- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
Әдебиеттер тізімі:
Нұрхат Шакузадаұлы, Жаннат Ерғалиева. «Әдептілік қағидалары». Өнер баспасы. -Алматы, 2000 ж.
«Бастауыш мектеп», -Алматы, 2006, №11-12.
«Ізденіс», -Алматы, 2007, №2.
7-лекция Жастардың некелесуге дейінгі қарым-қатынас жасау мәдениеті.
Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
Жоспары:
Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас
Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
Жастардың некеге дейінгі өзара қарым-қатынастарының олардың болашақта некелесіп, отбасылық өмір құруға даярлауға бағыттайтын қажетті фактор. Жастардың есейіп, әлеуметтік өмір тіршілігіне араласуы, мінез-құлқын қалыптастырып, физиологиялық жағынан жетілуі, сезім эмоциясының қарқынды дамып, өздігінен тіршілік етуге ұмтылуының бәрі, оның жеке басының өсуін көрсететін факторлар [ 2. 107 б.].
Адамдар қарым-қатынасындағы құштарлық сезімі жастар өмірінде жаңа бір кезеңді бастайды. Қазіргі кезеңде некелесуге дейінгі проблема жайлы жастар арасында әр түрлі көзқарастардың бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Жастардың некелесуге дейінгі қатынастарын білу және олардың болашақ бақытты отбасылық өмірі, неке оның бұзылу себептері жайлы көзқарастарымен танысу үшін, педагогикалық институттарда социологиялық зерттеу жүргізілді. Бұл мәселелер жөнінде зерттеу мәліметтері жастардың некелесуге дейінгі ұғымдарының әртүрлі екенін көрсетті. Олар:
отбасыық бақыт бұл жас жұбайлардың бір-бірін сыйлауы, олардағы
махаббат, жұбайлық сезім, рухани байлық, өз өмірін жұбайы үшін қию – міне сонда ғана берік, бұзылмайтын одақ болады, ал бала туу, оны тәрбиелеп өсіру жас отбасын одан әрі біріктіреді;
«Бақытты отбасылық өмірді әркім өзінше түсінуі мүмкін. Біреулер
экономикалық есеппен үйленуді мақсат етіп, барлық жағынан қамтамасыз етілген, (яғни жеңіл автомобиль, қымбат гарнитур, ыңғайлы пәтері бар, қазіргі модамен киінетін, институтта оқитын) адам табылса дейді. Меніңше бақытты отбасылық өмір-бұл ең алдымен келешекте бір-бірімен өмір сүретін екі адамның бақытты болуы, тек бір-бірін ғана емес, айналадағы адамдарды да сыйлай білу, барлық қиыншылықтарды ұрыс-керіссіз шешу, отбасылық өмірде жас жұбайлардың тең құқылы болуы»;
Бұл мәселелер А.И.Крылов ертегісіндей («Аққу, шаян және шортан»)
сияқты. Аққу – бұл жас отбасы, шаян-ер баланың (күйеу) ата-анасы, шортан-қыздың (әйел) ата – анасы, әр қайсысы өз жағына тартып, өзінше талап қояды. Осының нәтижесінде отбасы бұзылады;
«Кейбір жастар неке жасына жетпей-ақ үйленуге шешім қабылдайды.
Олар ата-аналарының, аға-жолдастарының ақылын тыңдамайды, айтқандарына көнбейді. 18 жаста оқу мен отбасы өмірін ұштастыру өте қиын-бұл ұйқысыз ұзақ түн, жүйкенің тозуы, материалдық жағдайдың қиыншылығы. Осы ауырлықтың бәрін жастар көтере алмайды, өзара қатынастары асқынады, конфликтілік жағдай туады,ал мұның бәрі отбасының бұзылуына әкеліп соқтырады».
Некенің мызғымас берік болуының басты себептері: берік отбасын құруға тырысулары керек, рухани жақындық, яғни қасыңдағы адамды сезе білу, қиыншылық жағдайда бір-біріне көмек көрсетуі тиіс, көзқарастарының, ниеттерінің, мінездерінің үйлесімді болуы керек, ізгілік, сенімділік, әдептілік – жоғары мәдениеттіліктің белгісі [ 1. 94-99 б.].
