- •Пайдалы қазбаЛарды зерттеудің лабораториялық әдістері
- •5В070600 – « Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешені Алматы 2012
- •Мазмұны
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.6 Тапсырма түрлері және тізімі, оларды орындау уақыты:
- •Тапсырма түрлері, оларды орындау уақыты
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Курстың саясаты және процедурасы.
- •Белсенді таратылатын материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының конспектілері
- •– Лекция. Бір николде рудалық минералдардың оптикалық қасиеттері.
- •I. Жақынбіруақытты түзілімдерді дәлелдеу.
- •II. Түзілімдердегі әруақыттылықты дәлелдеу
- •Кендердің бітімдері
- •Бітімдердің морфогенетикалық топтар мен морфологиялық түрлері
- •Ι. Біртекті бітімдер
- •Ιι. Біртекті емес бітімдер
- •1. Таңдақты бітімдер кіретін топтар
- •2. Ұзартылған бітімдер кіретін топ
- •3. Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ
- •4. Катаклаздық және кластық бітімдерді кіргізетін топ
- •5. Коррозиялық бітімдерді кіргізетін топ
- •6. Қаңқалық бітімдерді кіргізетін топ
- •1. Таңдақты және ұзартылған бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •2. Сауысты, катакластикалық және кластикалық бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •3. Коррозиялық және қаңқалы бітімдері кіретін топтың қысқаша сипаттамасы.
- •Кендердің құрылымы
- •Құрылымдардың морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері Құрылымдарды зерттеу әдістері
- •Құрылымдардың топтары мен түрлері
- •1. Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар
- •2. Коррозиялық құрылымдар
- •3. Метатүйірлік құрылымдар
- •4. Коллоидтық құрылымдар
- •5. Кристаллобластық құрылымдар
- •6. Катакластық және кластық құрылымдар
- •Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары
- •Лекция 15. Минералогиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері (Заттарды рентгендік құрылымдық, электронды – зондты микроталдау)
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Елек өткізу деген не?
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыс жасау жоспары (соөж)
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыс жасау жоспары (сөж)
- •2.6 Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •1. Алтынкенді кенорындарының кварцты-желілі типі бойынша курстық жұмыстар:
- •Алтын кенді кешенді кенорындар бойынша курстық жұмыстар:
- •4. Қалайы-мырыш стратиформды кенорны бойынша курстық жұмыстар:
- •5. Скарнды кенорындар бойынша курстық жұмыстар:
- •Сирек металл кенорны бойынша курстық жұмыстар:
- •2.7 Курстық жұмысқа қойылатын талап
- •2.8 Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Пайдалы қазбаЛарды зерттеудің лабораториялық әдістері
- •5В070600 – « Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешені
Глоссарий
Анализатор – үйектелген жарықтың деңгейін анықтайтын объектив пен окулярдың арасындағы құрал.
Анизотропия – сингониясы кубтық емес минералдың микроскоптың үстелшесін айналдырғанда түсін өзгерту қасиеті.
Ішкі рефлекстер - минералдың ішкі элементі мен түйірдің шекарасынан шағылатын түсті және түссіз сәуле (жарылым, жіктілік, қатты және сұйық қоспалар).
Беткі (бос) таужыныстар – рудалы массамен бірге жер қойнауынан алынатын таужыныстары.
Геологиялық формация – уақыт және кеңістік бойынша парагенетикалық байланысқан таужыныстардың табиғи комплексі және олармен бірігетін минералдың кенорындары
Ұя –рудалық заттардың шағын изометриялық шоғырлары.
Қосарланған – кристал индивидттерінің бірге тұтасуының нәтижесінде пайда болған күрделі кристалдар.
Қосарланашағылу – поляризатормен бірге микроскоптың үстелін 3600-қа айналдырғанда рудалы анизотропты және желілі минералдарда байқалатын минералдың өзіне тән қасиеті
Желілер – таужыныстарында жарықшақ түрінде көрінетін эпигенетикалық рудалық құрылым
Минералдың зональдығы – минералдар ядросының айналасында ретпен орналасқан концентрлі - қабаттық құрылым.
Идиоморфизм – минерал түйірлері қырларының сақталу дәрежесі
Идиоморфты минералдар – кристалдық пішіні дұрыс минерал индивидтері
Изотропты минералдар – микроскоптың үстелшесін 3600-қа айналдырғанда түсі қара болып, жарыққа шағылмайтын кубтық сингониялы минералдар.
Ксеноморфты минералдар – пішінсіз немесе басқа минералдар индивидттерін қайталайтын қырланбаған немесе кей жерлері қырланған минерал индивидттері.
Линза – дискі немес лента пішінді тегіс дене
Магниттілік – магнит өрісінде туындап пайда болатын шағын топты минералдарға тән қасиет
Кенорын – жеке геологиялық құрылымға кіретін бір немесе бірнеше рудалық дене. Өлшемі бірнеше ондаған кв. км-ге жетеді.
Пайдалы қазбалар кенорындары – өзінің сапалық, сандық, тау-кен техникалық, география-экономикалық, және геоэкологиялық параметрлері тиімді игеруге сәйкес келетін табиғи немесе техногендік минералдық шикізаттың шоғырлары.
Метатүйірлер – пішіні бұрыс метасоматоздық минерал түйірлері.
Метакристалдар – идиоморфтық және гипидиоморфтық метасоматоздық минерал түйірлері
Рудалық минералдың микроқаттылығы– микроскопта алмастың ұшымен белгілі бір салмақпен жаншу арқылы анықталатын минералдың сандық қаттылығы
Минераграфия – шағылған жарықта жалтыратылған руда үлгісін немесе мөлдір емес минералды микроскоппен зерттеу әдісі.
Минералды агрегат –белгілі бір парагенетикалық ассоциацияда минералдың тұтасуы.
Минералды ассоциация – бұл минералжаралу процесінің бір кезеңіндегі физика-химиялық жағдайлары ұқсас геологиялық жастары ретпен келетін минералдық парагенетикалық ассоциацияның қатарынан тұратын минералды дене.
Минералды шикізаттар (пайдалы қазбалар) - адамның практикалық іс-әрекетінде өңделген немесе өңделмеген күйінде пайдаланылатын табиғи немесе техногендік минералдық құрылым
Опак – иллюминатор – тік бағытта шағылысып құлайтын жарықты алуға арналған құрал
Шағылу – минералдың жалтыратылған бетіне белгілі бір мөлшерде түскен жарықты шағылдыру қасиеті
Парагенетикалық минералдар ассоциациясы – бірдей физика-химиялық жағдайда, минералжаралу процесінің бір стадиасында қалыптасқан минерал агрегаттарын құрайтын минералдар тобы.
Шағылу плеохроизмі – қосарлана шағылудың нәтижесінде минералдың түсін өзгерту қасиеті
Қабат – су бассейнінде шөгінді таужыныстарымен бірге қалыптасқан пайдалы қазбалардың тегіс, пластина тәрізді денелері
Пайдалы компонент - өнеркәсіпке пайдаланылатын және өндірілетін зат болып саналатын минералдар, химиялық қоспалар немесе элементтер
Кальба жолағы – минералдың қаттылығын салыстырмалы түрде анықтайтын оптикалық эффект
Поляризатор – сәулелер түйіндерін жарықтандыру жолағы опак-иллюминатордың орналасқан қондырғы
Өнеркәсіптік концентрат (өнеркәсіптік өнім) - өнеркәсіпте әрі қарай пайдалануға қажетті руданың өңделген және байытылған өнімдері
Бедер – бақыланатын минерал түйірлерінің жиегіндегі минералдың дөңес бетінің саны
Руда – жер қойнауынан тиімді түрде пайдаланылатын құрамында пайдалы компоненттері бар табиғи немесе техногендік жаралым
Рудалық формация – бірнеше кенді құрылымдардың табиғи түрдегі шоғырлануы
Рудалы аймақ (поле) – бір-біріне генетикалық жағынан ұқсас, бір уақытта қалыптасқан жердің шағын бір учаскесі
Рудалық дене – экономикалық жағынан тиімді болатын, контурмен шектелген минерал шикізаттарының бетіндегі немесе жерқойнауында шоғырланған кен.
Рудалық білінім – практикалық түрде қоры ашылмаған, бірақ өзінің сапалық параметрлері бойынша өнеркәсіптің талабына сәйкес келетін минералдық шикізаттар шоғыры
Рудалы белдем – жеке геологиялық құрылымға бағынатын рудалық денелер жиынтығы
Рудалы, рудасыйыстырушы тау жыныстары – құрамында руда бар тау жыныстары және геологиялық құрылымның жеке элементтері
Рудалы минералдар – пайдалы компоненті бар химиялық қоспалар немесе жеке элементтер
Рудалы аудан – белгілі бір тектономагмалық және литология-фациялық жағдайларда өте ірі түрде кездесетін кенорындардың жергілікті шоғыры
Рудалы бағана – қалыңдығы 1-ден артатын, құрамында пайдалы компоненттері бар кенді дене учаскесі
Сепарация – жеке минералдармен немесе мономинералдармен байытылған минералды қоспалардың фракцияға бөлінуі
Жолай кездесетін бейрудалы (желілі) минералдар – руданың құрамында кездесетін, бірақ пайдалы компоненттері жоқ минералдар
Стадия – парагенетикалық минералдар ассоциациясының белгілі бір уақытта түзілуі
Құрылым – минерал түйірлерінің ұлғаю өлшемдері арқылы пішінін қалыптастыратын минералды агрегаттардың құрылымы
Рудалық минералдың қаттылығы – жалтыратылған бетін сызғанда көрсететін тегеуріні
Минералдар типоморфизімі – өзінің типоморфты ерекшеліктері арқылы генетикалық сипатталатын минералдың қасиеттері
Типоморфты минералдар – белгілі бір жағдайда жаралған, сондықтан
Типоморфты минералды ассоциация – бір біріне жақын геологиялық және физика-химиялық жағдайларда қалыптасатын минералдар жиынтығы
Құбыр, түтік және құбыр, бағана тәрізді шоғырлар – ұзын бірбір ось бойымен созылып жатқан рудалық дене
Флотация – ажыратылатын компоненттердің физика-химиялық қасиеттерін ажыратуға негізделген заттардың бөліну әдісі
Қалдықтар – руданы өңдеу мен байыту кезіндегі қалдықтар
Минералдың түсі – минералдың сипаттамасы мен диагностикасының маңызды белгілері болып саналатын минералдың физикалық қасиеті
Моос шкаласы – 10 балдық шкаладағы салыстырмалы түрде қаттылығына байланысты ретімен орналасқан минералдар тобы
Түпшайма – табиғи борпылдақ шөгінділерді немесе бөлшектенген таужыныстары мен руданы шайғаннан қалған ауыр металдардың концентраты
Кезең – минералдар ассоциацияның қалыптасу уақытына сәйкес келетін белгілі бір уақыт аралығы
Куляш Шарановна Дюсембаева
Шакирова Гүлімшат Сатыбалдиевна
