- •Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
- •Қарағанды – 2013 ж.
- •1.1 Негізгі әдебиеттер:
- •1.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Білім алушылардың білімдерін және біліктерін бағалау әдістері:
- •1.1 Тақырып: Кіріспе. Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы). Әлеуметтанулық білім.
- •1.2 Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары).
- •2.1 Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •2.3 Тақырып: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасуының үрдісі.
- •2.2 Тақырып: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі.
- •2.4 Тақырып: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері.
- •2.5 Тақырып: Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.
- •2.6 Тақырып: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында.
- •3.1 Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (п. Бергер, п. Монсон, п. Сорокин)
- •4.1 Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі, әдісі және техникасы. Ақпараттарды өндеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
- •4.2 Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •4.3 Тақырып: Саяси және экономикалық әлеуметтану.
- •4.4 Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •4.5 Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы. Ұлттық әлеуметтану мәселесі
- •4.6 Тақырып: . Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы.
- •2 Курс студенттеріне арналған кезендік бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Мазмұны
4.2 Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау.
Әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізіп олардың қортындыларын талдау сабағы.
Мақсаты: студентерді тұлғаның девианттық мінез – құлқын анықтау мәселесі мен таныстыру. Қазіргі заманғы Қазақстандық қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктерімен таныстыру.
Оқыту міндеті: студенттерге әлеуметтік бақылау қоршаған адамдардың девианттық іс - әрекетттің алдына алып, жазаға тартып немесе қалпына келтіруге бағытталған жағдайларды түсіндіру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тұлғаның девианттық мінез – құлқын анықтау мәселелері.
2. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру.
3. Әлеуметтік бақылау және адамның деликвенттік мінез – құлығы.
4. Әлеуметтік бақылау әдістері: оқшаулар, алшақтату және ақтау.
5. Бақылаудың ресми және бейресми түрлері.
6. Девиантты мінез-құлықтың түрлері.
7. Әлеуметтік аномия теориясы (Э. Дюркгейм, Р. Мертон).
Практикалық тапсырмалар:
1. Тапсырма Қоғамдағы девиантты және делинквентті мінез-құлықтарының пайда болуын қарастыру.
2. Тапсырма Қоғам түріне қатысты девиантты мінез-құлықтың даму деңгейін салыстыру.
3. Тапсырма Девиантты мінез-құлықты реттеу және бақылау шараларын ұсыну.
4. Тапсырма Қазіргі жастардың девиантты мінез-құлықтарын бейнелейтін слайдтар жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Бірінші сұрақтың барысында девиация ұғымын қарастыру.
2. Екінші сұрақтың барысында Р.Мертон ұсынған девиантты іс-әрекеттердің классификациясын талдау. Сол сияқты девиация мынадай түрлерін: мәдени және психикалық девиацияны, жеке және топтық девиацияны, бастапқы және соңғы девиацияны, девиацияның мәдени қабылданған түрлерін талдау.
3. Үшінші сұрақтың негізінде Э.Дюркгеймнің, Т.Парсонстың, Р.Мертонның әлеуметтік аномия теориясын талдау.
4. Төртінші сұрақтың негізінде деликвенттілік ұғымын қарастыру.
5. Бесінші сұрақтың барысында «әлеуметтік бақылау» ұғымына анализ беріп, оның нормалар мен санкциялар арқылы жүзеге асырылуын талдау.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Конференция сабағы ретінде өткізіледі, сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқып, әдебиеттермен жұмыс жасап баяндама жазу, презентация құрастыру оларды қорғау. Девиация және әлеуметтік бақылау.
тақырыбына өзіндік жұмыс жасау оны талдау, ұғымдар бойынша жұмыс, дискуссия, тапсырмаларды орындау.
Орындау түрі: тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, тапсырмалар құрастыру.
Тапсырманы орындауға талаптар: силлабустан қараңыз
Тапсыру мерзімдері: семинар және келесі ОСӨЖ сабақтарында.
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Әдістемелік нұсқамалар:
Міндетті түрде девиация ұғымын қарастыру. Р.Мертон ұсынған девиантты іс-әрекеттердің классификациясын талдау. Сол сияқты девиация мынадай түрлерін: мәдени және психикалық девиацияны, жеке және топтық девиацияны, бастапқы және соңғы девиацияны, девиацияның мәдени қабылданған түрлерін талдау. Деликвенттілік ұғымын қарастыру.
«Әлеуметтік бақылау» ұғымына анализ беріп, оның нормалар мен санкциялар арқылы жүзеге асырылуын талдау. Э.Дюркгеймнің, Т.Парсонстың, Р.Мертонның әлеуметтік аномия теориясын талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58]
Қосымша әдебиет: [6, 33, 34, 35, 37, 85, 110, 113, 114, 115, 116, 121, 122, 123]
