- •1. Штангалы ұңғымалық сорапты қондырғыны есептеу
- •1.1. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •Штангалы ұңғымалық сорап қондырғыларын есептеу
- •1.2. Тербелмелі-станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •1.3. Штангалы сораптың плунжерінің жүру ұзындығын анықтау
- •1 Тараудың тапсырма нұсқаулары
- •1.4. Шгсқ беріліс коэффициентін анықтау және өнімділігін есептеу
- •1.5. Штангалар тізбегін беріктікке есептеу
- •1.6. Шгсқ-ы қолдану кезіндегі апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •1.8. Кривошип білігінің моменті мен электрқозғалтқыш қуаты анықтау
- •Тербелмелі-станоктар үшін электрқозғалтқыштың техникалық берілгендері
1.3. Штангалы сораптың плунжерінің жүру ұзындығын анықтау
1.3.1. Статикалық күш әсерімен бірге плунжердің жүру ұзындығын былай анықталады [24]:
Sпл= SA-λ=SA-( λш+ λқұб+ λсығ.ш+ λи), (1.25)
Мұндағы SA- штанга ілу нүктесінің жүру ұзындығы (тегістелген штоктың); λ-статикалық деформация қосындысы; λш-жоғары жүріс кезінде плунжердің үстіне немесе астына түсетін қысым әсерінен болатын штанганың деформациясы,
λш=∆РсL/(Ешfш) (1.26)
Мұндағы ∆Рс-плунжер үстіндегі сұйық бағанының салмағын анықтаймыз:
∆Рс=F(Рст+ Рб+ Рг-Pc), (1.27)
мұнда Ғ – цилиндрдің өтпелі қимасының ауданы; Рст-плунжер үстіндегі сұйық бағанының қысымы; Рб-лақтыру сызығының буферлі қысымы; Рг-құбырдағы сұйық ағынының кедергісіне негізделген қысым шығыны; Рс-динамикалық деңгей астылық сорапты батыру тереңдігі мен сүзгі және сорап клапанындағы сұйық ағынының кедергісімен анықталатын плунжердің астындағы қысым, Рс =Рә-Ркл; Еш-штанга материалының серпімділік модулі, L-сорап ілмесінің тереңдігі, fш-штанганың көлденең қимасының ауданы.
Штанганың төменге жүру кезіндегі құбыр деформациясы
λқұб=∆Рс Еқұб/(Еқұбfқұб) (1.28)
мұнда ∆Рс - плунжер үстіндегі сұйық бағанының салмағы; Еқұб-құбыр материалының серпімділік модулі, fқұб-құбырдың (метал бойынша) көлденең қимасының ауданы.
Штанганың төменге жүру кезінде оларға Рс бойынша жоғарыға бағытталған остік күш әсер етеді. Ол күш айдау клапанындағы сұйықтың ағынының кедергісі мен плунжердің цилиндрмен үйкеліс әсерінен туындайды. Егер бұл күштер штанганың төменгі ауырлығымен теңгерілмесе, онда плунжердің жүру ұзындығын азайтатын деформация [24] мынаған тең:
λсығ.ш= Pc L/ Ешfш (1.29)
(1.30)
мұнда Lсығ =Pc/qш-тізбектің сығымдалған бөлігінің ұзындығы; Rc-тізбектің сығымдалған бөлігінің иілген спиралінің радиусы,
Rc= Dқұб - dш /2 (1.31)
Dқұб-құбырдың ішкі диаметрі, dш-штанга диаметрі, I-штанганың көлденең қимысының инерция моменті, qш-сұйықтағы 1 м ұзындықтағы штанганың салмағы.
Егер остік күш Pc <10 кН болса, онда λи-ді анықтау үшін А.Лубинскийдің қарапайым формуласын қолдануға болады:
λи=PcRc2 Lсығ./8EI (1.32)
1.3.2. Плунжердің статикалық және динамикалық күштердегі жүру ұзындығын анықтау. А.Н.Адониннің зерттеулеріне сәйкес сұйықты сору кезіндегі статикалық және динамикалық режимдердің шегі Коши параметрінің аймағында орналасқан - μ=10L/a=0,35÷ 0,45, мұнда ω=πn/30-кривошиптің бұрыштық айналу жылдамдығы, а- штангадағы дыбыс жылдамдығы (а=5100 м/с).
Тұтқырлы сұйықтағы штанга қозғалысының кедергісін ескере отырып, екі сатылы штанга тізбегінде А.С.Вирновский мынадай тәуелділікті алған:
Sпл=SA[(cosμ1+ sh2β1)(cos2μ2+ sh2β2)-1/2 fш2/ fш1(sin2μ1sin2μ2+ sh2β1
sh2β2)+[ fш2/ fш1]2 (sin2μ1+ sh2β1)(sin2μ2+ sh2β2)]-1/2-λ, (1.33)
мұндағы β1 =bL1 /a; b-үйкеліс тұрақтысы, әдетте ол 0,2-1,0 c-1; μ1-Коши критериі, fш-штанга қимасының ауданы, shβ=eβ – e-β/2 -гиперболалық синус.
Тұтқырлы сұйықтағы штанганың қозғалыс кедергісін есепке алмағанда
плунжердің жүріс ұзындығы
Sпл=
-λ.
(1.34)
cosμ1 cos2μ2- fш2/ fш1· sinμ1 sin2μ
Тұтқыр сұйықтағы штанга тізбегі екісатылы болса, онда
SA
Sпл=
- λ; (1.35)
(cos2μ+ sh2β)1/2
Тұтқырлықты есептемегенде (β=0)
Sпл= SA/cosμ – λ . (1.36)
10-есеп. Статикалық теория бойынша плунжер жүрісінің ұзындығын анықтау.
Бастапқы берілгендер: плунжер диаметрі Dпл=43 мм; сораптық штанга диаметрі d=22мм; СКҚ диаметрі dқұб =73х5,5 мм, сораптың түсіру тереңдігі L=1500 м; тығыздалған штоктың жүру ұзындығы S=2,1м, динамикалық деңгей һд =1450 м, 1 минуттағы тербелу саны n=9, сұйықтың тығыздығы ρс=900 кг/м; плунжер қозғалысының кедергісі Рк=9 кН, лақтырмалы сызықтағы сұйылту қысымы -1,0 МПа, мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы ν =0,1 см/с (температурасы 80ºC болғанда).
Шешімі: Коши параметрін (1.12) формуласымен анықтаймыз:
μ=ωL/a=0,942∙1500/5100=0,277.
Плунжер үстіндегі сұйықтың бағанының қысымы
Рст=Lρcg=1500∙900∙9,81=13,24∙106 H/ м2=13,24 МПа
Құбырдағы сұйықтың ағының кедергі есебінен қысымды жоғалтуын мына қатынас бойынша
Рг=h∙ρc∙g=λLρc V2орт /dішкі 2
Мұнда көтеру құбырындағы орташа жылдамдық
Vорт=SnD2пл/60(d2ішк – d2ш)=2,1∙9∙0,0432 / 60(0,0622 – 0,0222)=0,173 м/с.
Рейнольдс саны
Re= Vортd/ν=17,3∙6,2/0,1=1073<2300.
Гидравликалық кедергі коэффициенті
λг=64/Re=64/1073=0,0596=0,06.
Сонда Рг=0,06∙1500∙0,1732∙900 / 0,062∙2=19500 Н/м2 =0,0196 МПа.
Плунжер астындағы қысым (клапан кедергісін ескермейміз)
Рс =(L - hд)ρcg=(1500-1450)900∙9,81=0,441 МПа
Сонда плунжер үстіндегі сұйықтық бағанының салмағы ((1.27) формуласымен)
∆Рс=0,785∙0,0432(13,24+1,0+0,0196-0,441)2,06∙104 Н=20,06 кН
Штанганың ұзаруы ((2.26) формуласымен)
λш=∆Рс L/(Eш f ш)=20,06∙103∙1500/2,1∙105∙103∙3,8∙10-5=0,376 м,
Штанганың көлденең қимасының ауданы
fш=0,785∙0,0222=3,8∙10-4 м2
Штанганың төменге жүруі кезіндегі кедергі күші есебінен штанганың деформациясы ((1.25) формуласымен)
λсығ.ш=∆Рс L/Eш f ш=9∙103∙1500/2,1∙105∙106∙3,8∙10-4=0,169 м
Штанганың иілу есебінен жүру шығынын (1.35′) формуласымен анықтаймыз, себебі Pc <10 кН.
Алдын-ала анықтаймыз:
Rc=62 – 22/2=20 мм=0,02 м;
Lсж=Pc/[qш g(1 – ρc/ ρш)]=9∙103 / [3,14∙9,81(1 – 900/7850)]=330 м.
Штангалардың остік инерция моменті
І=πr4/4=0,785∙0,0114/4=1,149∙10-8 м4
Сонда
λш=9∙103∙0,022∙330/8∙2,1∙105∙106∙1,15∙10-8=0,061 м.
Статикалық күш әсерінен болатын плунжер жүрісінің ұзындығы
Рпл=SA – λ=2,1 – (0,376+0,122+0,169+0,061)=1,372 м.
11-есеп. Статикалық пен динамикалық теориялар бойынша плунжер жүрісінің ұзындығын анықтау.
Бастапқы берілгендер: плунжердің диаметрі Dпл=43 мм; сораптық штанганың диаметрі d=22мм; СКҚ диаметрі dқұб =73х5,5 мм, сораптың түсіру тереңдігі L=1500 м; тығыздалған штоктың жүріс ұзындығы S=2,1м, динамикалық деңгей һд =1450 м, 1 минуттағы тербелу саны n=9, сұйықтың тығыздығы ρс=900 кг/м; плунжер қозғалысының кедергісі Рк=9 кН, лақтыру сызығындағы буферлік қысым -1,0 МПа, мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы ν =0,1 см2/с (80ºC-та).
Шешімі: Коши параметрін (1.12) формуласымен анықтаймыз:
μ=ωL/a=1,57∙1500/5100=0,462;
ω=πn/30=3,14∙15/30=1,57 c-1
Яғни сору режимі динамикалық режим аймағында жатыр.
Көтеру құбырындағы орташа жылдамдықты анықтаймыз
Vорт= SnD2пл/[60(d2ішк – d2ш)]=2,1∙15∙0,0432/[60(0,0622 – 0,0222)]=0,289 м/с.
Рейнольдс саны
Re= Vортd/ν=28,9∙6,2/0,1=1792<2300.
Гидравликалық кедергі коэффициенті
λг= 64/Re=64/1792=0,036.
Құбырдағы сұйықтық ағынының кедергі есебінен болатын қысым шығынын мына қатынас бойынша анықтаймыз
Рг =hρc g= λгLρcV2/d·2;
Рг=0,036·1500·0,2892·900/0,062·2=0,0327 Мпа.
Плунжер үстіндегі сұйықтық бағанасының салмағы ((1.27) формуласымен)
ΔРс=0,785·0,043·(13,24+1,0+0,033-0,441)=20,08 кН,
Штанганың ұзаруы ((1.26)) формуласымен)
λш=20,08·103·1500/[2,1·105·106·3,8·10-4]=0,377 м.
Штанганың төменге жүруі кезіндегі құбырдың ұзаруы ((1.28) формуласымен)
λқұб=20,06·103·1500/[2,1·105·106·11,66·10-4]=0,123 м.
мұнда ƒқұб=0,785(0,0732-0,0622)=11,66·10-4 м2.
Штанганың төменге жүруі кезіндегі кедергі күші есебінен штанганың сығылуы ((1.29) формуласымен)
λсығ.ш=4·103·1500/[2,1·105·106·3,8·10-4]=0,075 м.
Штанганың иілу есебінен болатын жүріс шығынын (1.32) формуласымен анықтаймыз, себебі Рс<10 кН.
Алдын-ала анықтаймыз:
Lсығ=4·103/[3,14·9,81(1-900/7850)]=146,7 м,
4 ·103·0,022·146,7
λи=
=0,012 м.
8·2,1·105·106·1,15·10-8
Статикалық күш әсерінен плунжердің жүрic ұзындығы
Sпл=SA-λ=2,1-(0,377+0,123+0,075+0,012)=1,513 м.
Штанга тізбегі бірсатылы болғандықтан, ал сұйықтық тұтқырлы болса, онда есептік формула ретінде (1.35) таңдаймыз:
b=0,6 деп қабылдап, β параметрін анықтаймыз:
β=bL/a=0,6·1500/5100=0,176;
shβ=(e0,176-e-0,176)/2=(1,192-0,839)/2=0,176.
µ параметрі градус бойынша
μ=0,462·180/3,14=26,480=26o29'; cos µ=0,895.
Плунжердің жүру ұзындығы (1.35) формуласы бойынша
Sпл=
-0,587=2,302-0,587=1,715 м.
1 тараудың тапсырмаларының нұсқаулары 1.6 кестесінде берілген
1.6. Кесте
