Бақылау сұрақтары
1. Аттракция дегеніміз не?
2. Аттракцияның негізгі факторларын сипаттаңыз?
3. Үш фильтр концепциясының мәні неде?
4. Романтикалық махаббаттың негізгі белгілері қандай?
5. Романтикалық махаббаттың даму кезеңдерін атаңыз?
6. Дж. Ли махаббат қатынасының қандай типтерін көрсетеді?
7. Неке концепцияларын атаңыз.
8. Романтикалық махаббатта проекцияның рөлі қандай?
Тапсырма
1. Неке концепцияларына салыстырмалы кесте құрыңыз.
2. Романтикалық махаббат қайғысы көрсететін туындыны мысалға келтіріңіз.
3. Романтикалық махаббаттағы қарым-қатынас динамикасын схема түрінде көрсетіңіз.
4. «Махаббат қатал» және «Сүйгеніңмен лашықта да жұмақ» деген пікірлерге көзқарасыңыз? Жақтаңыз немесе қарсылық білдіріңіз.
11-лекция. Отбасы психотерапиясы
1.Отбасылық психотерапия туралы түсінік.
2.Отбасы терапияның дамуы.
3. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.
1. Отбасылық психотерапия деп тұлғаралық қарым-қатынастарды түзетуге бағытталған отбасыдағы, әсіресе науқас отбасы мүшесіндегі эмоционалды бұзылыстарды жою мақсаты бар психотерапияның ерекше түрін айтамыз. Отбасы терапиясы барысында 3 кезеңнен тұрады. Оның ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше жылдарға дейін созылуы мүмкін, оның ұзақтығы “белгіні таратушыда” психикалық бұзылыстың ауырлығымен отбасындағы тұлғааралық қақтығыстардың айқындылығымен, терапевтік өзгерістерге жетуге отбасы мүшелерінің мотивациясы мен қамтамасыз етіледі. Алғашында отбасы терапиясы 1-2 сеанс, ал кейін екі аптада бір рет, ал одан әрі үш аптада бір рет жиілікте өткізіледі.
Отбасы терапиясы 4 кезеңдерді жиі бөледі (Эйдемиллер, Юстицкис):
отбасылық диагноз, анықтау кезеңі;
отбасылық қақтығысты жою;
қайта құру;
қолдаушы.
Отбасылық анықтау дегеніміз – отбасы мүшелерінің индивидуальді жекелік қасиеттерін ескеру мен бұзылған отбасылық қарым-қатынастардың типтелуі. Отбасылық қатынастарды анықтау проблемалы болжамдарды алға қоятын және тексеретін психотерапевтің отбасылық топқа қосылу процесімен жүзеге асады. Отбасылық анықтау процедурасының ерекшелігі, ол отбасылық теропияны барлық кезеңдерге алып жүреді және психотерапевтік техникалардың таңдауын болжайды. Оның басқа ерекшелігі болып жатқан жайында отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпаратты отбасының басқа мүшелерімен, сұрастыру мен психотерапия процесінде қатысушылардың қылығын бақылаудың негізінде құрылған психотерапевтің өзінің әсерімен сәйкестендіру қажеттілігінен тұрады. Екінші кезеңде психотерапевті клиентпен және оның отбасы мүшелерімен бір жақты кездесулерде отбасылық қақтығыстың негізін анықтау мен табу және оны қақтығысқа қатысты отбасының әрбір мүшесінің эмоционалды әсерленуі арқылы жою жүреді.
Психотерапевт қақтығысқа қатысушыларға барлығына түсінікті тілде сөйлесуге үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар ол отбасы мүшесінің бірінен алынған қақтығыс жайындағы келісілген көлемдегі ақпаратты тасушы делдалдың ролін орындайды. Бұл ақпараттың вербальды емес сыңары. Отбасылық қарым-қатынастарды реконструкция кезеңінде көкейкесті отбасылық мәселелерді топпен не ұқсас мәселелермен параллель топтардағы клиентермен талқылау. Бұл топтардағы рольдік қылықтың тренинг пен конструктивті дауласудың ережелерімен оқыту жүргізіеді.
Отбасылық перапияның қолдаушы кезеңі табиғи отбасылық жағдайларда эмпатикалық қатынас пен рольдің қылықтың кеңейтілген диапазонындағы өткен кезеңдердегі алынған дағдыларды нығайтудан тұрады. сОнымен қатар шындық өмірде қолданылатын қатынастың алынған дағдыға кеңес беру мен түзету жүргізіледі. Кезеңдерді бөлу отбасылық терапия процесін құрылымдауға мүмкіндік береді, диагностикалық мәліметтің мақсаттары мен көлеміне байланысты түрлі психотерапевтикалық әдістердің қолдану жүйелілігін дәлелдейді. Отбасы терапиясының жиі қолданылатын әдістері:
үнемдеуді тиімді қолдану;
тыңдай алу шеберлігі;
сұрақтардың көмегімен оқыту;
қайталау;
соммалау, мазмұндау;
нақтылау және аффектінің бейнеленуі;
конфронтация, яғни, ерлі-зайыпты жұп, бейсаналы немесе амбивалентті мақсаттар, қатынастар, немесе оларды саналы меңгеру мен өңдеу мақсаты мен қылық стереотиптерін ұсыну;
рольдерді орындау;
“тірі мүсіндерді” құру;
видеожазбаны талдау.
Отбасы терапияның дамуы. ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық диагнотикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік – тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын “отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.
2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.
2. Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Алто мектебі. Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол тапсырмалардың мақсаты:
отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;
психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін қосымша ынталандыруды табу;тапсырмаларды орындауда отбасы мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;
отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.
Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:
Қатынастарды айқындау және анықтау.
“Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);
ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. “Мен-қалпы” сабағы.
Отбасылық психоаналитикалық терапия.
Психоаналитикалық отбасы терапия мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында боладындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген.
Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, “бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды.
Отбасылық жүйелік терапия. Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынжы және отбасы терапиясы терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы боладын.
Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі/мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
психотерапевті отбасымен біріктіру;
психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
отбасылық қатынастарды рекеонструкциялау;
психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы.
Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан “мәселені шешуші” “қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау.
Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.
Отбасы қылықтық психотерапия.
Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады.
Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету паттерндерін тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.
Жұмыстың ең танымал техникалары келесілері:
қалыптастыру – жүйелі нығату арқылы кішкентай порциялар тілекті қылыққа жету;
жетондық жүйе сәтті қылықтары үшін балаларды марапаттау есебінде ақша немесе ұпайды қолданады;
шарттық жүйе ата-аналардың қылығының өзгеруі баланың қылығының синхронды өзгеруі келісуді өзіне қосады;
мараппатауға өзгерістер мен айырбастау;
бөлу шектеу түрінде жазалау;
отбасы қылық терапиясы бұл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болғандықтан ең әйгілі әдістердің бірі.
Басқа бағыттар:
Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады. Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады.
Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады. Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс “тәжірибе” мен “сапалы мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия.
Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады.
Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.
Ерлі-зайыпты психотерапияның қылықтың ыңғайының мақсаты серіктестерінің қылығының өзгеруі бәрінен бұрын болып табылады. Онда оқыту мен шарттаудың әдістері қолданады, ол мынаны қамтамасыз етеді:
күйеуі (әйелінің) өзара жағымды қылықтарын басқару;
қатынас пен туындаған мәселелерді бірігіп шешу аймағында қажетті әлеуметтік білімдер мен дағдыларды меңгеру;
өзара өзінің қылығын өзгерту жайындағы ерлі-зайыптының келісімді өңдеу мен жүзеге асыру;
отбасы терапиясында қазіргі уақытта қылықтың бағыт ең кең тараған. Оның ең әйгілі формалары – ерлі-зайыптының шарттарды жасау, коммуникативті тренинг, конструктивті талас, мәселелерді шешу тәсілдері және т.б. қазіргі уақытта көптеген мамандар бәрінен жиі когнитивті –қылықтық терапия мен жүйелі психотерапияны байланыстыра интегративті ыңғайды қолданады.
Шарт негізінде қылық терминінде өздерінің талаптары мен өзіне алынған жағдайларды оның ерлі-зайыптылар анықтайтын келісім шарт жатады. Талаптарды формулағанда келесі тәртіпті қолдау ұсынылады: жалпы наразылық, оны нақтылау, одан кейін жағымды сөздер (ұсыныстар), соңында әрбір жұбайдың әрқайсысының міндеттерін тізу мен шарт.
Гуманистік бағытта ерлі-зайыптының қатынасын психологиялық түзетуде үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутогендік, толеранттылқ, басқаға тиімділік пен әрбірінің тұлғалық тәуелсіз дамуы түсінігі маңызды болып табылады. Бұл ыңғай динамикалық қарама-қарсылық ретінде дамыған. Ол зайыптының тарихи өткенінің әсеріне, шектен тыс манипулятивті қылықтық ыңғайға бағытталған. Мұнда психотерапевт ерлі-зайыпты өздерінің сезімдерін вербализациялауға және осыдан түсінікті жақсартуға жағдайлар жасайды. Серіктестердің жекелік дамуы үшін қолайлы жағдайлар құрайтын ашық некелік ұстанымдар құрастырылған болатын;
Шындық ұстанымы, “қазір осы жерде”;
Серіктестктің жекелік өмірін сыйлау;
Ашық қатынас басқаның “ойын оқымай” өзінің сезімдері мен тілектері жайында ашық айту;
Отбасы ролдерді орындауда ширақтылық;
Тең құқықтық;
Сенімділік;
аутектілік - өзінің бағасын білу, басқаның түсінігіне сәйкес өмір сүру құқығын бағалау;
ашық серіктестік - әркім өзінің жеке құқықтары мен әуестілігі бар.
Отбасылық психоаналитикалық терапия.
Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.
Отбасы жүйелі психотерапия.
Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жаңа отбасы психотерапиясының негізіг қадамдары келесідей:
психотерапевті отбасымен бітіру;
психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Бағдарламалық отбасылық психотерапия.
Бұл отбасылық психотерапияның әдісі “мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды.
Отбасының имплицитті теориясы.
Отбасыны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде отбасының әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик отбасылық терапияға әртүрлі жол табатын “Отбасылық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді. Отбасыны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы отбасылық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан отбасының имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді.
Отбасыны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өзі де “отбасылық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы отбасылық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды “ деп айта кетеді.
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір отбасыдағы отбасылық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай отбасының өзіндік окнцепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін отбасыда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет.
Отбасыға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады. Бұл біздің жатырда пайда болғаннан бастап өміріміз, яғни, анамыздың жүкті кезінде өзін қалай сезінгені, нәресте кезімізде бізді қалай күтті, бізді оқытқанмен өсіп жатқандағы тіл мен дыбыстар”.
Адам өз отбасысының бір бөлігі болып табылады, ол онда туды, соның ішінде дамыды, адамдар мен әлемді өзінің отбасылық тәжірибесін негізге ала отырып талқылайды. Біреулер үшін бұл басты құраушы ұқсастық. Үстелге берілетін тағам, өмірлік жағдайлар мен мейрамдарды қалай атап өту керек; отбасыныың құндылығы қандай, балаларды күту, оларды руханиялыққа, жауапкершілікке, билікке, тәуелсіздікке, уақытқа қарым-қатынасы қандай. Осының бәрі олардың отбасылық мұрагерлігі мен мәдениетін көрсетеді. Эмоционалдық жүйемен бағалап отыру арқылы отбасы балада әлеуметтік әлемдік бейнені құрады. П.Бергер мен Т. Лукманның ойынша әлеуметтенудің ерте сатысында бала үшін әлемнің мәні, мағынасы бола бастайды. әлеуметтік роль мен қарым-қатынас туралы түсінік туындайды. Онымен қоса отбасы өзіндік қажетті жеке құндылықтар ретінде санасып, қоғамның құндылығы мен нормасын көрсетеді. Осылайша баланың әлеуметтік әлемді интерпретациялау типіқұрылады. Г. М. Андреевтің көптеген зерттеулеріне жүгінесек “әлеуметтік ақпараттық барлық жұмыстың тәсілдері” қалай десек те балалық шақ та отбасылық шақта құрылады: белгісі тек ------- схема әсіресе скрипта немесе тұлғаның имплицитті теориясы өте ертедегі өмірлік тәжірибеден өседі.
Әлемді тану әлеуметтік танудың жемісі ғана емес, оның шығушы бөлігі: отбасыда баладағы тану мен мінез –құлық схемасы әлемдегі бейнеде бар белгілі бір нәрседен берліген. Бірақта, Д.Фрименмен келісетін болсақ, некелік отбасы құру әлеуметтену процесінің алғашқы сатысы болып табылады. Нәтижесінде жұбайлардың құндылықтарымен қатынастарының белгілі бір жүйеде өңделу болып табылады. Бұл процесс мінез-құлықта реттеліп отыратын үміт пен мақсатта қалыптасу мен көзге көрінеді. өзінің жиынтығында олар отбасылық нормалар деп аталып, отбасы мүшесінің әрқайсысының мінез-құлқына және отбасылық жүйеге өз ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде отбасы мәдениетінің сипатын және әлеуметтік бақылау қызметін орындауда отбасы мүшелері қандай мінез-құлықты дұрыс, ненің бұрыс деп айтатынын анықтайды.
Отбасы феномені сияқты күрделі әлеуметтік мәдениетті зерттеуде әртүрлі ғылыми тәсілдер бар: функционалды, империкалық, саментистикалық. Отбасыдағы өзара қарым-қатынасты түсіну мен зерттеу өз кезегінде отбасыға психологиялық көмек көрсетудің тәсілін ұсынады. Олардың ішінде: құрылымдық, коммуникативті, психоаналитикалық, гуманистік бағыт, биолого- психологиялық. Біз бәрінен бұрын отбасының тұтасорганизм ретінде қарастырған жүйе ретінде қарастырғымыз келеді. Отбасының жүйелілік түрде қарастыруды М.Боэн ұсынды, ол адам мінез-құлқының табиғи-ғылыми теориясын дамытты. Оның көзқарастары Беарталансидың ұсынылған жалпы теориялық жүйемен негізделді. А.В. Черниковтың айтуынша тура осы теория психотерапевтік практикада өзіндік терапевтік бағытта отбасының терапияның жақсылап дамуына көп еңбегін тигізді. Отбасылық жүйені келесі бағалаулық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Мысалы, ұқсастық (отбасы мүшелерінің эмоционалды байланысы), иерархия, (шешімді қабылдау билігі), шегаралар (отбасы мүшесінің өзара қарым-қатынасымен, отбасының әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынасы). Жүйелік теориясында иерархиялықтан басқа логикалық түсінік деңгейі де бар, оның бар болуы В. Рассельдің логикалық типімен байланысты. Жүйе салыстырмалы жоғарғы логикалық деңгейде және төменгі логикалық деңгейде айтылады.
Біз Н+1 деңгейіндегі түсінікті Н деңгейінің көрінісі немесе түсінігі ретінде қолданамыз. Сонымен қоса Н+1 деңгейіндегі жүйе Н деңгейіндегі жүйелік модель мен картаны көрсетеді. Біз объектіні көрсететін жүйені помтулаттап әртүрлі логикалық деңгейде жүйелейміз. Мұндай жағдайда жүйе белгілі бір түсінікті, затты, бейнені көрсетеді. сол арқылы өзіне автопортретті қосатын әлеуметтік жүйедегі модельді ұғынуға болады. Оны былай айтуға болады: отбасы әлеуметтік жүйе бола отырып, өзіне автопортретті қосуы қажет. Мұнда отбасының әрбір мүшесі өзі туралы біліп қана қоймай, өзсеріктесін бөлек бірлік ретінде қарастырып, өз өмірінің ағысында өзара іс-әрекет тұралы көріністі қалыптастырады.
Н. Аккарман екі түсінікті қарастырады – “ұқсастық” немесе “отбасының тұрақтылығы” , “Отбасылық ұқсастықты ал”. Отбасылық орындау процесінде олардың өзара ролді толықтыруы немесе құндылық, мақсат экспктация қобалжу және проблемаға бейімделуді отбасы мүшелерінің бөлісуі. Л.Б.Шнеллердің пікірінше отбасылық ұқсастық бұл – отбасыға берілген эмоционалды және когнитивті “Біз”. Отбасылық ұқсастық тұлғаның өзін-өзі ұғынуымен байланысты немесе “Мен” және “Біз” қосылу деңгейімен сипатталады немесе қарама-қарсы. Отбасының тұрақтылығын нақтырақ анықтағанда “Өзгрісті қалай сақтауға болады” деп айтуға болады, яғни дау дамайды бақылауға алу және отбасының өзгеруге қабілеттілігі немесе одан әрі дамуы.
С.Минухиннің көзқарасы бойынша жүйелік отбасылық терапияға құрылымдық бағытталу, - отбасы бұл табиғи топ, мұнда уақыт өте отбасының құрылымын құратын өзара әрекеттік стереотип туындайды, бұл олардың мүшелерінің қызметін анықтап, олардағы өзара әрекетті жеңілдетеді. Біз білетініміздей отбасы мүшелері бұл отбасылық құрылымның белгілі бір бөлігінде сезінбейді. әрбір адам өзін бір бөлек бірлік ретінде санайды, бірақ, өзінің отбасысымен әрекет ете отырып “отбасы картасын” қолдануды қабылдайды.
Өз кезегінде Э.Г. Эйдемиллер мен В. Юстицкис “отбасының ішкі көрінісі” деген терминді болжап шығаруды онда отбасының күнделікті өмірдегі жағдайларды бірінен үстінен бірін қайталауы, яғни ояну, бірнен соң бірі тұру, таңертеңгі ас ішк. Бұл отбасылық көріністі қайталау олардың ойынша отбасының өткені мен олардың болашақтағы жоспары мен байланысты.
Ол отбасы мүшелерінің ойша көз алуынан өтеді, онда біреулері қандай да бір жағдайларда отбасылық дау дамайдың шешу жолдарын іздестіреді.отбасылық көрәнәстің негізінде өзара жақсы сезім пайда болып проблемалар туындайды және шешіледі.
Отбасылық психотерапияда жүйелік тәсіл қолдануда отбасылық көріністі білдіретін түсінік бар. Бұл: “Отбасылық мифтер, күрделі отбасылық білім, отбасыға басқа бір адамның енуіндегі маңыздылығы; және “отбасы картасы” – отбасыда қабылданған тәртіптер әрекеттер қатары және басқалар. Бір жағынан олар отбасылық раикада туындаған өзара әрекеттерді сипаттаса, екінші жағынан онда бұл әрекеттің бір деңгейі ғана сипатталады. Психотерапевтер отбасылық мифті топтық білім формасында емес, ол қандай да бір өтірік, зиянды білім ретінде қарастырады. Сонымен отбасылық көріністі әртүрлі бағытта зерттеу маңызды. Дегенменде бұл көріністі білдіретін жалғыз көріністі және оның негізгі мазмұны әлі де шешілген жоқ. Авторлардың отбасылық имплицитті теорияны жан-жақты ашуын ұсынбас бұрын әлеуметтік әлеуметтік танудағы психологтық түсігіне назар аудардайық.
Әлемнің бейнесі. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттік теориядағы раикада “әлем бейнесі түсінігін” қарастырды. Әлем бейнесі модельдеудің нәтижесі болып табылады (кодтау). Әлемдік бейненің субъективтік шындығы адам өмірінің жағдайына байланысты. Бұл Руссердің философиясыдағы “әлем көрінісі”, семиотикадағы “әлемнің моделі”, Брунердегі болжау мен Найссердің схемасы. Бұл терминдердің барлығы әлеуметтік танудағы субъективтің басында суреттер ғана болмай жалпы жүйелік мәдениет пен әлеуметтік ортаның талап ететін жоспары мен ақпараттар жиынтығы туындайды.
Скрипт – сол жағдайға сәйкес әрекеттің қайталануй және қандай да бір мақсатты ұйымдастыруды сипаттау. Олар тәжірибенің моделін белгілейді.
Имплицитті теория. Тұлғаның имплицитті теориясын 1954 жылы Дж. Брунер мен Р. Тагиури ұсынды, Аис - тың болжауынша адамда мінез-құлықтың әртүрлі стпаты бар. Одан әрі бұл түсінік кеңейіп дәстүрлі және альтернативті деген екі тәсілге ие болды.
Дәстүрлі-тәсіл тұлғадағы имплицитті теорияны барлық адамда бар, яғни, басқа адамның психологиялық ұйымдастыруын бақылау (белгісіз бақылаушы ретінде жүру).
Сендірудің имплицитті әлеуметтік теориясы қандай да бір әлеуметтік топтың немесе әлеуметтік құбылыстың өзара қатынасын қалыптастыру. Ол бір ғана адам емес, топтың мақсаты болуы мүмкін.
Альтернативті тәсіл – Келлидің жүргізген “конструкт” түсінігі мен байланысты. Конструкт – биполярлы белгі, қарама-қарсы қарым-қатынас немесе мінез-құлық тәсілі. Бұл өз бетінше мағыналы білім, - объектілерді дифферециялау тәсілі. Конструкттің екі қызметі бар: арақатынас, ұқсастық табу және қарсы қою қызметі. Егер біз бір нәрсені айқын көрсетіп, соған седіретін болсақсол сәтте маңызды белгі, бір нақты нәрсені айтамыз. Конструкт жүйені белгілейді және оның арасында жүйелік сапаларды қамтиды: байланыстылық иерархиялық және т.б. конструкты жүйе – бұл қандай да бір әлеуметтік феноменнің имплицитті теориясы болып табылады. Ол белгілі бір адамның әлеуметтік қарым-қатынастағы күрделі әлемді қалай қабылдайтынын көрсетеді. Конструкт теория негізінде мынадай эксплицитті идея жатыр: “әрбір адам зерттелуші”. Келлидің айтуынша біз өзіміздің кезігетін жағдайымызда өзіміздің де шарынның да мәнін табуға тырысамыз. Ол үшін біздің әрқайсысымыз жақсы ма жаман ба біздің тұлғалық конмтрукты жүйемізді құрайтын әртүрлі ипмлицитті теорияны қайта құрамыз. Осы жүйемен байланысты біз өмір сүреміз, жағдайды болжаймыз, өз құқымызды құрамыз,басқаларға және өзімізге әртүрлі сұрақтар қоямыз. Конструкт-бұл ерекше референтті ось, осы арқылы адамдар өзінің мінез-құлқын әртүрлі қиығынан көрсетіп, өзінің психологиялық кеңістігін тәртіптейді. Бұл теорияда адамның әлем бейнесін ашық, қарсы емес, мәніне жету арқылы түсіну қажеттігі бар. Онымен қоса әлеуметтік көрініс бөлек адамның пікірі емес. әлеуметтік көріністе алынған бірнеше шынайы статусберетін құрылымдық ұжым немесе процестер қатары.
имплицитті теория адамның қоршаған ортаны қабылдауы, жағдайға сәйкес әрекет етумен жағдайды бақылауға тырысу тәсілдері арқылы маңызды өріс болып табылады. Отбасының имплицитті теориясы әлемдік бейненің фрагменті сияқты отбасының шынай түрде қабылдауын ұйымдастырып, ондағы мінез-құлықты реттеп іске асырып отырады. Отбасының имплициттік теориясының жекелік негізінде отбасының әрбір мүшесі өзі қандай, отбасысы ше, онда ол қандай орын алады, сол туралы біраз біліп қалады.
Отбасы туралы өзінше елестету адамның дүниетанымының бір бөлігі болып есептеліп, отбасылық сферадағы өзара қарым қатынастың шынайылығын анықтайды.
2. Имплицитті теория адамда өз тәжірибесін “айтып беру” немесе түсіндіру, қорытындылау немесе ұғыну үшін қолданылады.
Бұл жүйе анық емес көріністі, жағдайды дұрыс ұқпаған, немесе мүлдем ұқпаған дегенменде адамның мінез-құлқын реттеуші кезінде байқалады.
Отбасының имплицитті теориясы имплицитті әлеуметтік теорияның разрядына қатысты, осыған сәйкес ол бір адамды болуы емес, толық топ болуы мүмкін.
Имплицитті теорияның мазмұны тәртіп бойынша әкспериментальды психосемантика тәсілімен зерттеледі. Бұл Москва Университетінде 70 жылдардың басында туындаған Кеңес психологиясының салыстырмалы жаңа аймағы. Психосемантиканың міндетіне өзі және басқа адамдарды қабылдауы, тұлғалық жүйелік мәнін зерттеу немесе реконструкциялау. Психология аймағында басты түсінік мән және мағына болып табылады. Маңызды түсініктері әлемдік бейне, субъективті тәжірибенің құрылымы, категория жүйесі, тұлғалық конструкт, имплицитті теория, тұлғалық кеңістік.
“Мән және мағына” А.Н.Леонтьевтің пікірінше бұл сөздер арасындағы түсініктер туысқан-түрлік, яғни, мән-туысқандық,ал мағына-түрлік болып табылады. Мән-объективті шындықты белгінің көмегімен көру. Мағына субъектінің мәнді “Мен үшін деген” белгі арқылы игеріп, қабылдауы. Мағыналық құрылымдар адамның тұңғиық, интимді, саналық құрылымы болып табылады. Мән мен мағынаның арақатынасы туралы сұрақ пен жауапқа бірдей өзара түсінушілік пен адамдық қарым-қатынасты шектеулі мүмкіндіктер туралы сұрақтар бар.
Д.А.Леонтьев пен Е.Л.Доценконың психосемантикалық зерттеуі мен ғылыми рефлекциясы көрсеткендей осы түсініктер арасындағы қарым-қатынастың алмасқанын көрсетеді. Мән-ойдың жеке түрі ретінде түсініле бастады. Мағына – адам тәжірибесі элементтерінің объективті тәуелділікке негізделген субъективті арнайы мақсатқа бағытталған байланыс, ал мән басқалардың ойын" айқын түсіндіру. Адамның қабылдауы және әлемді ұғынуы, ес процесі, ойлауы және қиялы қарулы немесе басқа мәдениетте, әлеуметтік қоғамда өзінде қоғамдық тәжірибенің жиынтығы бар нақты тарихи жүйелік мәнде шектеулі. Бұл жүйенің жалпы адамдық инварианты жалпы адамдық мәдениетпен басталатынәртүрлі қоғам мен халықтың өмірлік іс-әрекетінің ұқсастығымен шарттасады.
Лингвистика бойынша мамандар тілде көрінген идеалды мәндер басқа мәнге қарағанда жүйелірек болып келеді. Тілге қатысты бұл шарт өз-өзін көрсету қасиеті болып табылады. Осы ғана оған тәуелсіздік пен бірліктік береді. Жеке тұлғаға енген мағына тұлғалық немесе субъективтік түсінікте психологиялық табиғаты бар. Бірақта өзіміз білетіндей тұлғалық мағынаның тілдік бірліксіз аналогиясы жоқ. Онда адамдардың барлығы әртүрлі тілде айта бере еді. Адамдар тек мағынасына қарай таңдап мәдени тілдік схемаға кірген сөзді айтады. Жеке тұлғалық санада екі жүзділік бар: бірінші жағынан қоршаған ортадағы шындық субъектілердің уайымы мен сезімі түрінде көрінеді. Ал екінші жағынан қоғамда өңделген ұғыну тәсілдерін тіл формасы арқылы жанамалау.
Психосемантиканың негізгі әдісі – субъективті семантикалық кеңістік құру (СП). Психосемантикалық экспериментті Е.Л.Доценко менА.Г.Шмелев ұсынды. Ұқсас әдістемелер В.М.Просековтың практик-психологтардың кәсіби ұқсастығын зерттеуде қолданылды, СП-тің қалыптасу процедурасы үш кезеңнен тұрады.
Бірінші – объективті талдауда семантикалық байланыстың шығуы, яғни олардың арасындағы мағыналық ұқсастықтың орнауы.
Екінші – жазу керек, жоқ.
Үшінші кезеңі – алынған шешеім ме таңдалған теория негізінде объектіні интерпретациялау.
Мағыналық байланыстағы әдістер:
Ассоциативті эксперимент. Ынталандыру сапасы ретінде лексика қолданып әрбір объектінің басқалармен ассоциативті байланысы таңдалады.
Семантикалық дифференциал. Респондент құрамында сын өсімдік антонимдік полисі бар биполярлық шкалалар жиынтығы бойынша ұсынылған объектілерді бағалайды. Объектілердің мөлшер ұқсастықтары олардың баға ұқсастықтары болып табылады. Осының және басқалар сыналушының жеке тұлғалық мәні берілуге сәйкес параметрлерді өздері ойлап табу керек екендігін болжады.
