- •Құқық негіздері
- •Құқық негіздері
- •Павлодар Кереку
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
- •1 Мемлекет,құқық және мемлекеттік –құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
- •1.1 Мемлекет түсінгі, белгілері , функциясы және механизмі
- •1.2 Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
- •1.3 Құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері
- •2.1 Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері
- •2 Қр Конституциялық құқығының негіздері
- •2.2 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж қр Конституциясы: мазмұны, мәні. Қр конституциялық құрылысы
- •2.3 Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •3 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
- •3.1 Құқық қорғау органдардың түсінігі және қызметі
- •3.2 Құқық қорғау органдардың жүйесі
- •3.3 Прокуратура органдарының өкілеттігі
- •4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы
- •4.2 Қазақстан Республикасының Парламенті
- •5 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері
- •5.1 Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •5.2 Қазақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі
- •5.3 Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет
- •6 Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •6.1 Азаматтық құқық түсіні, пәні және азаматтық-құқықтық қатынас
- •6.2 Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі
- •6.3 Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі
- •7 Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
- •7.1 Салық түсінігі, мәні және белгілері
- •7. 2 Салық элементі және оның жіктелуі
- •8 Қазақстан Республикасының енбек құқығының негіздері
- •8.1 Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
- •8.2 Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
- •9 Қазақстан Республикасының экологиялық және жер құқығы
- •9.1 Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
- •9.2 Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
- •9.3 Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау және экологиялық құқықтағы жауаптылық
- •10 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының негіздері
- •10.1 Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері
- •10.2 Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы
- •10.3 Қылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері
- •11 Қазақстан республикасының іс жүргізу құқығы
- •11.1 Азаматтық іс жүргізу ұғымы
- •11.2 Азаматтық іс жүргізу сатылары
- •2) Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы.
- •3) Сотта іс қарау сатысы.
- •5) Сот актілерін орындау сатысы.
- •11.3 Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі
- •11.4 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
- •10.5 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы
- •10.6 Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі
- •1. Мемлекет пен құқық теориясының негіздері:
- •2. Конституциялық құқық негіздері
- •3. Қазақстан Республикасы адам мен азамат жағдайының конституциялық негіздері
- •4. Әкімшілік құқық негіздері
- •Реферат тақырыптары
- •Бақылау сұрақтары
- •Қосымша тапсырмалар
- •1 Кроссворд құрау
- •2 Жеке еңбек шартын жасау
- •3 Неке шартын жасау
- •4 Сату-сатып алу шартын жасау
- •5 Реферат дайындау
- •Тесттер
- •2 Нұсқа «Құқық негіздері»
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
3 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
3.1 Құқық қорғау органдардың түсінігі және қызметі
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:
1) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;
2) заңды істерді қарау және шешу жолымен;
3) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
3.2 Құқық қорғау органдардың жүйесі
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар:
1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады;
2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды;
3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;
4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;
5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т.б. Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу...
Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
