- •Құқық негіздері
- •Құқық негіздері
- •Павлодар Кереку
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
- •1 Мемлекет,құқық және мемлекеттік –құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
- •1.1 Мемлекет түсінгі, белгілері , функциясы және механизмі
- •1.2 Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
- •1.3 Құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері
- •2.1 Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері
- •2 Қр Конституциялық құқығының негіздері
- •2.2 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж қр Конституциясы: мазмұны, мәні. Қр конституциялық құрылысы
- •2.3 Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •3 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
- •3.1 Құқық қорғау органдардың түсінігі және қызметі
- •3.2 Құқық қорғау органдардың жүйесі
- •3.3 Прокуратура органдарының өкілеттігі
- •4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы
- •4.2 Қазақстан Республикасының Парламенті
- •5 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері
- •5.1 Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •5.2 Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі
- •5.3 Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет
- •6 Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •6.1 Азаматтық құқық түсіні, пәні және азаматтық-құқықтық қатынас
- •6.2 Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі
- •6.3 Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі
- •7 Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
- •7.1 Салық түсінігі, мәні және белгілері
- •7. 2 Салық элементі және оның жіктелуі
- •8 Қазақстан Республикасының енбек құқығының негіздері
- •8.1 Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
- •8.2 Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
- •9 Қазақстан Республикасының экологиялық және жер құқығы
- •9.1 Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
- •9.2 Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
- •9.3 Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау және экологиялық құқықтағы жауаптылық
- •10 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының негіздері
- •10.1 Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері
- •10.2 Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы
- •10.3 Қылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері
- •11 Қазақстан республикасының іс жүргізу құқығы
- •11.1 Азаматтық іс жүргізу ұғымы
- •11.2 Азаматтық іс жүргізу сатылары
- •2) Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы.
- •3) Сотта іс қарау сатысы.
- •5) Сот актілерін орындау сатысы.
- •11.3 Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі
- •11.4 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
- •10.5 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы
- •10.6 Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі
- •1. Мемлекет пен құқық теориясының негіздері:
- •2. Конституциялық құқық негіздері
- •3. Қазақстан Республикасы адам мен азамат жағдайының конституциялық негіздері
- •4. Әкімшілік құқық негіздері
- •Реферат тақырыптары
- •Бақылау сұрақтары
- •Қосымша тапсырмалар
- •1 Кроссворд құрау
- •2 Жеке еңбек шартын жасау
- •3 Неке шартын жасау
- •4 Сату-сатып алу шартын жасау
- •5 Реферат дайындау
- •Тесттер
- •2 Нұсқа «Құқық негіздері»
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
11.3 Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелігін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажыраты білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне жалпы ережелер Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөлімінебірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуге, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.
11.4 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқытық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары- азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең». Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі номативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерімі көрсетілмесе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚРАІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе№ Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
