Жасау мәдениеті.
Жоспары:
1.Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті.
2.Ер жүрекетік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер.
3.Неке гигиенасы.
1. Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті. Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады
Жастарға неке дегеніміз не екендігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Неке отбасының заң жүзіндегі негізі, ер мен әйелдің өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құралатын одағы. Отбасы дегеніміз махаббат, достық, өзара құрмет сезімін біріктірген, ортақ шаруашылық ұстап, бір біріне материалдық және моральдық сүйеу бола білетін ер мен әйел адамның одағы. Некенің тұрақты болуы үшін, ерлі зайыптылардың өзара түсінушілігі маңызды роль атқарады. Некелесу үшін тек сезім жеткіліксіз. Ол алдымен некенің құқықтық негіздерін түсіну, отау құруға деген психологиялық даярлаудың болуы, үй ішінде тіршілікке қажетті тұрмыстық дағдыларды игеру, өмірге ұрпақ келтіріп, оны өсіріп, бағып қағып тәрбелей білу. Некеге дейінгі қатынас жастардың бірін бірі сүюіне, махаббатына байланысты, әрбір жас некеге психологиялық әлеуметтік жағынан дайын болуы керек.
С.Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» еңбегінде адамның дене мүшелерін атап өтті, соның ішінде жыныс мүшесінің ерекше қызметіне тоқталады: «Мүшелердің ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін ми, одан кейін бауыр, көкбауыр, сосын басқалары пайда болады. Барлығынан соң барып қимылға енетін жыныс мүшелері. Үстем күшінің мекені жүректе, қызмет етуші күштің мекені жыныс мүшелерінде».
Жас өсірімнің өсіп жетілу кезеңіндегі жыныстық ұғымдарын табиғи құбылыс деп тану қажет. Сол себепті ата аналар, мүғалімдер оларға күдікпен қарап, ол құбылысты әдепсіз деп түсінбеуі тиіс. Керісінше бойында жыныстық құштарлық жоқ «салқын» тартып өсіп келе жатқан ұл мен қызға бойында бір кемістік жоқпа екен деп күдіктене қарауымыз керек. Дегенмен адамда жыныстық қабілет туа біткенмен, ол адамның өзге қабеліттеріндей емес, кеш пісіп жетіледі, кеш қалыптасады. Жасөсіпірмдер жыныстық жағынан өсіп, пісіп жетіліп келе жатқан кезеңде оларға басшылық ету, әрине оңай емес. Қалай болған күндеде бозбалалық пен қызбалалықтың осы бір өтпелі кезеңі олардың өмірінде өшпес із қалдырады. Олардың есейіп, келешекте отбасы некелік өмірлері саналы да бақытты болу болмауы осы жасөсіпірім кезеңдерінде алған жыныстық тәрбиесінде, оның дұрыстығы мен бұрыстығына байланысты.
Қазіргі жастарға жыныстық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтардың арасында жүргізілетін жалпы идеологиялық және тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ол эстетикалық және рухани тәрбиемен тығыз байланысты. Себебі мұның өзі болашақ қоғамның құрылысшылары ретінде болашақ жастарды бақытты отбасы мен берік неке құруға қалыптастырады.
Жастардың некеге дейінгі өзара қарым-қатынастарының олардың болашақта некелесіп, отбасылық өмір құруға даярлауға бағыттайтын қажетті фактор. Жастардың есейіп, әлеуметтік өмір тіршілігіне араласуы, мінез-құлқын қалыптастырып, физиологиялық жағынан жетілуі, сезім эмоциясының қарқынды дамып, өздігінен тіршілік етуге ұмтылуының бәрі, оның жеке басының өсуін көрсететін факторлар.
Адамдар қарым-қатынасындағы құштарлық сезімі жастар өмірінде жаңа бір кезеңді бастайды. Қазіргі кезеңде некелесуге дейінгі проблема жайлы жастар арасында әр түрлі көзқарастардың бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Жастардың некелесуге дейінгі қатынастарын білу және олардың болашақ бақытты отбасылық өмірі, неке оның бұзылу себептері жайлы көзқарастарымен танысу үшін, педагогикалық институттарда социологиялық зерттеу жүргізілді. Бұл мәселелер жөнінде зерттеу мәліметтері жастардың некелесуге дейінгі ұғымдарының әртүрлі екенін көрсетті. Олар:
отбасыық бақыт бұл жас жұбайлардың бір-бірін сыйлауы, олардағы махаббат, жұбайлық сезім, рухани байлық, өз өмірін жұбайы үшін қию – міне сонда ғана берік, бұзылмайтын одақ болады, ал бала туу, оны тәрбиелеп өсіру жас отбасын одан әрі біріктіреді;
«Бақытты отбасылық өмірді әркім өзінше түсінуі мүмкін. Біреулер
экономикалық есеппен үйленуді мақсат етіп, барлық жағынан қамтамасыз етілген, (яғни жеңіл автомобиль, қымбат гарнитур, ыңғайлы пәтері бар, қазіргі модамен киінетін, институтта оқитын) адам табылса дейді. Меніңше бақытты отбасылық өмір - бұл ең алдымен келешекте бір-бірімен өмір сүретін екі адамның бақытты болуы, тек бір-бірін ғана емес, айналадағы адамдарды да сыйлай білу, барлық қиыншылықтарды ұрыс-керіссіз шешу, отбасылық өмірде жас жұбайлардың тең құқылы болуы»;
Бұл мәселелер А.И.Крылов ертегісіндей («Аққу, шаян және шортан») сияқты. Аққу – бұл жас отбасы, шаян-ер баланың (күйеу) ата-анасы, шортан-қыздың (әйел) ата – анасы, әр қайсысы өз жағына тартып, өзінше талап қояды. Осының нәтижесінде отбасы бұзылады;
«Кейбір жастар неке жасына жетпей-ақ үйленуге шешім қабылдайды.
Олар ата-аналарының, аға-жолдастарының ақылын тыңдамайды, айтқандарына көнбейді. 18 жаста оқу мен отбасы өмірін ұштастыру өте қиын-бұл ұйқысыз ұзақ түн, жүйкенің тозуы, материалдық жағдайдың қиыншылығы. Осы ауырлықтың бәрін жастар көтере алмайды, өзара қатынастары асқынады, конфликтілік жағдай туады, ал мұның бәрі отбасының бұзылуына әкеліп соқтырады».
Некенің мызғымас берік болуының басты себептері: берік отбасын құруға тырысулары керек, рухани жақындық, яғни қасыңдағы адамды сезе білу, қиыншылық жағдайда бір-біріне көмек көрсетуі тиіс, көзқарастарының, ниеттерінің, мінездерінің үйлесімді болуы керек, ізгілік, сенімділік, әдептілік – жоғары мәдениеттіліктің белгісі.
