамның максимал ұзындығын қабылдап, А.Н.Адонин диаграммасы бойынша тербелмелі-станоктың максималды параметрлерінде жұмыс істей алатын және диаметрі 32 мм сораптың максималды өнімділігін табу қажет.

Диаграмма бойынша мынаны табамыз: Qmax=38 м3/тәул. Сонда Smax=3,5 м жүріс ұзындығында (1.1) формуласымен тербеліс саны былай анықталады:

n=12·35/38=11 мин-1.

Штанганың минимум кернеуіне сәйкес келетін сораптың жұмыс параметрін аналитикалық әдіспен анықтаймыз.

Sa мен n (1.2)-(1.4) формуласы бойынша стандартты көрсеткіштерді беру арқылы, Fпл мен Dпл анықтап 1.5 кестесін құрамыз.

1.5 Кесте

No реж

S, м

n

Fпл, см2

Dпл, см

1 1,675 15 15,32 4,42

2 2,1 12,9 14,21 4,25

3 2,5 11,5 13,39 4,13

4 3,0 10,2 12,58 4,00

5 3,5 9,2 11,96 3,9

6 12,45 5 6,186 2,81

7 5,15 9 8,30 3,25

8 3,35 12 9,58 3,49

Штанганың екісатылы тізбегінің орташа массасы

qорт=q1·0,31+q2·0,69=3,14·0,31+2,35·0,69=2,60 кг/м,

мұнда q1, q2 – сәйкесінше штанганың 1 м жоғарғы және төменгі секциясының массалары.

1.5- кестесінен көрінетіндей, сораптың η=0,7 орташа беріліс коэффициентінде қабылданатын жұмыс режимдері 5-ші және 4-ші болады, бірақ та бұл режимдерде плунжердің диаметрі үлкен болады.

Оңтайлы режимді таңдау үшін штанганың ілу нүктесіндегі жүктеменің максималды мәнін (1.5) формуласымен табамыз:

Р5max=11,96·10-4·850·1400·9,81+ 2,6·1400·9,81[0,892+3,5·9,22/1440] = =13962+39198=53160 H,

Мұнда b=(7850-850)/7850=0,892;

P4max=12,58·10-4·850·1400·9,81+2,6·1400·9,81[0,892+3,0·10,22/1440] = =14686+39592=54278 H.

Мұнда оңтайлы режим 5-ші және Pmax=53,2 кН - мәні ең кіші. Минималды күштемені (1.6) формуласымен есептейміз:

P5min=2,6·1400·9,81[0,892-(3,5·9,22)/1440]=24506 H.

(1.7) формуласы бойынша максимал және минимал кернеулерді және (1.8) формуласымен σш мәндерін анықтаймыз.

σmax =53160/0,785·0,0222=53160/3,8·10-4=139,9·106 H/м2=139,9 МПа;

σmin=24506/3,8·10-4=64,5·106 H/м2=64,5 МПа;

σa=(139,9-64,5)/2=37,7 МПа;

σш= =72,6 МПа.

1.1-1.3 кестесінен σм.ш =90 МПа коррозиясыз шарттары үшін маркасы 20Н2М болаттан жасалған штанганы таңдаймыз.

Штанганың беріктік қорының коэффициенті (1.9) формуласы бойынша мынаны құрайды:

η=390/140,0=2,8.

Плунжердің стандартты диаметрін қолдана отырып (5-інші режим үшін 38 мм болады) (1.10) формуласымен қажетті тербелу санын анықтаймыз:

n=9,2·39/38=9,44 мин-1.

НВ1Б-38-35-15 сорабы үшін жүру ұзындығы 3,5 м және түсіру тереңдігі 1500 м, ал СКҚ диаметрі 73x5,5 мм-ге тең болады.

Стандартты емес тербелу саны үшін электроқозғалтқыштың шкив диаметрін (1.11) формуласымен анықтаймыз:

Dэл=9,44·1000·38/1470=244 мм.

Сонда, аналитикалық есеп нәтижесінде біз СКҚ-ң, сораптың диаметрін үлкейтіп, тербелу санын 11-ден 9,4 мин-1-ге дейін азайттық және кестелі-графикалық есеппен салыстырғанда маркасы 20Н2М болаттан жасалған берік штанганы таңдадық.