4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
Жастарды отбасылық өмірге дайындауда сынып жетекшісі мен ата-ананың мүмкіндіктері зор. Сынып жетекшісі мен ата-аналар жиналыс болғанда отбасында, күнделікті өмірде өз ана тілінде сөйлесудің маңыздылығын, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды баланың кішкентай күнінен білуінің, ырымдар мен тиымдарға, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге толық түсініктеме беріліп, үйде ата-ананың баласына дос болуға тырысып көп уақытты әңгімелесе отырып, баланың сенімді де, ақылды, сүйікті адамы болуға, олардың құқықтарының тең екендігін көрсететін, дәлелдейтін істер арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арналған нақты әдістемелік материалдар беріп, ата-анаға баласын құрметтеу арқылы, өзінің де құрметке ие болатынын айтып, ол сөздерді жүректеріне жеткізуге тырысу үлкен қажеттілік. Себебі, сынып жетекшісі мектепте ата-аналармен нақты жұмыс істей алатын бірден –бір тұлға. Ата-аналар жиналысын сынып жетекшілері ған жүргізеді. Сынып жетекшілері ата-аналар жиналысына дін өкілдерін, дәрігерлерді, заң өкілдерін шақыртып арақ ішудің, әйелге қол көтерудің кешірілмес күнә екендігі туралы диспуттар өткізулері үлкен қажеттілік. Жігіт пен қыздың ақ некесі қиылғаннан кейін, арақ ішіп, өрескел қылықтар көрсетулері ақ некенің қадірін қашыры бастайды, соңында отбасы берекесі кетіп, балалардың бейбіт өмірлерін бұзады.
Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және олардың тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамдның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жаақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталыу тиіс.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тғыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениеттін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқышулардың жалпы әрекетін басқару. Оған: дианностикалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары.
Ата-аналардың өз балаларының жан - дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогткалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Мектептің отбасылармен жүргізетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып негізгі екі топқа бөлінеді.
Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды:
Педагогикалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсенді тәрбиелік мәселелерге аударуды мақсат тұтады. Жұмыстың бұл формасын ата-аналарды тәрбие теорияларын жүйелі білімдермен қаруландыруға бағытталады.
Сынып бойынша педагогикалық білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1-11 сыныптан бастап қолға алу қажет. өйткені педагогикалық ағарту жұмысын осы кезден бастау тиімді. Оның алғашқы сабағын мектеп директоры немесе орынбасарлары бастап бергені жөн.
Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдық қорытынды ғылыми конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конференцияға «Балаларды еңбекке тәрбиелеу», «Жақсылыққа апарар ең төте жол –имандылық арқылы», және т.б. тақырыптар таңдап аланып, мектепте ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі.
Ашық есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. әдетте оны тоқсанның басында, немесе демалыс күндерінде өткізген тиімді.
Сынып ата-аналар жиналысы – дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді. Сынып жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқындап алудың маңызы зор.
Бақылау сұрақтары:
«Отбасы өміріндегі әдеп және психология» пәнінің өзге ғылыми пәндермен байланысы.
Дене тәрбиесі сабағының оқушылардың денсаулығына пайдасы.
Мектептің басқа ұйымдармен бірігіп атқаратын жұмыстары.
Болашақ ата-ананы тәрбиелеудің жолдары.
Оқушыларды халық педагогикасы арқылы отбасылық өмірге дайындауды мектепте қандай гуманитарлық пәндер арқылы жүргізілуге болады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары.
9-лекция Отбасының әртүрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктері
Жоспары:
Отбасылық дағдарыстар.
Отбасындағы кикілжіңдер.
Отбасылық қызметтің психологиялық көп деңгейлі моделі.
1. Отбасылық дағдарыстар. Отбасылық психология және психотерапия - ғылымның және практиканың салыстырмалы жас аумағы. Отбасы психологиясын ХХ ғ. ортасынан бастап әлеуметтанушылар бақылады. Әйел үшін дәстүрлі патриархатты отбасы өз үстемдігін жүргізуге тиімді орта болудан қалды. 1960 жылдан басталған феминистік қозғалыс мынадай тұрмыстық жүйеде теңдік жағдайдың бұзылысын, отбасы институты сияқты ауыспалы болмысындағы дағдарысты шақтарды көрсетті.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дағдарысы екі деңгейде яғни, кері құрылымдық және құрылымдық деңгейлерде дамиды. Кері құрылымдық - бұл отбасы қатынасының бұзылуы және оның қалыптасуына кедергі келтіретін әрекет болса, құрылымдық - бұл отбасының жаңа даңгей қызметіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Отбасы психологиясында - өмірде кездесетін дағдарыстың кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі. Алғашқы некеге тұрудың өзі дағдарыс болып табылады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі – бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата-ананың мейіріміне, махаббатына ие болу ниетінен туындайды. Қарым-қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытқа байланысты екі дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл ерлі-зайыптылардың бір-бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады. Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен баланысты дағдарыстық кезеңге жетеді. Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи апаттар, ерлі-зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін.
Жас отбасындағы дағдарыс демографтардың айтуы бойынша, отбасылық кризис дегеніміз әлеуметтік институт сияқты, бірінші отбасы өзінің «қауымдық ортасы» еместігін көрсетуден байқалады. Бұрынғы дәуірмен салыстырғанда отбасы қазіргі кезде динамикалы түрде қалыптасқан. Зерттеулер бойынша барлық заңды некелердің тіркелуінің күрт төмендеуі мен еркін бірлестіктердің санының өсуі, әлеуметтік нормалармен ережелердің әлсіздігін білдіреді. Тағы да бұл адамдардың отбасына деген түсінігін институт сияқты, сондағы тіршіліктері көбінесе олардың жеке бастарының жауапкершілігіне байланысты.
Отбасы дағдарысы мүшелі жастан өткен кезде пайда болады және оны нормативтік немесе көлденең дағдарыс деп атайды, себебі бұл дағдарыс барлық отбасында болады. Дағдарысқа бір-бірінің психологиясына үйрену, ең алғашқы кездегі ата-аналармен қатынасын құрайды. Әрбір кезеңнің қиындықтары болады, сондықтан сол дағдарыстан шығуға, дұрыс шешуді үйрену керек.
Егер дағдарысқа төтеп бере алмаса, сол отбасы көп уақыт бойы стресстік жағдайда болады (әсіресе науқас адамға қарап отырғанда; жағдайлары төмен болғанда, яғни жоқшылықта тұру; мінездері сәйкес келмеген адаммен бірге тұру және т.б.).
Осы сияқты қазіргі заманның өмірлік спецификасының шарты бойынша трансформациялық ағымдар отбасында қалыптасуға қажетті адамдар өмірлік циклдерден өтуге және уайым мен кризистер дағдарысты кезеңдердегі отбасылық анализді бастамас бұрын бастапқы психологияның түсініктеріне және отбасы психотерапиясына тоқтала кету керек.
Берілген оқу құралында отбасы жүйе ретінде қарастырылады:
бір-біріне деген тәуелділік (бөлек элементтердің бір-біріне бұйыру жүйесі);
холизм (бөлек элемент жүйесі, бүтіндей қосылып жаңаша құрамдар ашу);
3) ішкі жүйелік ағымдар (циркулярлы, спиралді, ауытқуларсыз);
4) гамеостаз диалектикасымен жетілуі;
Отбасы анализінің қиындығы жүйе секілді факттерге қарай, кез келген жүйе басқалардың бөлшегі болып, одан да ірі жүйе және сонымен бірге біркелкілі қозғалыс болып табылады. Отбасындағы бір адамның қалыптасқан анализінің симптомы көбінесе бір отбасының мінездемесін түгелдей білдіреді.
Отбасы қалпы – базалы түсініктердің бірі, отбасыға мінездеме беру кезінде қоданылады. Берілген термин отбасы қалпының теориялық бастамасы С.Мухиннің: «...қалыпты отбасының түсінігі, отбасы бәріненде жоғары, жеке бастың биопсиходинамикасына қарағанда. Отбасы мүшесі жауапты қатысы нақты кезеңдердегі, трансакциямен басқару. Бұл кезеңдер – түгелдей отбасы құрайды ».(Мухин С., Фишман.Ч., 1998 ж (Черников А.В. 2001 ж. цитатасынан))
Отбасы құрылымы қарым-қатынаспен ерекше элементтерімен ерекшеленеді. Жүйе ретінде құрылым элементтері жұбайы, ата-ана, жеке бастың жүйесі дифференциалды отбасы ролі, нақты функцияларды орындап, өмір сүруге жағдай жасау; (Минухин С., Фишман Ч., 1998 ж.) Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын бақылай отырып, гипотетикалық жүйеде қорытынды жасауға болады, топографиялық отбасы жағдайын білдіріп, отбасы жүйесінің квазиаумақты кесіндісі.
2. Отбасындағы кикілжіңдер. Кез келген отбасы өзінің өмір сүру барысында шешімі оның мүшелерінің жекелеген қажеттіліктері, түрлері мен қызығушылықтарына керағар келетін мәселелік ситуациялармен ұшырасады. Кикілжің өзара қарым-қатынаста субъектілердің қарама-қарсы бағытталған мақсаты, қызығушылықтары, позициясы, ой-пікірі ретінде анықталады.
Л.А.Петровская кикілжіңнің категориялық негіздерін келесідей көрсетті: құрылымы, динамикасы, қызметі, типологиясы. Кикілжіңнің құрылымы кикілжіңді ситуациямен және инцидентпен (кикілжіңге қатысушылардың ашық қақтығысы). Кикілжің динамикасында келесі кезеңдер болады: обьективті кикілжіңалды ситуацияның тууы; бұл ситуацияның кикілжің ретінде танылуы; инцидент; шешім (кикілжіңнің аяқталуы); кикілжіңнен кейінгі ситуация. Қызметіне келсек кикілжіңнің оң (конструктивті) және теріс (деструктивті) қызметтері болады.
Конструктивті қызмет әртүрлі пікірлер мен қарама қайшылықтардың шығу себептерін обьективтендіруден, кикілжіңнен қашуға жағдай жасаудан, қарым-қатынастың дамуынан тұрады.
Қазіргі заманғы психологияда кикілжіңді жоя білу ғана емес, оны тиімді шеше білу де өте маңызды. Кикілжіңнен қашу отбасыдағы қайшылықты мәселені шешпейді, қайта оны күшейте түседі.
Конструктивті кикілжің келесі белгілермен сипатталады:
● мәселе интеграция, компромисс және барлық отбасы мүшелерінің қызығушылықтарын есепке ала отырып шешіледі.
● нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас бекиді, өзара түсіністік жақсарады және жаңа кикілжіңдерді тиімді шешу қабілеті артады, отбасыдағы кикілжің деңгейі толығымен төмендейді;
● соңында отбасыдағы эмоционалдық климат жақсара түседі, қорқыныш, күйзеліс жоғалады.
Деструктивті кикілжіңнің конструктивтіден айырмасы келесідей сипатталады.
● мәселе шешілмейді – не кикілжіңге қатысушының бірі келесісіне толығымен бағынады, яғни мәселені шешуде өзінің вариантын күшпен таңады, не формальді түрде шешіледі, немесе проблемадан кету байқалады, кикілжің үзіледі.
● қажеттілік пен қызығушылықтың қайшылығы сақталады, кикілжіңнен «жеңіліс» тапқан отбасы мүшелерінің қажеттілігі қанағаттандырылмай қалады.
● нәтижеде эмоциональдық жатсыну, дистанциялық, жалғыздық сезімі туады. Егер мұндай жағдайлар асқынған сипат алса невротизацияға және депрессияға әкелуі мүмкін.
Сонымен, конструктивті кикілжің бұл жеңілгендер мен жеңгендер болмайтын, екі жақта ұтатын кикілжің, ал деструктивті – бұған қарама-қарсы.
Динамикаға тәуелділігіне орай кикілжің өзекті және прогрессивті болады. Сонымен бірге әдетті кикілжіңдер болады. Ол кез келген себептен туады және ерлі-зайыптылардың эмоционалды шаршауымен сипатталады, олар кикілжіңді шешуге күш жұмсайды. Әдетті кикілжіңдердің артында терең қайшылықтар жасырынып жатады.
Көріну деңгейіне қарай кикілжіңдер ашық және жасырын болады.
Кикілжіңнің пайда болуының негізінде келесі себептер жатады:
● некенің адекватты емес мотивациясы.
● отбасының рөлдік құрылымының бұзылуы.
● отбасының лидерлікке отбасындағы ерлі-зайыптының екеуінің де таласуының шешілмеуі.
● құндылықтар, мақсаттар және баланы тәрбиелеу әдістері бойынша
көзқарастарының үйлеспеуі және келіспеушілігі .
● жыныстық қатынастағы үйлесімсіздік, мұның негізінде көптеген жағдайларда махаббат сезімінің бұзылуына байланысты түрлі себептер жатады.
● махаббат сезімінің бұзылуы; эмоциональдық қолдау мен өзара түсіністіктің аз немесе жоқ болуы.
● тұлғалық өсу мүмкіндігінің шектелуі, өзіндік «Мен» құндылығының отбасы жүйесінде төмен бағалануы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрмет көрсетуінің жеткіліксіздігі.
● материалдық игіліктің төмен теңгейі, баспана мәселесі, бютжеттің тиімсіз жоспарлануы және орындалуы.
● кооперацияның төмен деңгейі, отбасының тұрмыстық-шаруашылық
мәселесін шешуде, өзара көмек пен өзара қалаудің төмен деңгейі үй еңбектерін бөлуде, балалар мен қарттарға күтімде өзара көмек пен өзара қолдаудың төмен деңгейі.
● ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімсіз жүйесі,
ондағы шекараның шектен тыс қаталдығы.
● қызғаныш, ерлі-зайыптылар арасындағы бір-бірін сату.
● отбасының бір мүшесінде ауытқушы мінез-құлықтың болуы (маскүнемдік, агрессия, психоантивті заттарды қалдану, құмар ойындарына бейім болу).
● ерлі-зайыптылардың достарымен араласуында, демалысты қалай өткізуде көзқарастарының келіспеуі.
М.А.Уисман, А.Э.Диксон және Б.Джонсон 1997 жылы отбасымен жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың тәжірибесін талдай келе кең таралған мәселелер ретінде қарым-қатынастың бұзылуын, билікке және басқаруға күресті, сексуалдық мәселелерді, финанстық сұрақтарды атады.
Кикілжіңдердің жиілік, тереңдік және көріну сипатына қарай отбасы дағдарысты, кикілжіңді, проблемалы және невротикалық деп бөлінеді.
Кикілжіңді шешу мәселесі Пеңк....... отбасылық психотерапиясында да жақсы зерттелді. Ол кикілжіңді шешудің негізгі 4 формасын көрсетті: тәндік – қабылдау және түйсіну арқылы; іс-әрекеттік – ақыл-ой және іс әрекет арқылы; әлеуметтік – комуникативтік – контактілер арқылы, бұрынғы дәстүрлерді, тәжірибелерді қолдану; интуиция арқылы.
Мұнда 4 түрлі форманы да бірдей қалдану керек дейді ғалым.
Екіншібір кикілжіңді шешудің тиімді жолы Т.Гордонның (1997) ұсынған «отбасылық кеңес» моделі. Бұл модельдің негізгі идеясы болып кикілжіңді жағдайда оның қандай олғанына, себептеріне қарамастан жеңілгендер мен жеңгендер болмауы керек. Автор кикілжіңнің пайда болу себебін анықтау, кінәліні және инициаторды тобу мәселені шешпейді, қайта тереңдетеді дейді. Кикілжіңді шешуде конструктивті қатынас отбасы мүшелерінің тең құқықтылығына негізделуі керек.
«Отбасылық кеңес» моделінде мәселені шешудің негізгі 6 кезеңі көрсетіледі:
● кикілжіңді отбасы мүшелерінің қызығушылықтарының қайшылығы ретінде идентификациялау.
● шешім кикілжіңге қатысушылардың қаншалықты риза болатынын қарамай реттеу.
● әрбір кезеңді бақылау және бағалау.
● мәселені шешудің барлық отбасы мүшелеріне қалаулысын таңдай.
● отбасылық келісім, бақылау мен бағалау әдістерінің нәтижесін анықтау.
«Отбасылық кеңес» әдістемесінің тағы бір артықшылығы ол отбасымен психотерапиялық жұмысқа қарағанда аз уақытты және күшті талап етеді.
3. Отбасылық қызметтің психологиялық көп деңгейлі моделі. Отбасы жүйесіндегі құрылым элементтерінің қарым-қатынасы келесі шиеленістерімен айқындалады: иерархия, ішкі және сыртқы шектесулер, біркелкілік, отбасы құрылымы (Черников, 2001ж.). Көптеген авторлар құрылым шеңберінің салыстырмалылығын біркелкілік пен иерархия деп есептейді.
Отбасының қалыптасуының психологиялық көп деңгейінің моделі.
Отбасылық қалыптасу деңгейі |
|||
Индивидуалды (отбасының жеке мүшелері) |
Микрожүйелі (нуклеарлы отбасы) |
Макрожүйе (кең көлемді отбасы) |
Мегожүйелі (отбасы және әлеуметтік орта) |
Отбасының қалыптасу көрсеткіштері |
|||
Когнитивті отбасы |
|||
Отбасы мүшесі ретінде өзін теңестіру, тұлғалық шекаралар, отбасылық жеке мифологияны қамтамасыз ету |
Отбасы иерархиясы тура лы көзқарас, нуклеарлы отбасының ішкі және сыртқы шекаралары, мета коммуникация, циркулярлы ақпарат |
Отбасы иерархиясы туралы көзқарас, еркін отбасының ішкі және сыртқы шекаралары, отбасы ережелері және нормалары, отбасылық құндылық, отбасылық көрініс, отбасы тарихы, отбасылық аңыздар |
Отбасыға қойылатын талаптар және социум нормаларын үйлесімді қабылдау дәрежесі және отбасы мүшелерінің көзқарасы оның әлеуметтік статусы
|
Эмоционалдық аспект |
|||
Отбасылық қызметті қамтамасыз ету, некеге және отбасылық қатынасқа қанағаттану |
Эмоциялық қатынас стилі, бірлік |
Эмоциялық қатынас стилі, бірлік |
Қоғамдағы өзінің отбасы жағдайына қанағаттану |
Мінез-құлықтық аспект |
|||
Тұлғаны отбасы мүшесі ретінде, отбасыға бейімделу |
Нуклеарлы отбасы салт-дәстүрлері, әрекеттесті серіктестер, нуклеарлы отбасы мүшелерінің әрекеттесті рөлдері, нуклеарлы отбасы мүшелерінің әрекет иерархиясы |
Еркін отбасының салт-дәстүрлері, әрекеттесті серіктестер, еркін отбасы мүшелерінің әрекетесті рөлдері, еркін отбасы мүшелер інің әрекет иерархиясы |
әлеуметтік стереотип әрекеттерін қамтамасыз ету, отбасылық әрекеттес тік, әлеуметтік бейімделу |
Біркелкілік (байланыс, эмоционалды жақындастық) отбасындағы арақатынастарды психологиялық тұрғыдан байқауға болады. Отбасы құрылымына қарай бұл мағына интенсивті бейімін қолданып, мұндай тұрғыда отбасы мүшелері өздерін екі жақты да бүтіндей қабылдайды.
Тұтастық – (байланыс, эмоционалдық жақындық, эмоционалдық арақашықтық отбасы мүшелерінің психологиялық арақашықтығы деп анықтауға болады. Д.Олсон тұтастықтың 4 деңгейін бөлді:
жалпыланған
бөлектенген
байланысқан
шатасқан
Иерархия - мінездемесі бұл отбасындағы доминантты дәлелділік болып есептелінеді. Бірақ «иерархия» термині қарапайым мінездемемен тоқтамайды, өйткені өзіне түрлі аспекті отбасы қарым-қатынас мінездемесі шешім қабылдау билігі отбасының бір мүшесіне ғана тәнті болуы. «Иерархия» түсінігі өзгертпелі құрылым ролі және отбасы ішіндегі ережелер.(Черников А.В. 2001 ж.)
Икемділік - отбасы құрылымының сыртқы және ішкі отбасылық жағдайлардың өзгерісіне бейімделе алу қабілеті. Отбасының тиімді іс-әрекеті үшін ішкі отбасылық өзгерістердің өздерінің мінездемелерін тұрақты сақтау қабілеттерімен ұтымды үйлесуді керек етеді. Икемділік параметрі бойынша тең емес отбасылық құрылымдар ретсіздік, тәртіпсіздік немесе ригидтілікпен сипатталады.
Отбасылық құрылым өмірлік айналым сатысының өтуімен байланысты пайда болған, өмірлік тапсырмаларға жауап беруін тоқтататын жағдайда ригидті бала бастайды. Сонымен қатар отбасы өзіне жаңа жағдайларға бейімделу, өзгеру қабілетінен айырылады. Келіссөздерді шектеуге беталыс пайда болады, көптеген шешімдерді көшбасшы шешеді. Д.Олсон бойынша құрылым шектен тыс сатыланған да, жиі ригидті болады.
Отбасы мен әлеуметтік қоршаған ортаның өзара қатынасын және отбасы ішіндегі түрлі құрылымдардың өзара қарым-қатынасын сипаттағанда отбасы шекарасы параметрі қолданылады. Отбасылық дәрігерлер шекараның дамуын отбасының құрылымын бағалауда маңызды параметр ретінде қарастырады. Отбасылық шекаралар кімнің осы құрылымға немесе құрылым астына жататыны және осы керек жарақтың қандай екендігін анықтайтын ережелермен қалыптастырады.
Бойлау деңгейі бойынша қатты және бойлайтын шекаралар болып бөлінеді. Іс-әрекеті жақсы отбасыларда құрылым астылардың шекаралары анық кескінделген. Жеткілікті анық емес шекаралар отбасының дамуын қиындатады, ұрпақ аралық одақтың түрлі құрылым астылардың мүшелерінің бірігуінің пайда болуына алып келеді.
Сыртқы шекаралардың ерекшеліктері - отбасылық құрылымның сыртқы әлеммен өзара қарым-қатынасының ашықтық деңгейін бейнелеуі. Шектен тыс ашық отбасылық құрылымдар сыртқы кез-келген минутта кіріп келетін, кез келген адам кіретін қораға ұқсас. Мұндай отбасы оның мүшелеріне қажетті деңгейде қауіпсіздікпен қолайлылықпен қамтамасыз етпейді. Бірақ оның қатты сыртқы шекарасының салдарынан болатын отбасының шектен тыс тұйықтығы да қауіпті. Сыртқы шекарасы қатаң отбасының мүшелері, жоғарғы алаңдаушылықпен ерекшеленеді.
Ішкі шекаралар бір-біріне деген қарым-қатынаста отбасы мүшелерінің іс-әрекет ерекшелігі арқылы көрінеді. Сонымен ұрпақ арасындағы шекараларының талдауы ұйымшылдықпен сақталып,, олардың арасындағы арнайы құрылымдық ерекшелікті бейнелейді. Отбасылық ролдер - отбасылық құрылымның әрбір мүшелерінің бекітілген тұрақты қызметтері. Отбасының ролдік құрылымы оның мүшелеріне нені, қашан, қалай және қандай ретпен бір-бірімен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажеттігін белгілейді. Өзекті іс-әрекетпен басқа «роль» түсінігіне сол немесе басқа отбасы мүшесінен күтілетін құндылықтар және іс-әрекет, әлеуметтік қондырғылар, сезімдер, нанымдар, сенімдер, мақсаттар, тілектер кіреді.
Отбасылық қызметтің ерекшеліктері өзара іс-әрекеттің паттерндегі, ақпаратты директивалау, эмоционалдық қарым-қатынастың стилін метокоммуникация сияқты ұғымдармен сипатталады.
Өзара іс-әрекет паттерні - отбасы мүшелерінің тұрақты іс әрекет тәсілдері, отбасы мүшелері мен нақты бір мағынадан тұратын немесе нақты бір хабарнамаларды қосатын, мысалы, бір-біріне деген үнемі наразылық, қолдау, қорғау, қорлық, реніш көрсету; үнемі қайталанатын қарым-қатынас. Өзара іс-әрекет паттернінің кезектік таптаурыны бірқатар жағдайда директивалық қалыпты иелікке алуы мүмкін.
Ақпаратты директивалық – отбасылық өзара іс-әрекеттің нақты паттерндерінде үнемі қайталаумен себептестірілген отбасы мүшелерінің арасында ақпаратпен алмасу сипатын бейнелейді.
Эмоционалдық қарым-қатынастың стилі бір-біріне бағытталған мақтау және сын, жағымды және жағымсыз эмоциялардың қатынасымен анықталады, сонымен қатар сезімін ашық көрсетуі тиымның болу болмауымен анықталады. Жағымсыз эмоция, үнемі айтылатын сын, қорлық серіктесінің қабілетіне мүмкіндіктеріне сенбеу сияқты белгілердің отбасыда басым болуы. өзіндік сыйлау мен өзіндік бағалауды төмендетуге, ішкі кернеуліктің, агрессияның өсуіне, сонымен қатар жүйелік психосоматикалық бұзылысқа алып келеді.
Метакоммуникация - отбасылық құрылымның өзінің және жеке мүшелерінің дамуындағы отбасылық қызметтің маңызды бір сипаттамасы. Аталған термин отбасы мүшелерінің арасында болып жатқан бірігіп талқылау мен ұғыну барысын сипаттайды. Яғни қарым-қатынас жайлы хабарлама немесе түсінік береді. Ол сөздік немесе сөздік емес болуы мүмкін, әдетте байланысты дұрыс түсіну үшін көмектесетін белгілерді береді. Байланыстың қарама-қайшылығы оның мазмұндық немесе мағыналық бөлігі немесе оның сөздік немесе сөздік емес бөлігінің сәйкес келмеуін көрсетуі парадоксқа алып келеді. Мұндай парадоксальды қарым-қатынастың соңғы нұсқасы: «қос қабат қысым» болып табылады. Сонымен бірге оның алған байланысының бірде біреуіне адекватты әсер етуге мүмкіндігі жоқ, қарым-қатынастың маңыздыларының күшіне өзара іс-әрекетті үзуге шамасы жоқ болуы. Мұның бәрі жағдайды қиындатады.
Отбасылық құрылымның эволюциялық процестерін талдау үшін келесі ұғымдар қолданылады: отбасылық тарих, отбасының өмірлік айналымы, отбасылық аңыз, отбасылық қойылым, яғни өзара іс-әрекет паттернінің ұрпақтан-ұрпаққа қайталанатын, отбасылық тарихпен себептендірілуі. «Отбасылық қойылым» ұғымы М.Боуэннің трансмиссил туралы идеясынан бастау алады.
Отбасындағы эволюциялық процесті сипаттайтын келесі ұғым өз дамуында кез келген отбасы өтетін кезектік кезеңді ұсынатын отбасының өмірлік айналымы болып табылады. Отбасының өмірлік айналымның ұсынысы отбасының жұмыспен стратегиясын анықтауда үлкен маңызға ие.
Отбасы өмірінің мазмұндық негізі келесі ұғымдармен сипатталады: отбасылық ереже мен норма, отбасылық құндылықтар, дәстүрлер және нанымдар. Э.Г.Эйдемиллер оларды отбасылық тұрақтандырғыштар деп атады. Отбасылық ережелер мен нормалар - отбасының өмірі қалыптасатын талаптар мен негіздердің жиынтығы. Олар күн тәртібіне де, сезімді ашық білдіру мүмкіндігіне де қатысты болуы мүмкін. Отбасында ереже мен норманың болмауы отбасылық құрылым тәртіпсіздікке алып келеді, сонымен қатар отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Үнемі ереженің жетіспеуі қақтығыс пен реніштің негізгі көзі болып табылады.
Отбасының құрылымы - отбасылық өзара іс-әрекетті сипаттауда қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Аталған термин С.Минухинаның отбасылық құрылымдық теориясындағы кілттік термин болып табылады. Отбасыға құрылымдық таяу оның мүшелерінің индивидуалды био- динамикасына қарағанда өте үлкен ұғымға негізделген. Отбасы мүшелері оның трансакциясын басқаратын нақты бір құрылғымен сәйкес қатынаста. Бұл құрылғылар бүтінуі- отбасы құрылымы қалыптастырады.
Отбасылық тарих - бірнеше жылға созылған уақытта отбасының маңызды оқиғаларының хронологиясын сипаттайтын және отбасының тарихи контекстіне қатысты ұғым. Э.Г Эйдемиллер отбасылық тарихпен жұмыс үшін тақырып терминін енгізуі.
Отбасылық миф - аталған отбасы мүшелерінің өзі туралы ұсыныстарының жиынтығы түрінде микрожүйелі деңгейде көрінетін немесе макрожүйеде қылаптасатын көп қызметті отбасылық феномен. Бұл ұғымды анықтау үшін мынадай терминдер қолданылады: отбасының бейнесі, сенім, біз бейнесі, наным, отбасылық кредо, үйлескен үміт. Отбасылық мифтің қызметі - отбасының тұтастай және оның мүшелерінің санасына қабылдамаған ақпараттарын ашумен қорытындыланады. Сонымен отбасылық мифті қорғаныш қызметін атқаратын және отбасы құрылымының тұтастығын сақтауға әсер ететін отбасының өзіндік психологиялық қорғау механизмі ретінде қабылдауға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Отбасы институтының тарихында дағдарыстық кезең немен байланысты?
2. Отбасы құрылымына не тән?
3. Отбасылық жүйе ретіндегі құрылымдық элементтерін атаңыз?
4. Отбасылық жүйенің элементтерін сипаттайтын параметрлер қандай?
5. Отбасының қалыптасу көрсеткіштерін сипаттаңыз?
6. Отбасылық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері қандай ұғымдармен сипатталады?
7. Мына ұғымдардың мәнін ашыңыз: Отбасылық аңыз, отбасы тарихы, отбасының өмірлік циклі.
8. Отбасындағы кикілжіңдер түрлері, зардаптары.
9. Конструктивті мен деструктивті кикілжің ерекшеліктері
10-лекция. Серіктестік және ерлі-зайыптылық қарым-қатынас психологиясы
Жоспары:
1. Аттракция қатынасындағы психология.
2. Романтикалық махабаттағы қатынас динамикасы.
3. Махаббат қатынасының типологиясы.
4. Некенің психологиялық концепциялары.
5. Отбасындағы тұлға аралық қарым-қатынас.
1. Аттракция қатынасындағы психология. Аттракция (ағылшын тілінде «attraction» - тартымдылық) - бір адамның екінші адамға деген жағымды сезімі. Кез келген ерікті қарым-қатынастың бастамасы ұнату, аттракция болып табылады. Аттракциялық жұптың ең маңызды факторлары физикалық тартымдылық және жұптың әлеуметтік-демографиялық мінездемесі. Адам қоғамында өте жоғары бағаланатын физикалық тартымдылық және сұлулық иллюзиямен байланысты: сұлу адамға ақылдылық пен өнегеліліктің барлық түрі беріледі. Егер ұнатудың объектісі әйел адам болса, көп жағдайда осы тартымдылық факторы әсер етеді. Графикалық заңдылықта, бұл U-пішінді қисық сызық арқылы көрсетіледі. Физикалық тартымдылық ұзақ мерзімдік жұптық қарым-қатынастың жетістігімен байланысты емес. Эмоциялық қарым-қатынас психологиясы туралы Л.Я Гозманның кітабында (1987ж.) жазылған.
Әлеуметтік жағдай, білім, мамандық, экономикалық жағдай, өмір сүру территориясының жақындығы, этникалық және діни құндылықтар аттракциямен байланысты. Ұнату адамдарда ұқсас көрсетілген параметрлер негізінде қалыптасады. Әлеуметтік-демографиялық мінездеме ұқсастығы әлеуметтік қондыру және стереотиптің нығаюына әсер етеді. Осы қарастырылып жатқан жұптардың мінездемесінен басқа, ұнатуға: бағалану жүйесі, жұптық өмірде маңызды мақсаттарға жету қабілеті, рөлдердің сәйкестігі, әлеуметтік жетістік және басқа да жеке әлеуметтік-психологиялық мінездемелер әсер етеді. Бұлар қарым-қатынас кезінде байқалады. Жұптар терең байланысқа түспей тұрып, аттракциялық қарым-қатынас динамикасы «үш фильтр» концепциясын көрсетеді. 1-фильтр назарын аудару этапына сәйкес келеді. Бұл этапқа физикалық тартымдылық күшті әсер етеді. Бұл этапта айтарлықтай көп жұптар қалыптасады. Егер жұптарды әлеуметтік-демографиялық мінез-құлықтарының ұқсастығы қанағаттандырса, онда жұптар 2-фильтрге өтеді. Егер әлеуметтік-психологиялық, жеке мінез-құлықтары мен жалпы мақсаттарға қол жеткізу қабілетінің сәйкестігі анықталса – 3-фильтрге өтеді. Әр этапта жұптар қарым-қатынастарын жалғастыруға қажетті белгілерге ие болмағандықтан ыдырайды (Гозман Л.Я., 1987).
Тақырыпқа қорытынды жасай отырып, жұптарды іздеуде сәйкестік ориентациясы көп тараған. Бұл жұпты оңай түсінуге және түсінікті болуға мүмкіндік береді. Екінші ориентация – жұптардың қасиеттерінің өзіндік толықтырылуы. Бұл жұптарға әрқайсысының жеке ресурстарын қолдануға, икемдірек болуға көмектеседі. Үшінші ориентация – бұл қарама-қарсылық; бұл жұптардың қарсылық белгілерге ие болатын екінші жұптарды іздестіру кезінде көрінеді (бұл ориентация өте сирек кездеседі). Ең көбі – нақты сәйкестік – ол ақылмен байланысты (әсіресе максимальды және минимальды мағынада: IQ), білім дәрежесі, діни тиістілік және әлеуметтік-экономикалық жағдайы; бірыңғай сәйкестік – физикалық белгілер және арнайы қабілеттер (музыкалық, шығармашылық); төменгі сәйкестік – темперамент және жеке қасиеттер. Бірақ, осы күнге дейін жұптар арасында физикалық немесе психологиялық белгілер болатын жағымсыз корреляциялар қорытындысы болмаған (И.В. Равич-Щерво және т.б., 2002 ж.).
2. Романтикалық махабаттағы қатынас динамикасы. Жұптардың қарым-қатынастарының бір түрі – романтикалық махаббат. Бұл 90% жағдайда өзара қатынастың бұзылуымен бітеді. Мұнда эмоциялық қызудағы қайғының қарқындығы болады. Романтикалық махаббат – аз танылатын қатынас, биологиялық қажеттілік артықшылығының анықталуы. Дәл осындай қатынасты К.Юнг (1996 ж.) «өмірдің біреудің өміріне шақырылуы» деп атайды. Романтикалық махаббаттың ең характерлік жақтары болып жұптық шын белгілерді проекциямен айырбастауы (әр жұп: яғни өзінің жұбында көргісі келетін қасиеттер). Осы себеп көптеген романтикалық махаббаттардың жоғалуына әкеп соғады. Айрылысу шыдамсыз ауру, реніш, алдану сезімін, сенімсіздік қайғысымен анықталады.
Романтикалық махаббат қатынасының динамикасы (Камерон – Бендлер, 1993 ж.) 7 этапқа бөлінеді:
Назарын аудару – өзара қызығушылықтың вербальды емес белгілермен айырбастауымен қалыптасады. Бұл этапта жұптардың әрқайсысы тартымдылық критерийі, сәйкестік дәрежесін тексереді. Егер көрсетіліп отырған әрекет осы критерийлерді қанағаттандырса (интеллектуалды, адамгершілік, кішіпейілділік, әзілкеш, сенімді және т.б.), онда: бұл адам тартымды, сүйкімді деген шешім қабылданады. Әсіресе бұл этапта қалаушылық шындыққа айналады.
Қызығушылық – егер жұптың іс-әрекеті қойылған тартымдылық критерийлеріне жауап берсе ғана басталады. Жұптар кездесе бастайды, мүмкін бірге тұрады немесе неке құрулары мүмкін. Жұптардың қайғыруы жағымды эмоцияға сәйкес келеді. Бұл этапта жұптың белгілеріне қатысты иллюзияға берілу, оның қажеттілігі және мүмкіншілігі көрінеді. Иллюзиямен жасалған кейбір қатынастар көп уақытқа созылуы мүмкін, бірақ көбінесе қанағатсыздықпен аяқталады.
Дағдылану – дағдылықтың қайғысы, жаңа қатынасты сезінудің төмендеуі. Әсіресе сыртқы көрініске қызығушылық қажетті болып саналады. Эмоциялар бейтараптылыққа сәйкес келеді.
Күту – жұптың идеалмен салыстырып, айырмашылықты, қызығушылықпен құралған фантазяны, шын образды, жұп іс-әрекетін бақылағаннан кейінгі қорытындыны таба білу қатынасы. Жұптар құштарлықпен бір-бірінде қаланған іс-әрекеттердің жоқтығын және жағымсыз күтулердің тіркелуін байқай бастайды. Әсіресе ең қатты күтулер – жыныстық қарым-қатынас болады. Проекция орнына нақты шындық келеді және түсініспеушілік маңызды болса, көңіл қалушылық болады.
Көңіл қалушылық – жұптардың әртүрлі жағымсыз – алдану сезімінен кейінгі реніш сияқты эмоциялық күйді бастан кешіру этапы болып табылады. Бұл этаптың психологиялық мазмұны жұптың позитивтік бейнесінің нақты трансформациясының жағымсыз бейнеде көрініс табуы. Осы этаптағы жұптар романның бастапқы кездерін есіне алып, «бәрі бұрынғыдай болса екен», деп қайғырса, қарым-қатынас терапиясы болады, ал егер олай болмаса, терапия қажетсіз. Осы империкалық критерийді Л.Камерон – Бендлер (1993 ж.) жұптық қарым-қатынасты психотерапиясындай атап кеткен.
Табалдырыққа жету – бұл этапта, біреуінің не екеуінің де қатынастың үзілгеніне көзі жетіп, оны сақтап қалудың ешқандай мәні жоқ екенін түсіну. Осындай шешім қабылданған соң, оның дұрыстығы тексеріліп, соңғы шешімді қабылдау болады.
Қатынастың үзілуі – әрекет жұбының түрін ешқашан көрмеуге бағытталған. Қатынасты ойлау барысында бір жұп екінші жұптың толық кінәлі екеніне сенімді болады. Осындай жұптар дәл осындай кезеңді басынан қайта өткереді. Бірақ психологиялық тұрғыда еш өзгермейді. Ал бір жұптар қатынастың үзілгенін біле тұра бірге қала береді.
Жұптық қарым-қатынастағы манипуляция
Еркек пен әйел арасындағы махаббаттық қатынас – Э. Шостром (1994 ж.) айтуы бойынша, «құнарлы топырақ». Шынымен көптеген әдебиеттерде мысалдар берілген, солардың ішіндегі ең атақтысы – Дон Жуан. Манипулятор ер кісі әйел образында тек сексуалдық жаулап алушылықты көріп, өзінің батырлық жеңісімен өлшейді. Осы жолда құрбан болғандар ол үшін есепке алынбайды. Жаулап алу кезеңінде осындай еркектердің қорқынышы бәсеңдейді, бірақ олар жеңіске жеткенше жарыса береді. Осы мысалға симметриялық нұсқа болып, өзінің көріктілігімен еркектерді басқаратын әйелдер жатады. Осындай әйелдерге еркектер назарын аудару, еліктіру, ызаландырып, мазақтау ұнайды. Ең эмоционалды шыңы болып - әйелдің онымен қызыққан еркекті қабылдамауы, бетін қайтаруы болып табылады. Шостром «донжуанизмді» өте маңызды мәселе, ондай адамдарды шын қатынасқа түсуге қорқатын адамдар дейді. Осындай жағдайлар көбіне өзін жоғалтумен аяқталады.
3.Махаббат қатынасының типологиясы. Психологиялық әдебиеттерде махаббат қатынасының типологиясы туралы жеткілікті мәліметтер жазылған (Гозман Л.Я., 1987 ж.). Бір типологиямен біз таныспыз: ол - романтикалық махаббат. Ең негізгі механизм проекциясының жұмыснда, пісіп-жетілген махаббат.
Дж. Ли махаббат қатынасының 6 типін суреттеді:
Eros – махаббатымен, құштарлық қалауымен түскен романтикалық және сексуалды махаббат.
Mania – басқа біреу тарапынан қанағатсыздықпен қарап, жалықтырғыш, өзін-өзі орап алатын және талап еткіш махаббат.
Ludis – өзіне сенімді, жеңіске жететін, жарыс ретінде болатын, ойын махаббаты.
Storge – екі адамның арасында болатын мықты және жайлы, достық махаббат.
Agape – ұлы, қастерлі, шыдамды, момын махаббат.
Pragma – өмірлік мақсаттар осы адаммен қосылған іске асатынын білдіретін, ақылмен шешілетін, үнемді махаббат.
Өзіндік пайда үшін құрылатын махаббатқа қарсы критерийлерді А.Маслоу атап кеткен. Солардың бірі – тұрмыстық махаббат – «алам, берем» деуге құрылмайтын, керісінше осы адамның өмір сүріп жүргеніне қуанатын, шартсыз махаббат. Зарарлы махаббат – жұптардың біреуінің әлеуметтік дәрежесімен қанағаттанбайтын қатынасы. Сондықтан ол сол тапшылықты толықтыру мақсатында, соны қанағаттандыратын жұпты іздейді. Мысалы, әйел адам мықты кісіні іздейді, ол қауіпсіздік сезімін сезіну үшін болады. Ал ер адам сұлу әйелді, өзі қанағаттандырарлықтай жауап бермеу үшін іздейді.
Ғалым Т.А. Флоренская «махаббат» ұғымының үш түрлі мағынасын бөліп көрсетті. Бұл ұғымдарға сипаттама беретін болсақ, біріншіден, махаббат - жыныстық құмарлық, екіншіден, махаббат - сүйікті болу қажеттілігі, үшіншіден, махаббат - өзгеге бағытталған доминантты қарым-қатынас.
Келесі кезекте біз осы ұғымдардың мағынасына талдау жасап көрелік. Гипертрофиялық жыныстық құмарлық ретінде махаббат адамның барлық өмірлік күшін тартымды етіп, өзінің нәпсісінің құлы етуге дейін апарады. Бұл жағдай адамның рухани және психологиялық дамуының тосқауылы бола отырып, ішкі және сыртқы шиеленістердің тамыр жаюына себептігін тигізеді. Балалардың психикасының дамуына ерлі-зайыптылардың жағымсыз, әрі дөрекі қарым-қатынасы қатты әсер етеді. Т.А.Флоренскийдің пікірінше, мұндай адам отбасын құруға қабілетті емес, оларда тек жыныстық қажеттілікті қанағаттандыруда әріптесті алмастыру ниеті өте күшті басым болады. Соңғы кездегі психологиялық зерттеулерде отбасындағы жоғарыдағы айтылған жағдайды “сериялық моногамия ” ретінде сипаттайды.
Сүйікті болу қажеттілігі ретінде махаббат балалық шақтан бастап туындайды. Бірақ көбінесе адамның сүйікті болуға деген қажеттілігі тек өзіне ғана бағытталған болуы да ғажап емес. Жоғарыдағы айтылған тек біржақты қажеттіліктер балалық шақта өзіне және өзгеге қанағаттанбаушылық пен жоғары мазасыздық сезімін ұялатуы мүмкін. Осы орайда, эгоцентрикалық және невротикалық қажеттіліктер өзіне деген махаббатты талап етеді. Сүйікті болу қажеттілігінің жоғарлауы сәтсіздікке қарай итермелейтін реакцияларды туындатады. Махаббат қарым-қатынасындағы тұрақсыздық, өзгені жақсы көре алмау қабілеті, сүйікті болу қажеттілігінің күшеюі қарқынды қызбалықты туындатады. Мұндай адамдар отбасылық өмірде үнемі қарым-қатынасты анықтаумен болады. Отбасылық өмірге қатысты жауапкершіліктерді, міндеттерді көбінде атқармайды.
Махаббаттың үшінші сипатында, яғни, басқаға доминантты қарым-қатынаста жақсы көру қабілетінің жоғары болуы өзіне және отбасына сенімділік тудырады. Сүйікті адамының өзін жалықтырмағандығы қарым-қатынасты тереңдете және нығайта түсетіні анық. Бұл жағдайда сүйіктілер әрдайым бірге болуды қалайды, оларды тек ажал ғана ажырата алады деп санайды.
4. Некенің психологиялық концепциялары. «Орыс тілінің этимологиялық сөздігінде» (М. Фишер, 1964 ж.) «неке» сөзі келесі мағынаға ие: «үйлену, ерлі-зайыптылық», тойлау, той дегенмен бұл сөз не орыс, не украин тілінен халықтық сөз болып табылады. Ол шіркеулік славян тілінде «ВORKЪ», «неке» деген сөз болып табылады. С.И.Голоданың (1998 ж.) айтуы бойынша, «неке әлеуметтік тәртіпте әйел мен еркек арасында болатын жыныстық өмірдің жалғасуына негізі беретін, тарихтың әртүрлі механизмді қатынасы». К. Юнгтің некедегі психоанализдік концепциясы. Неке - балалық қалаулықтың орныдалуы деп ойлайтын Хорниге қарағанда, К. Юнг некені – өзаралық қатынас деп қарастырады. Өз жұмысында «Неке - психологиялық қатынас» (К. Юнг, 1996 ж.). К. Юнг бойынша «Неке - психологиялық, яғни белгілі индивидуалды қатынас». Сонымен қатар, К. Юнг ер адамдарды «жұбайын» таңдаудың екі аспектісін көрсетеді: біріншісі, егер ол жігіт анасына адал болса, қыздың дәрежесін анасынан төмен етіп таңдайды. Ал егер ол, анасының басқаруынан шыққысы келсе, онда ол қолында басқару күші бар қызды таңдайды.
К. Роджерстің некедегі гуманистік концепциясы
Карл Роджерстің айтуы бойынша, «неке - ұзақ мерзімді, адами қатынастардың ішіндегі ең интенсивті қатынас болып табылады». Әрі ол өз дамуын жалғастыру керек. К.Роджерс некенің 4 маңызды түрлерін көрсетеді:
неке - әрқашан жұптардың қазынасы мен күш-жігерін талап ететін уақытша динамикалық өзара қарым-қатынасы;
өзара қарым-қатынас жақсы даму үшін, жағымды және жағымсыз сезімдердің еркін білдірілуі маңызды. Бұл тек жұр туралы емес, бір-біріне қамқор болатын жұптардың сезімі туралы;
өзара қарым-қатынастың тіркелуінің бірі, бұл басқалардың күтуі бойынша рольдік іс-әрекеттен бас тарту болып табылады. Көп жұптар әке-шешесіне тәуелді болып өмір сүреді;
жұптардың некедегі индивидуалды мақсаты - өз табиғатын ешқандай қоспасыз қабылдау.
6. Тұлға аралық қарым-қатынас отбасындағы ерлі зайыптылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы, бірлескен іс-әрекетті орындауға деген талпынысының келісімділігі жеке тұлғалар арасындағы қарым қатынастың қалыптасуы, екінші жұпты тану және өзін өзі тану секілді міндеттерден тұрады.
Отбасыдағы (ерлі) жеке тұлғалар арасындағы қарым–қатынастың ерешелілігі болып жоғары эмоциялық күй және қарым қатынастың ашықтығы білінеді.
Қарым-қатынас актісіне келесілер кіреді:
қарым-қатынастың қажеттілігі мен түрткісінің тууы.
қарым-қатынас міндеттерін анықтау (ақпараттық танымдық,екнші жұптық мінез құлқы мен іс-әрекетіне ықпал ету міндеті,т.б.)
ақпараттың алмасуы.
екінші жұптан ақпаратты алу.
алынған ақпратқа талдау және қарым-қатынас актісінің жауап мазмұны жайында қабылданған шешім.
ақпарат алмасу.
Л.А.Петровскидің, Г.М.Андреева, К.Роджерстің еңбектерінде отбасыдағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың тимді жағдайлары анықталып көрсетілген. Ол өзіне табысты қарым-қатынасты ұйымдастырудың жалпы принциптері мен отбасыдағы қолданылатын арнайы нормалар мен ережелерді қамтиды:
- қарым-қатынастың ашықтығы;
- отбасы мүшелері үшін маңызды мәселелерді талдауды қамтамасыз ететін қарым-қатынастың жоғары активтілігі: отбасылық өмірде мұндай бақылауларға арнайы уақыт бөлінеді: мысалы, бірлескен шай ішу, балалар мен ұйқы алдында сөйлесу;
- вербальды емес қарым-қатынастың дәлдігі;
- отбасыдағы эмоционалды қарым-қатынастың жағымды дамуына жағдай ретінде екінші жұпты эмпатиялық қабылдау;
- өзара махаббаттың, эмпатияның, қабылдаудың, екінші жұпты сыйлаудың көрінуі. Бұл әсіресе отбасылық циклінің дағдарысты кезеңдерінде және стресті, фрустрациялы, проблемалы ситуациялар туандағанда аса қажет;
- отбасылық тілдің қалыптасуы – бұл отбасылық белгілерді, дәстүрлерді, нормаларды анық, келісімді және жеңіл білу. Отбасылық сөздікке ерекше есімдер, лақап аттар, бір оқиғаның маңызды белгілері, әзілдер, обасылық әңгімелер кіреді. Және де сонымен қатар көзқарастың, жесттің, мимиканың келісімді түрлері болады. Отбасылық реликвия - семья өміріндегі белгілі бір ерекше жадайлармен байланысты заттар да отбасылық қарым-қатынастың тұрақтануында, отбасылық өзіндік сананың қалыптасуы мен өзара әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады.
Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы – отбасы проблемаларының ең өзектілерінің бірі. Отбасындағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың бұылуының келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1)Вербальді және вербальді емес қарым-қатынастың қайшылықтылығы.
2) Қарым-қатынастағы кедергілердің пайда болуы.
3) Қарым-қатынас барысында екінші жұпты манипуляциялау, қарым-қатынасты басқаруды теріс пайдалану.
4) Сезім алмасуының тоқырауы және бұзылуы.
5) Ауытқушы қарым-қатынас.
6) Парадоксалды қарым-қатынас.
7) Маскалы коммуникация – мистификация.
8) Қарым-қатынас арнасы үшін күрес.
Қарым-қатынастағы қиыншылық көбінесе тиімді қарым-қатынастық кедергілерден туады. Тиімді емес айта салу типтеріне төмендегілер кіреді: бұйыру; тіке нұсқау беру; (алдын ала ескерту) қорқыту; нотация; мерализаторство; кеңестер және түсіндіру; ломпалық аргументация; тік негативті баға; мысқылдау; мұқату; сұрау; тергеу; ізіне түсу; зейінін аудару; проблемадан қашу. Отбасыдағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың бұзылуын ерлі-зайыптылардың жекелеген ерекшеліктеріне де байланысты.
Ауытқыған қарым-қатынас бір жақты көрініс алатын процесс. Мұнда екі жұптың біреуі қарым-қатынастан қашу құралы ретінде үнсіздікті таңдап алады. Сыртқы көрінісі бойынша монолог диалог орнына жүреді.
