Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЛМИПИ казахский.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

I. Жақынбіруақытты түзілімдерді дәлелдеу.

1. Біруақытта шөгу

а) аллотриоморфты түйірлердің агрегаттары, егер әсіресе олар барлығы бірдей өлшемді болса;

б) концентрлік және жолақты құрылымдар, гель қоймалжыңдарынан бірқалыпты шөгуді түсіндіруге болады.

2. Түзілімдердің үздіксіздігі

а) түйірлер аралығындағы түзу немесе қисық жапсарласуы;

б) рудалық компоненттерді интерстицияларында (аралық) немесе басқа минералдың түйір аралықтарында орналасуы, әдетте неғұрлым ірі өлшемділерінде;

в) графикалық бітісе өсудің болуы;

г) бір минералдың басқаларда кездесуі мынадай жағдайларда егер: а) кірмелер, жұқа өлшемдері домалақ не сопақша шариктер, сирек пішінсіз болып келеді; б) кірмелер симметриялы бағытталған және олар көп емес; в) минерал түйірлері концентрлік кезектесіп жолақтармен орналасқан; г) бір минералдың түйірлері белдемді құрылымды.

II. Түзілімдердегі әруақыттылықты дәлелдеу

  1. Кейбір графикалық құрылымдар;

2. Жиектік құрылымдар. Әсіресе түйір аралығындағы шекаралары және қоршалған жиектері тең емес;

3. Бір минералдың басқа минералдардағы кірмелері. Кірме минералдар бастапқы минералдармен салыстырғанда пішінсіз томпақ және шеттері иректелген болып келеді. Сонымен қатар, минералдардың үлкен кристалдану күші бар және кірме шекараларының жаралуына әсер етуі мүмкін минералдарға мән беру қажет.

4. Коррозиялық құрылымдар. Орын басқан және орын басушы минерал арасындағы шекаралары пішінсіз, иректелген және томпақ болып келеді. Мұндай шеттері (шекара сипаттамасы) орын басу процесінің әрекеттерін көрсетеді.

5. Қиылысу құрылымдары. Бір минералдың басқа минералдардағы желілері. Мұндай жағдайда жастарына ғана емес, алғашқы стадияларымен не этаптарымен, деформация процестерімен жүргенін көрсетеді.

6. Псевдоморфозалар. Бір минералдың басқа минералдардағы псевдоморфозалары. Бұл құрылымдар орын басуды көрсететін сенімді белгі қызметін атқарады.

7. Иректелген құрылымдар және кірігу құрылымдары.

1нег. [187-190 б.], 3 нег. [ 136-137 б.], 8 нег. [303-307 б.]

Бақылау сұрақтары:

1. Минералдардың біруақыттағы түзілімдердің негізгі белгілері.

2. Қандай құрылымдар түзілімдердің әртүрлі уақыттылығын көрсетеді.

3. Рудалық минералдардың жоғары кристалдану ерекшеліктері және аллотриофорфты, идиоморфты түйірлерді атаңыз.

6 – лекция. Рудалардың бітімдері. Бітімдердің морфогенетикалық топтары және морфологиялық түрлері.

Бітім деп, белгілі бір пішіні бар, минералдық агрегаттарының мөлшері қосарланып тұтасуымен сипатталатын руданың құрылысы. Бітімнің морфологиялық бірлігі болып, жаралуы белгілі бір генетикалық жағдайда болған минералдық агрегаттар саналады.

Минералдық агрегаттар деп - белгілі бір парагенетикалық ассоциацияда қосарланып өскен минералды айтуға болады. Минерал агрегаттары рудада белгілеріне байланысты бөлінеді (заттық құрамы, пішіні, өлшемі және агрегаттың ішкі құрылымы).

Кендердің бітімдері

Бітімдер морфогенетикалық топтарға бөлінеді де, минералды агрегаттардың пішініне тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді, олар кендердің түзілу жағдайлары мен өзгерістері туралы мәліметтейді. Бітімдердің тоғыз морфогенетикалық тобы бөлінген: таңдақты, ұзартылған, друзалық және жеодалық, сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық), катаклаздық және кластық (сынықты), керіштік, органогендік, коррозиалық, қаңқалық. Әрбір морфогенетикалық топта бітімдердің морфологиялық түрлері бөлінеді.

Бітімнің морфологиялық түрін анықтауында пішінге, өлшемге, құрылысына, кеңістік бағдарына және морфологиялық бірліктерінің – минералды агрегаттардың бір-бірімен бірігіп өсу ерекшелігіне көніл бөлінеді.