Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013 отбасы лек.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
767 Кб
Скачать
☆

Анкета жаттығуы.

Әр қатысушыға өзінің болашақ ері немесе зайыбына арналған анкетаның іс-қағазын алады да, өз есімін белгілеп, графаларды толтырады.

Болашақ ерінің анкетасы (зайыбының)----------------------------------------------

Ерінің аты (зайыбының)------------------------------------------------------------------

Жасы------------------------------------------------------------------------------------------

Бойы-------------------------------------------------------------------------------------------

Салмағы--------------------------------------------------------------------------------------

Ұлты-------------------------------------------------------------------------------------------

Көзінің түсі----------------------------------------------------------------------------------

Шаш үлгісі-----------------------------------------------------------------------------------

Киіну стилі-----------------------------------------------------------------------------------

Қайда танысты------------------------------------------------------------------------------

Қалай танысты------------------------------------------------------------------------------

Қайда және кім болып қызмет атқарады----------------------------------------------

Оның артықшылықтары------------------------------------------------------------------

Оның кемшіліктері-------------------------------------------------------------------------

Қайда тұрамыз------------------------------------------------------------------------------

Отбасымыздың басқа мүшелері---------------------------------------------------------

Отбасымыздағы қатынастар-------------------------------------------------------------

Отбасылық дәстүрлер---------------------------------------------------------------------

Үй жануарлары-----------------------------------------------------------------------------

Қатысушылар анкетамен алмасады және болашақ жас отбасына тілектер жазады. Содан соң талқылау жүргізіледі: Кімнің анкеталары ұнады, онда не таң қалдырды? Қандай тілектер ұнамды, құнды болып көрінеді ?

Жаттығудың басқа нұсқасы. Қатысушылар анкета сұрақтарына бірлесе отырып жауаптар іздейді. Содан соң әркім кездейсоқ тәртіппен өзіне жауапты «таңдайды», әзілді анкета жасауға ұмтылады.

Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті. Адамдар арасындағы қарым-қатынас «адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген принципте құрылатын біздің елімізде адамдардың жаппай бір-біріне жат болуы мүмкін емес. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты, бізде де жалғыз жүретін, достары жоқ, басқалармен қарым-қатынас жасауды ерекше қажет ететін адамдар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайдың неге орын алатынын түсіну үшін, қарым-қатынас жасауда адамға не көмектесетінін, керісінше, не кедергі келтіретінін қарастырайық.

Дұрыс қарым-қатынас дегенді қалай түсінген жөн. Жазушы В.Поронин „Ошибки в объекте” повесінде сырахана маңынан шықпайтын бір топтың „қарым-қатынас сипатын” былайша суреттейді: „Ол жерге жақсы жігіттер келеді... Ересектерге қайда шер тарқатады, ескі достар қайда кездеседі? Мысалы мен күн сайын достарымды көргім келеді, ал кұн сайын жайнатып дастархан жасауға жағдайым жоқ. Олар да олай ете алмайды. Маған бірер сөзбен хал жағдайы сұрассам, әңгіме айтсам, әңгіме естісем – жетіп жатыр, көңілім жай табады”.

Көрінгенмен таныса кету, қалай болса солай қарым-қатынас жасау, түкке тұрмайтын „хабарлар”алмасу – міне, мұндай қарым-қатынасты дұрыс дей қоюға болар ма екен. Дұрыс қарым-қатынас жасаудың қажетті бір шарты - басқа адамның іс-әрекетінің астарын, яғни „бөтеннің” өз мінез-құлқы арқылы не білдірмек болғанын дұрыс аңғара білу. Әйтпесе адам басқа біреуге шын мәнінде оның мінез-құлқында білінбеген себептерді таңады да, содан барып аралары суи бастайды. Адамдар арасындағы бірқалыпты өзара қарым-қатынас олар басқалардың жайын ақылмен ғана емес, сезіммен түйсінуге, басқаларға жаны ашып, бірге толғана білгенде, өзін басқа адамның орнына қоя білгенде ғана орнығады.

Адамдар арасында дұрыс қарым-қатынастарды орнатуда өзара қатынасу мәдениетінің маңызы үлкен. Оған адамдарды құрметтей білу, мейрімділік, шыдамдылық және т.б. мінез сипаттарынан басқа сыпайылық пен әдептілік сипаттарының дамуы да кіреді. Сыпайылық – бұл мінез сипатының негізгі мазмұнын адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында іс-әрекеттің белгіленген тәртібін сақтауға көргенділік көрсетуге дағдылануды құрайды.

Әдептілік көргенділік талаптарын білу мен сақтауға қоса адамдар арасындағы қарым-қатынаста әр нәрсенің орнын білуді, өз мінез-құлқын нақты жағдайға тез әрі дәл бейімдей қоюды да қажет етеді. Өзіміз басқалардан жиі күтетін, бірақ өзіміз сирек көрсететін тағы бір мінез-сипаты бар – ол кіші пейілділік көрсету. Кіші пейілділік пен принциптілікті дұрыс ұштастыру – дұрыс өзара қарым-қатынастың кепілі.

Адамдардың өзара қатынас жасау мәдениеті олардың бойында қатынастардың кейбір ерекше машықтығы мен дағдыларының қаншалықты қалыптасуымен тығыз байланысты. Мұндай ептіліктердің қатарына мыналарды жатқызуға болады. Ең алдымен адамның басқа кісімен танысқанда ол тірішілік алғашқы әсерін өзгерте білу қабілеті. Көбіне бұл алғашқы әсерлер шектеулі мәліметтің негізінде қалыптасады- біз жаңа танысымыздың „шын мәнінде” қандай адам екенін білмейміз, оның сырт келбетін ғана байқаймыз. Сондықтан да адамның сырткедбеті - бет-жүзі, денесі, өзін-өзі ұстауы, киімінің, шаш қоюының сәнділігі, өзіндік сөз саптау - алғаш көрген кезде қалай қарайтынымызға едәуір әсер етеді. Алайда, көпшіліктің барлығын бірдей адамды бағалауға келгенде „киіміне”, „ақылына” қарап бағалауға болмайды.

Басқа адамдармен бөтен пиғылсыз араласа бастай білу, мәдениетінің мәнді бір қыры. Адамдарға, әсіресе әлі онша таныс еместерге қалай қарайтынымызға әлеуметтік үлгі дейтін үлкен ықпал етеді. Бұл – нақты бір ортада адамның қандай әлеуметтік, кәсіптік, ұлттық және басқа топқа жататынына байланысты қолданылатын оның схемалық, стандартты бейнесі. Бұрын ғалым атаулының тұрмыстық ұсақ түйекке дәрменсіз, жаңғалақ және т.б. болып келетін бейнесі кең тарағаны баршаға белгілі. Қазыргі күнде де біздің нақты бір адамның мінезі, еркшеліктері туралы түсінуімізді бұрмалайтын көптеген әлеуметтік үлгілер бар.

Қатынас мәдениеті қалыптасқан адам өзінің талғамын, әдет-дағдыларын, нені ұнататынын басқаларға таңбауын талап етеді. Біздің әрқайсымызда бірте-бірте адам қандай болуы керектігі, қандай қасиеттерді іс-әрекеттерді неғұрлым мәнді деп санайтындығымыз жөінінде өзіндік наным-сенімдеріміз қалыптасады. Осы тұрғыдан біз өзімізді ғана емес, басқа адамдарды да саналы түрде немесе өзіміз ғана емес, басқа адамдарды да саналы түрде немесе өзіміз аңғармай-ақ бағалап жатамыз. Мұндай көзқарастардың кейбіреулерінің шынында да принципті мәні бар. Оларды өмірде және басқалармен араласқанда сақтау қажет-ақ. Алайда тіпті жақын адамдардың өзара қарым-қатынасы ұсақ-түйек нәрселерге: қай жолмен жүру керек, фильм жақсы ма, жаман ба деген сияқты тағы бсқа жайларға тым үлкен мән беретінімізге байланысты жиі бұзылатыны болады. Басқалардың әдеттерін құрметтей білу балалық шақтан қалыптастырылуы тиіс.

Нақты қоғамда қабылданғанына сәйкес, белгілі бір түрде сезімді білдіру әдісі – алғыс айту, ықылас білдіру, көңіл айту және т.б. жайлардың да қатынас мәдениеті үшін мәні зор. әрине, басқаға жаны ауырып, бірге қиналған да маңызды, алайда әлгі кісінің сіздің сезіміңізді сезіне алғанының маңызы одан кем емес.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатын айта келе кейбір ғалымдар „қарым-қатынас” ырғағы деген ұғымды да қосады. Мысалы, А.И.Титаренко қатынасты қажетсінудің өзіндік ырғағы, аумалы-төкпелі тұстары болады деп санайды: «Жеке бастың парасаттылығы өзінің және өзі араласатын басқа адамдардың осы ырғағын дәл білдіре білуіне байланысты. Адамды мезі ету мен томаға тұйықтық, жұртпен араласпау сияқты қарым-қатынастың адамгершілік-психологиялық сипаттамасы көбіне-көп олардың араласуына байланысты».

Адамдардың бойында өте әдептілік белгінің болуы да қатынасу мәдениеті үшін өте маңызды, бұл – адамның тәрбиелілігінен де терең ұғым. Қарым-қатынастың интерактивті жағы – бұл адамдардың өзара байланысын, олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әркетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.

Тұлға аралық өзара әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігі. Оны мынадай үлгімен көрсетуге болады: индивид: А-ның қылығы индивид В-ның тарапынан кері жауап реакция шақырады, ол өзінің кезегімен, А-ның мінез құлқына әсер етеді.

Сонымен, қарым-қатынастың жетістігінің бастапқы шарты өзара әрекет етуші адамдардың мінез-құлқының бір-бірінің күтеніне жауап беру болып табылады. Әлеуметтік бақылау өзара әрекет ету үрдісінде бір-бірімен қатынас жасайтын адамдардың орындалатын ролдерінің репертуарына сәйкес, іске асып отырады. Әрбір адам әртүрлі ролдерді атқарады. Ролдердің көптігі кейде қарама-қайшылық туғызады, ролдік конфликтілерге әкеп соқтырады. Ролдерді “орындау” әлуметтік бақылауға тәуелді және міндетті түрде қоғамдық бағасын алады, үлгіден ауытқушылық болса, жазасын алады. Психологиялық өзара әрекет ету кез-келген түрде әруақытта да белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды көздейді. Жоғарыда айтылғандай, өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым-қатынаста әріптес қалай қабылдайды, басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады, бұл – қарым-қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл үрдіс қарым-қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым-қатынастың перцептивті жағы (тікелей сезімдік) деп аталады. Бұл жерде адамды адам қабылдау, яғни тұлға аралық перцепцияның ерекшеліктері туралы айтылады. Қабылдау термині жалпы психологиялық мағынада қолданып отырған жоқ. Сөздің шын мәнінде, мәселе қабылдау туралы емес, басқа адамды тану туралы болып отыр. Басқа адамды тану барысында бір уақытта басқа адамның эмоциялық бағасы іске асады. Басқаны тану үрдісінде негізінен ең азы екі адам қатысады, оның әрқайсысы белсенді субъекті болып табылады. Демек, өзіңді басқамен салыстыру екі жақты іске асады: әріптестердің әрқайсысы басқаға ұқасас болуға ұмтылады.

Басқа адам туралы түсінік өзіндік санамыздың деңгейімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты: бір жағынан, өзің туралы түсініктің байлығы басқа адам туралы түсініктің байлығын анықтайды, екінші жағынан, неғұрлым басқа адам толық ашылып көрсетілсе, соғұрлым өзің туралы түсінік кең қалыптасады. Адам өзін басқа арқылы саналы түсінеді. Өзін басқа адам арқылы саналы түсінудің екі жағы бар – идентификация және рефлексия.

Идентификацияға мазмұны жағынан жақын құбылыс – эмпатиямен байланысты. Рефлексия – бұл өзінің психикалық жағдайы туралы ойлау немесе өзінің көңіл-күйін талдауға бейімділігі. Рефлексия басқа адамды түсіну тетіктерінің бірі.

3. Неке гигиенасы. Кәмелетке толған жігіт пен қыз неке гигиенасының, тазалығының негізін білуі тиіс. Неке гигиенасы деген ұғымның аясы кең. Атап айтқанда неке гигиенасы дегеніміз - ерлі-зайыптылардың денсаулығын, олардың жыныстық және өмірге ұрпақ келтіруге қабілеттілігін сақтауға, шыр етіп жарық дүниеге келетін нәрестенің аман болуын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізі бар, профилактикалық шаралардың жиынтығы. Солардың ішінде әсіресе некелесуге тілек білдірген болашақ ерлі-зайыптылардың жастары аса маңызды роль атқарады. Біздің елімізде 18 жасқа толғандардың бәріне некелесуге рұқсат етіледі. Өйткені осы жасқа келгенде ғана қыздар жыныстық жағынан жетіледі.

Кәмелетке толмай жатып жыныстық қатынасты ерте бастау, әсіресе бала көтеру ананыңда, дүниеге келетін перзенттің де денсаулығына үлкен зиян келеді. Оның үстіне өзі балалық дәуінден шықпай жатып, бала тапқан адамның оны дұрыс тәрбиелей қоюы да екі талай нәрсе. Жыныстық жағынан жетілмей тұрып бастаған жыныстық қарым-қатынас жас организмнің психиканың, даму, қалыптасу процесіне зиянын тигізетіні, оның функциялық қабілеттерін жас кезде ғана емес, есейген кездеде әлсірететіні қазіргі кезде дәлеледеуді қажет етпейтін ақиқат деп білуі керек. Әлі 18 ге толмағандардың жүкті болу және босану ерекшеліктерін зерттеген кезде, толысқан әйелдер мен салыстырғанда олардың түсіктің жиі тастап, баланы шала туатыны, жүктілік токсикозы мен толғақтың әлсіздігі жиі байқалатыны анықталды.

Инфантилизм салдарынан алғашқы бедеулік деп аталатынға шалдыққан әйелдерді зарттегенде олардың 3-4 жыныстық қатынасты өте ерте бастағаны анықталды. Басқа жағдайда да алғашқы бедеулік күйеуге ерте шыққан әйелдер арасында тұрмысқа мезгілінде шыққандарға қарағанда 2-есе жиі кездеседі. Гигиеналық тұрғыдан алып қарағанда өте кеш некелесуді де құптауға болмайды. 28-30 жасқа келіп алғаш бала көтерген әйелдің толғағы ауыр өтеді. Оның үстіне жұмсақ тканьдар қатайып кеткендіктен, некелесушілердің жас айынмашылықтарының да маңызы бар. Еркек жыныстық жағынан да, рухани жағынан да кештеу жетілетін болғандықтан, әйелінен бірнеше жас үлкен болуы тиіс. Кейбір ғалымдар күйеуінің әйелінен 5-10жас үлкен болғанын дұрыс деп есептейді.

Некелесу алдында жұбайлар дәрігенге қаралуы тиіс. Олардың тұқым қуалайтын аурулары жоғын дәлелдеу. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің денсаулығына, гигиенасына сақ болуы тиіс.

8-лекция Жастарды отбасылық өмірге тәрбиелеудегі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]