Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЛМИПИ казахский.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Пәнді жүргізетін, оқытушы Дюсембаева Куляш Шарановна, доцент, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты

Байланыс ақпараттары 2-57-70-56, dusembaeva@mail.ru

Кафедрадағы жұмыс уақыты БОҒ 210 бөлме, 8.30 – 17.00

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пәннің аты – «Пайдалы қазба кенорындарын зерттеудің лабораториялық әдістері»

Кредит саны – 3

Пәннің өтетін орны – 505 БОҒ

1-кесте .

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Се­местр

Кре­дит

Академиялық сағат саны

Бақы-лау түрі

Лек

ция

Лаб. сабақ

Практ. сабақ /семин. сабақ

СӨЖ*

СОӨЖ*

Бар-лығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

1

3

1

2

-

3

3

9

Емти-хан

1.3 Пререквизиттері: физика, химия, жалпы геология, палеонтология, минералогия және кристаллография, петрография, кристалоптика.

1.4 Постреквизиттері: Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау, генетикалық минералогия.

1.5 Курстың қысқаша сипаттамасы: Рудалық кенорындардың жаралуы жағдайын, әртүрлі өнеркәсіптік типтерін және болжамдық-минерагениялық зерттеулерде атқаратын басты ролі, рудалық микроскоп бойынша негізгі теориялық және қолданбалы мәселелерін қарастыру.

Рудалық кенорындардың минералдық құрамын зерттеу бойынша алған білімдерін руданы байытумен байланысты генетикалық мәселелерді шешуде қолдана алады.

Берілген курс микроскоппен рудалық минералдарды анықтауды меңгеру, талдамалардың бітімдік-құрылымдық зерттеулер негізін, парагенетикалық минералдық ассоциацияларын, минералдардың типоморфизмін зерттеуде негізгі мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Рудалық заттарды зерттеудегі және оларды қолданудың әртүрлі аналитикалық әдістермен студенттерді таныстыру

1.6 Тапсырма түрлері және тізімі, оларды орындау уақыты:

1. Шағылған жарықта рудаларды зерттеудің микроскопиялық әдісі.

2. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері.

3. Айқас никольде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері.

4. Рудалық минералдардың физикалық қасиеттері және оларды зерттеу әдістері.

5. Микроскоппен рудалық минералдарды анықтау тізбегі.

6. Рудалардың бітімдері. Бітім түрлерінің морфогенетикалық топтары және морфогенетикалық түрлері.

7. Рудалардың құрылымдары. Құрылым түрлерінің морфогенетикалық топтары және морфогенетикалық түрлері.

8. Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары.

9. Туынды бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары.

10. Минералдардың парагенетикалық ассоциациялары. Минералданудың этаптары және стадиялары. Минералжаралудың тізбектелу сұлбасы.

11. Рудаларда минералдардың парагенетикалық қарым-қатынасы.

12. Минералдардың типоморфизмі және генерациясы.

13. Заттарды зерттеудің аналитикалық әдістері және олардың қолданылуы.

14. Минералогиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері (электрондық микроскопия).

15. Минералогиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері (рентгендік- құрылымдық талдау және электронды-зондтық микроталдау).

2-кесте.