Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снарёв(оқу құралы-қаз.) - 2 ЧАСТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
533 Кб
Скачать
☆

1.6. Шгсқ-ы қолдану кезіндегі апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу

СКҚ-ы апаттық күштеме ұңғымаға сорапты түсіру немесе жұмыс процесінде штанганың үзіліс жағдайында туындайды:

Рқ.ав=Рқұб+Рш.с+Рс+Рі ш, (1.52)

мұнда Рқұб-құбырдың сұйықтыққа батырылуын ескермеген кездегі салмағы; Рш.с-штанганың сұйықтыққа батырылуын ескергендегі салмағы; Рс-құбырдағы сұйықтық бағанының салмағы; Ріш-жыртылған штанга тізбегінің массасынан инерция күші.

СКҚ-ң тізбек салмағы анықталады:

Рқұб=Lқұб q­құб g, (1.53)

мұндағыLқұб –СКҚ тізбегінің ұзындығы;q­құб –жалғастырғышты ескергендегі СКҚ-ң п.м массасы; g- еркін түсу үдеуі.

Егер сораптың динамикалық деңгей асты үлкен тереңге түсуі қарастырылса, онда сұйықтықтағы жеңілдеуін ескеру қажет:

Рқұб=Lқұб1 q­құб g+=Lқұб2 q­құб g[1-ρc/ ρқұб], (1.54)

мұнда Lқұб2 –динамикалық деңгейден төмен СКҚ-ң тізбек бөлімінің ұзындығы.

Сұйықтықтағы штанганың салмағы

Рш.с=Lш q­ш g[1-ρc/ ρшт], (1.55)

Мұндағы Lш –штанга тізбегінің ұзындығы; qш штанга тізбегінің п.м массасы; ρшт –штанга материалының тығыздығы.

Құбырдағы сұйықтың бағанының салмағы

Рс=0,785d2 Lш ρc g, (1.56)

мұндағы d – СКҚ-ң ішкі диаметрі.

Штангалар тізбегінің үзілген кездегі пайда болатын инерция күші құлау үдеуі бойынша анықталады

(1.57)

мұнда fш -штанганың көлденең қимасының ауданы; gш-штангалардың құлау үдеуі (g=3-6 м/с2).

Штангалардың үзіліп құлауы кезінде құлау үдеуі 9,81 м/с2-қа жетуі мүмкін, бірақ СКҚ-дағы орнаған сұйықтың статикалық режиміне байланысты болады да, құлау кезіндегі пайда болатын күшті амортизациялайды. Сондықтан, олардың құлау кезіндегі үдеу шамасын 3-6 м/с2-қа тең етіп алады.

Есептеулерден алынған апаттық жүктемені есептік шектік жүктемемен салыстырамыз:

(1.58)

мұнда n=1,1-1,15.

1.7. СКҚ-ны циклдік жүктемеге есептеу

ШҰСҚ-ның жұмыс істеу кезінде СКҚ-ға циклдік жүктемелер әсер етеді. Осыған байланысты құбырлар жону жүктемесі мен төзімділікке тексеріледі.

Құбырдағы циклдік жүктеме, штанганың жоғарғы жүрісі кезіндегі сұйық бағанасының бөлігі плунжермен қабылданады да, ал төменгі жүрісі кезінде – толығымен құбырлардың өзімен қабылданады.

Осыған қарай, құбырдағы максималды жүктеме штанганың төмен жүрісі кезінде, минималды мәні– жоғарғы жүрісі кезінде болады:

Рmax құб= Рқұб.с+ Fқұб.і Ри+ Рƒ.т;

Рmin құб= Рқұб.с+( Fқұб.і - F) Ри - Рƒ.ж, (1.59)

мұндағы Рқұб.с- динамикалық деңгей астына батырылған құбырдың салмағы; Fқұб.і-құбырдың ішкі каналының қимасының ауданы; Ғ- плунжердің көлденең қимасының ауданы; Ри-сұйықтық бағанының қысымы; Рƒ.т, Рƒ.ж- сәйкесінше штанганың төменге және жоғарға жүрісі кезіндегі үйкеліс күштері. Оның мәні сұйықтағы штанга салмағының 3%–на тең деп қабылданады [24].

Құбырдағы сұйықтың бағанының қысымы

Ри= Lс ρc g, (1.60)

мұнда Lс-сораптың түсіру тереңдігі; ρс-сұйықтың тығыздығы.

Негізгі жазықтықтағы бұрандалы байланыстағы құбырдың жоғарғы қимасындағы максималды және минималды кернеулер есептеледі:

σmax= Рmax құб / Ғб; σmin= Рmin құб/ Ғб, (1.61)

мұнда Ғб- негізгі жазықтықтағы бұрандалы байланыстағы жоғарғы құбырдың көлденең қимасының ауданы. Қабырғалы сынақ нәтижесі бойынша симметриялы цикл (σ-1) кезінде құбыр материалының төзімділік шегін біле тұра, циклдік жүктеменің беріктік қорын анықтаймыз:

n= σ-1 / (kσ)dσa+φσσm. (1.62)

Мұнда σ-1 – созылу-сығылу симметриялы цикл кезіндегі коррозиялы белсенді ортадағы сынақтар кезінде анықталған құбыр материалының төзімділік шегі; (kσ)d -кернеу концентрациясын, масштабты факторды және бөлшектің беттік жағдайын ескеретін коэффициент,

(kσ)d=kσ/εσβσ; σа=σmax- σmin/2,

мұндағы σа – ассиметриялық циклдың кернеу амплитудасы; σm =(σmax+ σmin)/2 -ассиметриялық циклдің орташа кернеуі; φσ-кернеу сипаттамасы мен материалдың қасиетін ескеретін коэффициент. Ол σв=370-550 МПа материалдары үшін 0,07 – 0,09, ал σв=650-750 МПа материалы үшін φσ =0,11 -0,14 тең [6].

Есептелген беріктік қоры n=1,3-тен төмен болмауы қажет.

(1.62) формула бойынша есептегенде төзімділік шегі коррозиялы-белсенді ортадағы (негізінде-теңіз суы) стандартты тегіс үлгіге қатысты анықталатынын ескеру керек.

Құбыр материалы беріктік «Д» категориясы үшін берілгендер бойынша [20,24] ауа үшін σ-1=300 МПа және теңіз суы үшін σ-1=160 МПа.

СКҚ үшін (Кσ)d= Кσ/(εσβσ) коэффициенті анықталмаған.

МЕСТ 631 [20] бойынша бұрандалы байланысты бұрғылау құбырлары үшін берілгендерді қолданайық. 5 Кестеге сәйкес [20] диаметрі 73,89 мм болаттан жасалған σқұб =50 кг/мм2 құбыр үшін (Кσ)d=6; диаметрі 140 мм «Д» σқұб =38 кгс/мм2 құбыр үшін (Кσ)d яғни, ағу шегі өскен сайын (Кσ)d да өседі. Осындай тенденция құбыр денесі үшін де белгіленеді; диаметрі 60 мм және 140 мм «Д» құбыр үшін (Кσ)d=2,6 , диаметрі 140 мм σқұб =50 кгс/мм құбыр үшін (Кσ)d=3,4 . Осылайша, диаметрі 73 мм тегіс СКҚ-ң бұрандалы байланысы үшін (Кσ)d=4,4 – 4,5-ке тең болады.

φσ коэффициенті [20] σв =650-1000 МПа үшін 0,1-ге, ал σв =1000-1200 МПа үшін - φσ=0,2-ге тең болады.

Тапсырма 18. Диаметрі 73x5,5 мм тегіс СКҚ-ын 1450 м тереңдікке түсіргендегі циклдік жүктемесінің беріктік қорын анықтау керек, егер диаметрі 19 мм штангалы НГВ-43 қондырмалы қорап ұңғымаға түсірілсе және динамикалық деңгейі 1200 м, сорап құйрықшасы 50 м, ал ρс =850 кг/м3-қа тең болса.

Шешімі: Алдынғы тапсырманың формуласы бойынша мынаны анықтаймыз:

Рқұб.с=1200·9,5·9,81+250·9,5·9,81[1 – 850/7850]=132610 H.

(1.55) формуласымен

Рш.с=1400·2,35·9,81[1 – 850/7850]=28780 H.

Құбырдағы сұйықтың бағанының қысымын (1.61) формуласымен

Ри= Lс ρc g=(1450 - 50)850·9,81=11674 кН/м2.

Құбырдың ішкі каналының көлденең қимасының ауданы

Ғқұб.і=0,785d2=0,785∙622·10-6=3,017·10-3 м2.

Плунжердің ауданы

Ғ=0,785∙432·10-6=1,451·10-3 м2

(1.59) формуласына есептелген мәндерді қойып, Рmax құб мен Рmin құб табамыз Pf=0,03Fш.с деп алып:

Рmax құб=13610+3,017·10-3·11674·10-3+0,03·11674·28780=

=168693 H=168,6 кН

Рmin құб=13610+(3,017 – 1,451) ·10-3·11674·10-3-0,03·28780=

=150028 H=150,0 кН.

Негізгі жазықтықтағы бұранда бойынша құбырдың көлденең қимасының ауданы

Ғб=0,785[(D-2h1)2 – d2]=0,785[(73-2·1,41)2-622]10-6=

=848,6·10-6 м2.

(1.61) формуласы бойынша σmax мен σmin табамыз, одан соң σm мен σа мәндері анықталады:

σmax=168693/848,6·10-6 =198,8·106 Н/м2=198,8 МПа;

σmin=150028/848,6·10-6 =176,8·106 Н/м2=176,8 МПа;

σm=198,8+176,8/2=187,8 МПа;

σа=198,8 – 176,8/2=11,0 МПа.

Циклдік жүктеме бойынша беріктік қорын (1.62) формуласымен (kσ)g=4,5 және φσ=0,1-ге тең деп алып келесі мәнді анықтаймыз:

n=160/4,5·11,0+0,1·187,8=2,34>1,3.

Сонымен, таңдалған СКҚ циклдік жүктемелер бойынша едәуір беріктік қорына ие.