- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (поәк)
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы саясаттану
- •2. Пәнді оқыту бағдарламасы – силлабус
- •Силлабус
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1 Курстың тақырыптық жоспары.
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы ақпарат.
- •7.Курстың саясаты және процедурасы.
- •9. Жұмыстық оқу жоспарында бұл пәннен курстық жұмыс қарастырылмаған.
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оларды орындау графигі
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тапсырмалары.
- •12. Әдебиеттер тізімі.
- •3. Дәрістік кешен Дәріс 1. Кіріспе. Саясаттану – ғылым.
- •Дәріс 2. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.
- •Дәріс 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясаттану.
- •Дәріс 4. Билік саяси феномен ретінде.
- •Дәріс 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
- •Дәріс 6. Қоғамның саяси жүйесі.
- •Дәріс 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •Дәріс 8. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.
- •Дәріс 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
- •Дәріс 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
- •Дәріс 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
- •Дәріс 12. Саяси технологиялар.
- •Дәріс 13. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
- •Дәріс 14. Саяси болжамдау.
- •Дәріс 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
- •4. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •5. Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.
- •Соөж тапсырмаларын меңгеруге арналған оқу-әдістемелік материалдар
- •Соөж 2. Қазақстан саяси ойларының тарихы.
- •Реферат
- •«Саясаттану» пәнінен тест сұрақтары
- •Тест тапсырмалары
- •10. Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі.
Дәріс 13. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Дәріс мақсаты: саяси ойлар тарихындағы халықаралық қатынастар түсігіне, теорияларына тоқтала отырып, оның зерттеу оъектісін, пәнін қарастыру. Әлемдік саясат, сыртқы саясат және геосаясат, ұлттық мүдде сияқты құбылыстарға талдау жасап, Қазақстан Республикасының халықаралық саясатқа араласуын қарастыру.
Басты ұғымдар: сыртқы саясат, әлемдік саясат, халықаралық субъектілер, халықаралық қақтығыстар, халықаралық қатынастар, геосаясат, ұлттық мүдде, халықаралық қауіпсіздік.
Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі.
Халықаралық қатынастар субъектілері. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.
Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері. Халықаралық қақтығыстар.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты.
Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саясаттың көп қырлы, ерекше құбылыс болғандықтан, оны тек бір ғана қоғамдық қатынас немесе жеке адамдардың қатынасы деңгейінде қарастыру оның ерекшелігін ашпайды.
Тар мағынада алғанда, халықаралық қатынастар деп мемлекетаралық немесе үкіметаралық қатынастарды айтады. Кеңінен тараған түсінік бойынша, халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекетік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да өзара байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың (әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы) өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Халықаралық қатынастардың даму тарихы ұзақ тарихи жолдан өтті. Халықаралық қатынас мемлекеттердің, алғашқы этностардың пайда болуынан басталады Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін халықаралық қатынастар кез келген мемлекеттің саясатында маңызды роль атқарып келеді. Мемлекеттің пайда болуымен саяси қатынастар ішкі және сыртқы (халықаралық) деп жіктеле бастады. Мемлекеттік шекараның анықталуымен «мемелекеттік тұтастық», «егеменділік» сияқты ұғымдар бекітілді.
Халықаралық қатынастардың саяси теориялық тұрғыдан қарастырыла бастауы «соғыс пен бейбітшілік» мәселелерінің шығуымен байланысты болды. Мәселені теориялық тұрғыдан зерттеуге Цицерон, Августин, Гроций Н.Макиавелли, Т.Гоббс үлес қосты. Бүгінгі күні халықаралық қатынастардың табиғаты мен заңдылықтары туралы бірыңғай теория жоқ. Олардың кең таралған негізгі теориялары: либерализм немесе идеализм, саяси реализм, неомарксизм.
Халықаралық қатынастар субъектілері. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат. Әлемдік қоғамдастықтың (мемлекеттердің бірігуі) пен халықаралық құқықтың негізгі субъектілері – ең алдымен мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болып табылады. Халықаралық қатынастар жүйесі – екі немесе одан да көп мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттер.
Мемлекеттен басқа халықаралық байланыстардың басқа да қатысушылары - әкімшілік бірлестіктердің (облыс, өлке, аймақ), қоғамдық ұйымдардың, фирмалардың, жеке тұлғалардың (индивидтер) да қызметтеріне ықпал етіп, бақылап отырады. Халықаралық қатынастардың өзгеше мемлекеттік субектілері – Ватикан, еркін қала және т.б. да түрлері бар.
Халықаралық қатынстардың басты субъектілеріне мемлекет құрған халықаралық саяси немесе әскери-саяси ұйымдар да жатады. Олардың ішінде: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы (АСЕАН), Европалық Одақ (ЕС), Араб елдерінің Лигасы (ЛАГ), Американ мемлекеттерінің Лигасы (ОАГ), Африка бірлестігі Ұйымы (ОАЕ), Солтүстікатлантикалық Одақ (НАТО), Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық (СБСЕ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (СНГ) т.б.
Халықаралық қатынастардың маңызды субъектілеріне беделді халықаралық қоғамдық және кәсіби ұйымдар да кіреді. Бұларға: Халықаралық денсаулық сақтау Ұйымы (ВОЗ), Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы (ВФП), Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ), Халықаралық валюталық қор (МВФ) т.б. жатады.
Халықаралық (әлемдік) саясат халықаралық құқық субъектілерінің (мемлекеттер, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, одақтардың т.б.) өз мүдделерінің келісілуімен, соғыс және бейбітшілік, бүкіл адамзаттың өмір сүруі, жалпыға ортақ қауіпсіздік пен қарусыздануды қамтамасыз ету мен ғаламдық, аймақтық және ұлттық жанжалдарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, артта қалушылық пен кедейлікті, аштық пен ауруларды жою, адамзаттың басқа да ғаламдық мәселелерін шешу, әлемде әділетті тәртіп орнату мәселелерін шешумен байланысты жүргізілетін мақсатты саяси қызметтері болып табылады.
Халықаралық саясаттың мәні мен мазмұны жалпы адамзаттық мәселелерді талдау арқылы және кез келген мемлекеттің қызметінің негізі болып табылатын ұлттық мүдде арқылы да көрінеді. Ұлттық мүдде деп өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін қажеттіліктерін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Оған ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс-халін өрлетіп, дамыту, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау, әлемдік саясатта өз ықыласын кеңейту жатады.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің, ұлттардың дүниежүзілік дәрежеде өз мүдделерін қорғау үшін жүргізілген іс-әрекеттері жатады. Сыртқы саясат арқылы мемлекет әлемдік саясаттың басқа да субъектілермен халықаралық аренада өз қатынасын реттеп отырады. Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айқындайтын басты мәселе – ұлттық мүдде. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бағдарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады.
Сыртқы саясатты жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі – дипломатия болып табылады. Дипломатия – сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің күш қолданбай жүргізетін ресми іс-әрекеттерінің жиынтығы. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады.
Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастарды саяси ғылым шеңберінде қарастырғанда оның геосаясат және саяси глобалистика деген бағыттары ерекше маңыз алады. Геосаясат жаһандық және ұлттық мүдделерді, халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат субъектілері ретіндегі мемлекеттің сыртқы саясатының басым бағыттары мен тәсілдерін түрлі елдердің аумақтық, демографиялық және күш дәрежесіне (потенциалы) сүйене отырып зерттейді. Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың маңызды мәселелерінің бірі жаһандық (халықаралық) қауіпсіздік мәселесі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, геосаясаттың пайда болуы оның саяси географиядан шығуымен байланыстырады. Геосаясат (гректің geos – жер және politike – мемлекетті басқару өнері сөздерінен) – ресми шекарасынан тыс жерде мемлекеттің мүдделерін мойындайтын концепция, яғни мемлекеттің сыртқы саясаты географиялық факторларға (аумағына, табиғи байлықтарына т.б.) байланысты жүргізеледі. Алғаш рет «геосаясат» терминін ғылыми айналымға швед ғалымы Рудольф Челлен енгізді. Оның айтуы бойынша, «бұл, кеңістікте өмір сүретін георафиялық организм ретіндегі мемлекет туралы ғылым». Бұл мәселемен одан бұрын неміс географы және этнографы Ф.Ратцель айналысты, оны геосаясаттың «әкесі» деп те атайды.
Геосаясат – халықаралық қатынастар теориясының басты ұғымдарының бірі. Ол мемлекеттердің немесе мемлекетер блогының аумақтық-кеңістік ерекшеліктерінің жергілікті, аймақтық, континеттік және жаһандық халықаралық процестерге ықпалын зерттейді. Геосаясат халықтар мен елдердің аумақтық мүдделері арқылы анықталатын сыртқы саясаттың бір түрі. Геосаясаттың негізіне «теллурократия» немесе «құлықтағы басымдық» (оның негізін heartland (хартленд) – «жердің кіндігі алынған»); «талассократия», немесе «теңіздегі басымдық»; «rimland» (римленд) немесе «жағалаулық зона» сияқты ұғымдар алынған.
Геосаясаттағы маңызды кеңістіктік категориялар – мемлекеттің аумағы, шекарасы және күші болып табылады.
Халықаралық қауіпсіздік – бұл әлемдік қауымдастықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін халықаралық қатынастардың жағдайы. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі принциптері – күштер балансы, мүдделер балансы. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі элементтері – күштеуді шектеу, ұжымдық қорғаныс жүйесін құру, қару-жарақты бақылау, ұлттық және жалпыөркениеттік мүдделерді белсене қорғау үшін ұлтаралық әскери күштерді құру.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көпбағыттылық сипаты. Қазақстанның сыртқы саясаты – мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің саласы, ол егеменділікті нығайтуға, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуге бағытталған. 1991 жылдан бастап егеменді Қазақстан өзін әлемдік саяси және экономикалық кеңістікте белсенді әрекет ететін халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде жариялады. Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы және оның потенциалы Евроатлантикалық және Азия-Тынық мұхит аймағына да бағытталған.
1990 ж. Қазақстанның егемендік алуы мен 1992 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болуы және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі нәтижесінде мемлекеттің егеменділігі, тәуелсіздігі халықаралық-құқықтық жағынан мойындалды. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағыты ұлттық мүдделерге негізделген.
Қазіргі Қазақстан жерінің географиялық жағдайының тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда көршілес елдермен, әсіресе Ресей мен Қытаймен халықаралық байланыстардың мәні зор. Бұл елдер дүниежүзілік қауымдастықтың алдыңғы қатарлы елдері болып, әлемдік байланысқа шығу мүмкіндіктері бар.
Таяу Шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Осман және Израильмен саяси және іскер байланыстар орнатылуда. Қазіргі жағдайда қандай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істерде рөлдері орасан зор АҚШ, Батыс Европа және Жапониямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше.
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері: мемлекеттік мүддені қорғау; елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз етуі; әлемдігі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту; ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу; халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Халықаралық қатынастар туралы қандай теорияларды білесіз?
Саяси реализм бағытының негізгі ережелері қандай?
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерін және ірі халықаралық ұйымдарды атаңыз.
Халықаралық қатынастар, әлемдік саясат, сыртқы саясат ұғымдардың айырмасы қандай?
Сыртқы саясаттың мақсаты неде деп ойлайсыз?
Ұлттық мүдде деген не?
Геосаясат деген не және оның негізгі объектісі, категориялары қандай?
Қазақстанның геосаяси жағдайының тиімді және тиімсіз жақтары қандай?
Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі-9 (212-231б.); қосымша-2 (96-102б.)
