Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1708_ahmetov_e._b_khukhikh_negizderi_studentter...docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
201 Кб
Скачать
☆

5 Реферат дайындау

Реферат белгілі бір тақырып бойынша студентке өздік жазбаша жұмысы болып табылады. Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша әдебиетке талдау жасап, ғылыми материалдарды жүйелеу керек.

Рефераттың құрылымы:

1) Реферат:

а) сыртқы беттен;

б) мазмұны;

с) кіріспе:

д) негізгі бөлім;

е) қорытынды;

ж) пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралуы керек.

Көлемі 20-25 бет басылған мәтін болуы керек.

Мазмұнына қойылатын талаптар:

1) Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, историографиялық шолу, зерттеудің мақсат-міндеттері, тәжірибе жүзінде маңыздылығы, (мөлшермен кіріспенің көлемі 1–2 бет);

2) Негізгі бөлім зерттелетің тақырып бойынша ғылыми материалды талдаудан тұрады. Негізгі бөлімнің материалы тарауларға бөлінеді (негізгі бөлімнің көлемі –15–20 бет).

3. Қорытынды зерттеудің қорытындылары бойынша өте қысқа көлемде болуы керек.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі келесі құрылымдардан тұрады:

- алфавиттік тәртіп бойынша;

- тақырыптық – хронологиялық;

- қайнар көзі бойынша.

- Қосымшаға зерттеу жүргізілген қосалқы материалдар:

репродукциялар, иллюстрациялар, құжаттардың көшірмесі, фотосуреттер, суреттер, схемалар,кестелер, статистикалық мәліметтер.

Ресімдеу ережелері: ақ шет міндетті түрде сақталуы керек: сол жақ ақ шет –20 мм, төменгі- 20-мм, оң жақ –15мм.

Тесттер

1. ҚР-сы құралады:

А) одақтас республикалардан;

Б) әкімшілік-аумақтық бөліністерден; В) ұлттық округтерден.

2. Құқық дегеніміз не?

А)тәртіп; Б) мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы; В)міндет.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша білім алудың қандай түрі тегін?

А) кәсіби;

Б) міндетті орта; В)арнайы орта.

4. ҚР-ның Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау кім?

А) президент;

Б) парламент;

В) халық.

5. Төменде көрсетілген органдардың ішінен қайсысының ҚР-сы Конституциясының нормаларына ресми түсінік беруге құқығы бар?

А) прокуратура;

Б) конституциялық кеңес;

В) Жоғарғы сот.

6. Жергілікті мемлекеттік атқару органының басшысының лауазымы қалай аталады?

А) мэр;

Б) әкім;

В) референт.

7. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңы қашан қабылданды:

А) 2000 ж;

Б) 1999 ж.;

В) 2002 ж.

8. Мүліктік және мүліктік емес қатынастарды қай құқық саласы реттейді?

А) конституциялық;

Б) отбасылық;

В ) азаматтық.

9. Неке мынадай жағдайларда бұзылады:

А) Ата-анасының өтініштері бойынша;

Б) Ерлі-зайыптылардың біреуі қаза болған жағдайда;

В) Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша.

10. Судьялардың өкілеттік мерзімі қанша жыл?

А) өмірлік;

Б) 2 жыл;

В) заңда көрсетілмеген.

2 Нұсқа «Құқық негіздері»

1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теологиялық теорияның мәнi неде?

А) Құдай жаратты; Б) Адамның табиғатынан туындайды; В) Ұлттық ерекшелiктердi есепке ала отырып туындайды; Г) Өздiгiнен туындайды; Д) Адамдардың психикасынан туындайды.

2. Мемлекеттiң пайда болуы туралы патриархалдық теорияның негiзiн қалаушысы кiм?

А) Августин;

Б) Радищев;

В) Аристотель;

Г) Маркс;

Д) Спенсер.

3. Дұрыс емес жауапты көрсет. Мемлекеттің ішкі функциясының салаларына жатады:

А) Экономикалық функция;

Б) Әлеуметтік функция;

В) Идеологиялық функция;

Г) Саяси функция;

Д) Экологиялық функция.

4. ҚР-сы құрылады

А) автономиядан;

Б) штаттардан;

В) одақтас республикалардан;

Г) әкімшілік-аумақтық бөліністерден;

Д) ұлттық округтерден.

5. Басқару нысанының қандай түрлерi бар?

А) Унитарлық және федеративтi;

Б) Республика және монархия;

В) Демократия және деспотия;

Г) Күрделi және жай;

Д) Орталық және жергiлiктi.

6. Құқық дегеніміз не?

А) дәстүр;

Б )тәртіп;

В) мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы; Г) салт;

Д) міндет.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша білім алудың қандай түрі тегін?

А) жоғары;

Б)кәсіби;

В) арнаулы;

Г) міндетті орта; Д) арнайы орта.

8. Конституциялық құқық қандай қарым-қатынасты реттемейді:

А)Мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын Б)Мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды В)Сайлау жүйесінің негіздерін Г)Тек қана саяси-құқықтық механизмдердi Д)Мемлекеттік билікті іске асыру тетіктерін реттейді және белгілейді.

9. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылдады:

А)1991жыл Б)1993 жыл В)1995 жыл Г)1977 жыл Д)1978 жыл

10. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі:

А)Территориялық құндылықтар Б)Мемлекет, халық, заңды тұлға В)Азаматтардың міндеттері, қажетті мінез-құлық Г)Оқиғалар, субъектінің Д)Меншік

11. ҚР-ның Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау кім?

А)президент Б)парламент В)үкімет Г)халық Д)Үкімет

12. Төменде көрсетілген органдардың ішінен қайсысының ҚР-сы Конституциясының нормаларына ресми түсінік беруге құқығы бар?

А)прокуратура Б)конституциялық кеңес В)Жоғарғы сот Г)Үкімет Д)Ұлттық қауіпсіздік комитеті

13. ҚР-ның Үкіметі қандай билікті жүзеге асырады?

А)заң шығару;

Б)сот;

В) атқару;

Г) қоғамдық;

Д) әкімшілік.

14. Жергілікті мемлекеттік атқару органының басшысының лауазымы қалай аталады?

А) мэр;

Б) губернатор;

В) әкім;

Г) референт;

Д) спикер.

15. Ең жоғарғы заң шығару органы қабылдайтын құқықтық кесім қалай аталады?

А) бұйрық;

Б) шешім;

В) заң;

Г) үкім;

Д) меморандум.

16. ҚР-да қос азаматтыққа жол беріле ме?

А) беріледі;

Б) берілмейді;

В) ерекше жағдайда берілед;

Г) оны азаматтың өзі шешеді;

Д) Президент шешімімен берілед.

17. Әкімшілік жазалаудың ең көп тараған түрі:

А)сөгіс; Б) айыппұл;

В) салық салу;

Г) қарызды қайтару;

Д) тәртіптік жазаға тарту.

18. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңы қашан қабылданды:

А) 2000 ж;

Б) 1999 ж.;

В) 2001 ж.;

Г)2002 ж;

Д) 2003 ж.

19. Еңбек шарты қандай мерзімге жасалады?

А) екі жылдан аспайтын уақытқа;

Б) белгісіз мерзімге;

В) үш жылдан аспайтын мерзімге;

Г) маусымдық мерзімге;

Д) барлық аталған мерзімге.

20. Еңбек заңы бойынша жалақының төлену мерзімдері:

А) айына 1 рет;

Б) апта сайын; В) заңда көрсетілмеген; Г) айын екі рет; Д) 2 ай сайын.

21. Мүліктік және мүліктік емес қатынастарды қай құқық саласы реттейді?

А) қылмыстық;

Б) әкімшілік;

В) конституциялық;

Г) отбасылық;

Д) азаматтық.

22. Заң бойынша белгіленген неке жасы:

А) 20 жас;

Б) 16 жас;

В) 17 жас;

Г) 18 жас;

Д) 19 жас.

23. Неке мынадай жағдайларда бұзылады:

А) Ата-анасының өтініштері бойынша;

Б) Сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;

В)Ерлі-зайыптылардың біреуі қаза болған жағдайда;

Г) Қылмыс жасағаны үшін 2 жылға сотталса;

Д) Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша.

24. Мемлекеттiң сыртқы функциясы болып табылады:

А) Салық салу;

Б) Елдiң қорғанысы;

В) Меншiктi қорғау;

Г) Құқықық тәртiптi қорғау;

Д) Әскерде қызмет ету.

25 Судьялардың өкілеттік мерзімі қанша жыл?

А) өмірлік;

Б) 5жыл;

В) 2 жыл;

Г) заңда көрсетілмеген;

Д) 7 жыл.