- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
Отбасы – ерекше әлеуметтік институт. Оның қалыптасуы мен дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамның дағдарысы отбасының дағдарысы туғызады. Экономикалық –саяси, әлеуметтік, рухани тұрақтылық отбасын тұрақтандырады, сондықтан бұлардың барлығы отбасы өміріне, оның психологиялық жағдайына әсерін тигізеді.
Отбасылық психологиялық оңды ахуал – татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл – береке оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Отбасының қалыпты өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары мыналар:
әлеуметтік, ұлттық сипаттар
өмір сүру ортасы
материалдық жағдайы
отбасы мүшелерінің білімі мен мәдени дәрежесі
ұстанатын әдет-ғұрпы
экономикалық негізі [N4].
Сонымен қатар отбасындағы қатынастың бір түрі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыттың әлеуметтік рөлі өте зор. Өйткені, ол аддамның дене және рухани күшін қалпына келтірумен бірге оны келешек еңбек және қоғамдық іс-әрекеттеріне дайындайды. Осы тұрғыдан бос уақытты дұрыс пайдалану үшін отбасы мүшелерінің арасындағы өзара келісім нық және баянды болуы керек. Жеке адамның (әке не ана) тілегі жайлы отбасы мүшелерінің тілегімен сай келуі жөн. Сонда ғана отбасында алауыздық, қайшылық, дау-жанжал болмайды.
Соңғы кезде бұл мәселеге социологтар аса көңіл аударуда. Үлкен қалаларда тұратын ер адамдардың біразы бос уақытын отбасынан тыс өткізеді. Мысалы, И.Ф.Дементьевтің зерттеу мәліметтерінде Москва тұрғындары (ерлер) өздерінің достарымен жиі кездесіп, бос уақыттарын отбасынан тыс дербес өткізетіндігі (35,6 процент), үй жұмысындағы әйелдердің еңбегі еске алынбайтындығы, ер адамдардың отбасы алдындағы міндеттеріне жауапсыздық пен жеңіл-желпі қарайтындығы айтылған. Мұндай жағдай отбасы негізінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.
Отбасында бос уақытты өткізудің толып жатқан түрлері бар:сурет салу, спорт түрлерімен (дойбы,шахмат,теннис,городки т.б.) айналысу, қол өнерімен (кесте тігу,шілтер тоқу, іс тігу) шұғылдану, коллекция жасау, баспа материалдарын оқу, кино, спектакльдерге бару, оларды талқылап, пікір алысу т.б.
Бос уақытты пайдаланудың коллективтік түрлері де бар. Мысалы, жексенбі күні немесе кезекті еңбек демалысы кезінде бүкіл отбасымен қыдырып (серуендеу, туристік жорық, демалыс үйі), мәдени орындармен танысу.
Осылардың барлығы баланы өмірге, еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Ал, бос уақытты тиімді етіп ұйымдастыру ата-аналардың мәдени және білім дәрежесіне, отбасының психологиялық ахуалына байланысты екендігіне күмән келтіруге болмайды.
Сонымен отбасы мүшелерінің және туысқан жақын отбасылардың өзара қатынас жасау функциясының нәтижесінде, олардың идеологиялық, тәрбиелік, эмоционалдық аспектілер жайлы ой-өрісі кеңіп, түсінушілігі артады, бір-біріне деген сүйіспеншілік және басқа да адамгершілік қасиеттері қалыптасады, танымдық іс-әрекеттері дамиды [N2. 16-17бет].
5.Отбасының ынтымағы.
Отбасын ұстау, бала бағу, еңбек ету, туған-туыспен қатынас екі адамға бірдей. Үй ішіндегі мүлікті пайдалануда барлық отбасы мүшелеріне ортақ. Сондықтан оларды пайдаланып қана қоймай, таза ұстау, бүлдірмей сақтау, керекті заттарды қосып,көбейтіп отыруға бәрі де міндетті.
Отбасына қамқорлық - республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Себебі отбасының тату-тәтті қалыпта сақталуы қоғамға да пайдасын тигізеді. Конституцияның 27-бабаында «Неке мен отбасы ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген.
Қазақ отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы бар. Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, кішінің тіл алғыштығы, үлкендер-кішіге ақылшы, қамқоршы. Кіші- көмекші. Үй ішінде әр адам өз шама- шарқына қарай еңбек етеді. Қай халықта болсын отбасы құрылған соң бала тәрбиелеу міндеті тұрады. Ата-ана баласын әлпештеп өсіреді. Заман талабына сай білім береді. Отбасының әр ересек мүшесі еңбек жасайды. Еңбегіне қарай табыс табады. Табысына байланысты тұрмыс құрады. Отбасы табысынан ортақ қор жиналады. Дүние-мүлік, үй, мал – осының бәрі отбасының қорына кіреді. Әрбір жас отбасы жеке тұруға да –ата-анасымен бірге тұруға да құқықты. Бөлек тұрса олар ата-анаға көмек көрсетіп, қамқорлық жасайды. Үйдің ері жанұясының өзіне бағынуын қаласа, әрдайым табысының сөзсіз адал болуына мұқият қарауы қажет. әйел ерін риза ету үшін қандайда болмасын қиыншылықтарға төзген сияқты, ері де өз мойнына жүктелген міндеттерді атқаруға тиісті. Яғни, отбасымды бақытты етемін деген үмітпен керексіз қарыздарға кірмеуі керек. Баз біреу еркектер де мүмкіндігінің барынша әйелдерінің қалаған нәрсесін алып беруге тырысады. Сөйтіп, олардан өздеріне деген махаббат, құрмет, ілтипат күтеді. Бірақ әйелдерінің ықыласы алынған сыйлықтарға ауып, ол сыйлықтардың қайдан келгендігін көрмейтіндей халге жетеді. Қанағатсыздықтары күннен-күнге артып, рахмет айтудың орнына одан да көбірек болса екен деген тілектері арта түседі. Ал айтқандары болмаған жағдайда көңілсіздіктері, әдепсіздіктері артып, соның себебінен отбасында келіспеушіліктер басталады.
Еркек әйелінің,өз туыстарына не қайын жұртына барып-келуіне, оларға болуы тиіс мәміледе немқұрайлық танытпауына барынша мұқият болуы керек. Екі жаққа деген құрмет бірдей болуы керек. Қарым-қатынастар жиі де сирек те болмауы қажет. Ері әйелінің өзінен рұқсатсыз басқа адамдармен жолығуына тыйым салуы керек. Әсіресе артығынша шалқыған өмір сүруге люкс тағамдарға және ысырапқа батқан адамдармен қарым-қатынасты азайтқан жөн. Әйел ерінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Бұл мәселені жақсылап түсіндіргені жөн. Егер әйел еріне шамасы жетпейтін заттарды алып беруін сұраса, еркек ашық түрде «Біздің бар байлығымыз осы ғана. Егер оған риза болмасаң қазірден бастап ажырасып кетуіңе болады» - дей алатындай болуы керек. өкінішке орай көптеген еркектер мал, дүниелері жетпесе де намыстанып мұндай шындықты айтуға батылдары жетпейді, солай бола тұра қиналып, күйзеліп керек болсын, болмасын қалағанын алуға тырысып бағады, бірақ қысқа жіп күрмеуге келмейді.
Еркек ысыраптан сақталған әйеліне әр қашан риза болуы керек және әйеліне «Неткен тамаша жұмсайсың,ысыраптан сақтанғаның үшін Аллаһ Тағаланың берекеті бізбен бірге» деп көңілін жұбатуы керек.
Қандайда бір отбасында Аллаһ Тағаланың әмірлеріне мойынұсынған жағдайда өмір сүріліп жатса, еш күмән келтірместен бұл отбасы мүшелері жәннәт өмірінің ләззатын осы өмірде-ақ татқан болады. Көкіректері ашық болып, кез-келген нәрседен ләззат алады. Сүйгенінен, сүйікті болғанынан,жеп-ішуінен,киім киюінен қорыта айтқанда барлық құлшылық борышын өтегенінен шаттанып ләззат алады. Молшылыққа да жоқшылыққа да разы болады.Басқа адамдардың айыбын ашумен әуре болмайды, себебі әлдайым өз айыптарын түзетумен әуре болады. Бекерден – бекер қызғаншақтық орынды емес. Әйел ақылды, парасатты болуы керек. Өзін құрметтей білгені жөн. Мұның жалғыз жолы еріне мойынсұнып мейірімді және сыйлы болу. Ешбір себепсізден – себепсіз көкіректікке салынып қарсы шығу өз нәпсісінің еру жақсы нәтиже бермейді. Еркек отбасына шынайы, адал, нәзік және жылы жүректі болуы керек. Әйел еріне деген міндеттерін орындауға тиіс. Егер немқұрайлық танытса, күйеуі бұған жол бермей тәртіпке салуы қажет. Үйленген еркек үйіне күнделікті уақытында келуге тырысуы керек. Отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар кешірімшіл болуды өздеріне дәстүр етуі керек. Отбасын құру үшін нағыз махаббат қажет. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекеттің берік болуы – сол мемлекеттің іргесін өз еркімен, демократиялық тұрғыда құру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Асанов Ж. Отбасы тәрбиесі. Бастауыш мектеп N 4. 2007.
Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы -1990.
Кошкимбаева Р.Х. Отбасында баланың рухани –адамгершілік сезімдерін дамытудағы ата-ананың беделі. Бастауыш мектеп N11,12. 2006.
Мектеп журналы. 2005.
3-лекция Отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеy
Жоспар:
Отбасылық құқық
Ерлі-зайыптылардың және ата-ананың құқығы мен міндеттері
Ажырасу,алимент төлеу мәселелері
