Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ практика 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тәжірибелік жұмыс

№1 тапсырма: Гипоосмолялдық және гиперосмолялдық гипогидратациялық сызбанұсқасын құру.

№2 тапсырма: Ісіну дамуында тіндегі осмостық қысымның маңызын зерттеу.

Әдісі: тәжірибеге шамамен салмақтары бірдей екі бақаны алады. Бірінші бақаның жауырын арасындағы тері астындағы лимфа қуысына 2 мл физиологиялық ерітінді салады, ал екінші бақаға-2 мл 20% хлорлы натрий жіберіледі. Бақаларды өлшегеннен соң банкаларға отырғызады. 50-60 минуттан соң бақаларға өайтадан өлшейді. Алынған мәліметтерді хаттамаға енгізіп, оны талдап қорытынды жасайды.

Хаттама кестесі

Жануарлар

Ертінділерді енгізу

Бақа салмағы

бастапқы

1 сағаттан соң

1 бақа

2.0 мл изотониялық ерітінді

2 бақа

2,0 мл 20% хлорлы натрий ертіндісі

№3 тапсырма: Ісіну дамуында гемодинамикалық фактордың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі).

Әдісі: сабаққа дейін бақаның артқы аяғына байлам салынады. Сабақта бақа аяғының байламнан төмен бөлігінде көлемінің өзгеру дәрежесін, түсінің өзгерісін анықтайды. Ісінген жеріне ине піскілеп, сұйықтық бөлінуін байқайды. Ісінудің патогенезін түсіндіреді.

№4 тапсырма: Қандағы онкотикалық қысымның төмендеуінің ісіну дамуындағы маңызы (Старлинг тәжірибесі).

Әдісі: Қимылсыз жағдайдағы бақаның кеудесі мен ішік ашады, перикардты алып тастайды, аортаны жартылай кеседі де оған шеткері жаққа бағытталған резина кигізілген түтікті орналастырады. Ол түтік 0,5% хлорлы натрия бар қоймасы қосылған. Аталған ерітіндіні бақаның қан тамырын құяды (перфузия) ертінді аортаның ісінген жерінен ағып шығады. Бақаны жағының астынғы бетінен таразыға тиіп қояды.15-30 минөт өткен соң бақаның салмағының өзгергенін, ісіну дамығанын көрсету. Бақадағы гипергидриялық өзгерістің патогенездік түсіндіру керек.

№5 тапсырма: Ісінудің патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру:

А) жүрек жеткіліксіздігінде

Б) бүйрек жеткіліксіздігінде

В) бауыр жеткіліксіздігінде

Глоссарий

Водный баланс – равновесие между поступлением и выделением воды из организма. Величина водного баланса около 2,5 л в сутки.

Су тепе-теңдігі – организмге түскен су мен шыққан су арасындағы тепе-теңдік. Су тепе-теңдігінің шамасы тәулігіне 2,5 л.

Water balance is the balance between the amount of water, absorbed into the body and that, which is eliminated from the body. Its bulk is 2.5 l per day

Положительный В.Б. - выведение воды меньше поступления (отеки, водянка, водная интоксикация)

Оң С.Т. – түскен судың шыққан судан басым болуы (ісінулер, сулану, сумен улану)

Positive WB – when water intake predominates water elimination (edema, dropsy, water intoxication)

Отрицательный В.Б - выведение воды больше поступления (обезвоживание = гипогидратация = дегидратация)

Теріс С.Т. – түскен судан шыққан судың басым болуы (сусыздану= гипогидратация = дегидратация)

Negative WB. when water elimination predominates water intake (dehydration, hypohydration, exsiccosis)

Виды обезвоживания по патогенезу (по изменению осмотического давления внеклеточного сектора)

  • Изоосмоляльное (изотоническое) - эквивалентная потеря воды и электролитов

  • Гиперосмоляльное (гипертоническое) - преимущественная потеря воды или недостаточное поступление воды

  • Гипоосмоляльное ( гипотоническое) - преимущественная потеря электролитов

(диарея, многократная рвота, чрезмерное потоотделение)

Сусызданудың патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)

  • Изоосмолялды (изотониялық) – су мен электролиттерді бірдей деңгейде жоғалты

  • Гиперосмолялды (гипертониялық) – суды артық шығару немесе оның аз түсуі

Гипоосмолялды ( гипотониялық) - электролиттерді артық жоғалту (диарея, қайталанған құсу, қатты терлеу)

Types of dehydration according to pathogenesis (changes of osmotic pressure of extracellular compartment)

  • Isoosmolal (isotonic) is equivalent loss of water and electrolytes

  • Hyperosmolal (hypertonic) is low water intake or excessive loss of water

  • Hypoosmolal ( hypotonic) is combined water and electrolytes deficiency

Водянка – скопление жидкости в полостях тела (асцит, гидроторакс, гидроперикардиум)

Сулану – сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуы (іш шемені, гидроторакс, гидроперикардиум)

Dropsy (hydrops) is accumulation of fluid in serous cavities

Отек – патологическое скопление жидкости в тканях и межтканевых пространствах вследствие нарушения обмена воды между кровью и тканями

Ісіну – қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тін мен тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы.

Edema – is abnormal and excessive accumulation of fluid in the interstitial tissue spaces due to disorders of water exchange between blood and tissues

Патогенетические факторы отеков:

1) Гемодинамический фактор - повышение гидростатического давления в венозном отделе капилляров ( фильтрация,  резорбция)

Гемодинамикалық жайт - қылтамырлардың вена бөлігінде гидростатикалық қысымның артуы (сүзілу­, резорбция¯)

Hemodynamic factor - is a rise in hydrostatic pressure at the venular end of the capillary (high filtration, low resorption)

2) Онкотический фактор - понижение онкотического давления крови в результате гипопротеинемии (гипоальбуминемии)

Онкотикалық фактор - гипопротеинемия нәтижесінде қанның онкотикалық қысымының төмендеуі (гипоальбуминемиялар)

Oncotic factor - is decreased plasma oncotic pressure (as a result of hypoproteinemia)

3) Tканевой фактор - повышение онкотического и осмотического давления в ткани в результате накопления электролитов, белков, продуктов метаболизма

Тіндік фактор – электролиттер, нәруыздар, зат алмасу өнімдері жиналуынан тіндерде онкотикалық және осмостық қысымның артуы

Tissue factor - is high oncotic and osmotic pressure of the interstitial space as a result of accumulation of electrolytes, proteins, products of metabolism

4) Сосудистый фактор (мембраногенный) - повышение проницаемости капилляров

Қантамырлық фактор - қылтамырлар өткізгіштігінің артуы

Vascular (membranogenous) factor - is increased capillary permeability

5) Затруднение оттока лимфы - в результате воспаления или тромбоза лимфатических сосудов, закупорки филяриями, повышения давления в системе верхней полой вены

Лимфа ағып кетуінің қиындауы - лимфалық тамырлардың тромбозы немесе қабынуы нәтижесінде, құрттармен бітелгенде, жоғары қуыс венасында қысым артқанда

Difficulty of lymph outflow (lymphoedema) - is the result of inflammation or thrombosis of the lymphatics, filariasis, high central venous pressure, pressure from outside on the main abdominal or thoracic duct, removal of axillary lymph nodes

6) Нейроэндокринный фактор - нарушение нервной и гуморальной регуляции водно-электролитного обмена, повышение секреции альдостерона и антидиуретического гормона

Жүйкелік-эндокриндік фактор Су – электролит алмасуының жүйкелік және гуморалды реттелулерінің бұзылуы, әлдостерон және диурезге қарсы гормонның түзілуінің артуы

Neuro-endocrine factor (sodium and water retention) - is disorder of water-electrolyte metabolism regulation. It is the increased secretion of aldosterone and vasopressin (antydiuretic hormone)

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 682-746

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  5. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с.31-38

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.52- 79

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 147-175

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 315-334.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  4. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

БАҚЫЛАУ:

Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.188-204

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырып. ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ҮЙЛЕСІМНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:

  • ҚСҮ бұзылыстарының негізгі түрлерінің даму тетіктері бойынша білім қалыптастыру

  • ҚСҮ бұзылыстарымен байланысты жағдайлардың патофизиологиялық сараптау дағдыларын үйрену

  • Топта жұмыс жасау дағдысын үйрену

  • 3 тілдегі глоссарийді қолдануды жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Ацидоздар мен алкалоздардың этиологиясы мен патогенезін зерттеуді үйрену

  • ҚСҮ бұзылыстарының әртүріндегі зақымдану құбылыстары мен қорғану-бейімделу тетіктерін ажыратуға үйрену.

  • Ацидоздар мен алкалоздарды диагноздау үшін ҚСҮ көрсеткіштерінің өзгерістерін сараптауды үйрену

  • Топта жұмыс істей білуге үйрену (өз пікірін қорғай білу, басқа пікірлерге де құлақ асу).

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ҚСҮ бұзылыстарының патогенезі мен бейімделу дәрежесіне қарай жіктелуі.

  2. Газдық ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі бұзылыстар.

  3. Газдық емес ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі бұзылыстар

  4. Газдық алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі бұзылыстар

  5. Газдық емес алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі бұзылыстар

  6. Ауыз қуысындағы ҚСҮ бұзылыстары, сілекейдің рөлі. рН деңгейі мен кариестің дамуының байланыстылығы.

  7. ҚСҮ бұзылыстарды реттеудің патогенездік ұстанымдары.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша дискуссия, «ҚСҮ бұзылыстары» мультимедиялық көрсетілімін көрсету, аз топтарда патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, ситуациялық есептер шығару.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептер шығару, тестілеу.