- •Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
- •Қарағанды – 2013 ж.
- •1.1 Негізгі әдебиеттер:
- •1.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Білім алушылардың білімдерін және біліктерін бағалау әдістері:
- •1.1 Тақырып: Кіріспе. Әлеуметттану ғылым ретінде (объектісі, пәні, құрылымы). Әлеуметтанулық білім.
- •1.2 Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасуының кезеңдері және дамуы (әлеуметтік-философиялық және тарихи алғышарттары).
- •2.1 Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •2.3 Тақырып: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасуының үрдісі.
- •2.2 Тақырып: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі.
- •2.4 Тақырып: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері.
- •2.5 Тақырып: Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.
- •2.6 Тақырып: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында.
- •3.1 Тақырыбы: Қазіргі әлеуметтанушылардың сциологиялық теориялары (п. Бергер, п. Монсон, п. Сорокин)
- •4.1 Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі, әдісі және техникасы. Ақпараттарды өндеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
- •4.2 Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •4.3 Тақырып: Саяси және экономикалық әлеуметтану.
- •4.4 Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •4.5 Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы. Ұлттық әлеуметтану мәселесі
- •4.6 Тақырып: . Білім беру әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы.
- •2 Курс студенттеріне арналған кезендік бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Мазмұны
2.5 Тақырып: Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.
Дөңгелек үстел.
Мақсаты: студенттерді әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде екенін түсіндіру. Оларды демография ұғымымен таныстыру.
Оқыту міндеті: студенттерге демография ұғымы туралы түсіндіру. Әлеуметтік стратификация теориясының типологиясымен таныстыру. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік- демографиялық құрылымының даму перспективаларын талдау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Демография ұғымы туралы түсінік.
Қоғамның демографиялық құрылымы.
Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары.
Практикалық тапсырмалар:
1. Тапсырма Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның критерийлері.
Тапсырма Халық, ел, жұрт, этнос, нация ұғымдарын салыстыру
Тапсырма а) К. Маркстің тап теориясы бойынша таптардың бөліну критерийлері оның түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. в) М. Вебердің тап теориясының таптардың бөліну критерийлері, түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. с)Уорнердің тап теориясы.
Тапсырма Ч. Кулидің «алғашқы топ» теориясы («Первичные группы» еңбегі). Ірі және кіші топтар. Шынайы және номиналды топтар. Референттік топ.
Тапсырма Әлеуметтік мобильділіктің жалпы теориясы. Мобильділіктің түрлері.
Тапсырма Теңсіздік. Теңсіздіктің түрлері. Әлеуметтік стратификацияның концепциялары: К. Маркс, М. Вебер, функционалды теория, П. Сорокин, Л. Уорнер, П. Бурдье және т.б.
Тапсырма Страта, зиялылар, бизнесмен, кәсіпкер топ мүшелері, шағын өндіріс қожайыны қызметін атқарушысы, фермерлер, маргиналдық құбылыс, урбандалу, маргиналдар ұғымдарға тусініктеме беру.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Дөңгелек үстел сабағының барысында сұрақтар бойынша турлі теорияларды қолданып, ойларын жеткізу. Презентация жасау, сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқу, ұғымдар бойынша жұмыс, дискуссия, тапсырмаларды орындау және тапсырмаларды шешу.
Орындау түрі: теориялар бойынша жұмыс, тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, шығарма жазу.
Тапсыру мерзімдері: семинар және келесі ОСӨЖ сабақтарында
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Әдістемелік нұсқамалар:
1. Бірінші сұрақтың барысында демография ұғымын қарастыру.
2. Екінші сұрақтың барысында қоғамның демографиялық құрылымы қарастыру.
3. Үшінші сұрақтың деңгейінде Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайларын талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [1, 3, 6, 10, 18, 19, 25, 37, 38, 58]
Қосымша әдебиет: [6, 33, 34, 35, 37, 85, 110, 113, 114, 115, 116, 121, 122, 123]
2.6 Тақырып: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында.
Жарыс сабақ.
Мақсаты: студенттерге қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы түсіндіру. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесімен таныстыру. Қазақстан қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы түсіндіру. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесімен таныстыру.
Оқыту міндеті: студенттерге қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің әдістемелік мәселелерін түсіндіру. Әлеуметтік стратификация теориясының типологиясымен таныстыру. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын талдау.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы.
Қазақстан қоғамының әлеуметтік топтары және олардың қалыптасу процесі.
Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы.
Қазақстан қоғамының халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективалары.
Практикалық тапсырмалар:
1. Тапсырма
Кестені толыр. Схема-кестелерді студентің семинар сабағына дайындалуға көмегі бар;
№ п/п |
Қазақстан қоғамының халықтың этникалық құрамы |
Олардың сипаттамасы |
1. |
|
|
2. |
|
|
3. |
|
|
Тапсырма: Сойлемдерді жалғастыр...
а. Әлеуметтік құрылымның ..................элементтері.
в. Әлеуметтік стратификация ...............маңызы .
с. Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи ......... типі белгілі.
д. Қазақстандағы әлеуметтік иерархияны .............. ретінде бейнелеуге болады.
е. Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді ............... жіктеуге болады.
ж. Еліміздің белгілі демографы М.Тәтімов өзінің .............. атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны туралы қызықты деректер келтірді.
з. Кеңес Одағы кезінде Қазақстан ................................ тәуелді болды.
и. Қазақстан Республикасы ...................... алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Жарыс сабақ. Екі топқа бөлініп, сабақтың жекелеген сұрақтарына қарсыластарға сұрақ қою, олардың сұрақтарына жауап беру түрінде қарастыру, ұғымдар бойынша жұмыс, тапсырмаларды орындау сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқу, әлеуметтанулық терминдер мен ұғымдардына кроссворд, басқа да қызықты тапсырмалар құрастыру.
Орындау түрі: ұғымдар бойынша жұмыс, тақырыпты өз бетінше игеру, әдебиеттермен жұмыс, шығарма жазу.
Тапсыру мерзімдері: семинар және келесі ОСӨЖ сабақтарында
Бағалау критерилері: силлабустан қараңыз.
Әдістемелік нұсқамалар:
1.Шетел, ресей және отандық әдебиеттерді оқудың негізінде экономикалық әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуын көрсету.
2.Экономикалық әлеуметтанудың объект және пәнін анықтаудағы негізгі бағыттарға тоқталып, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсету.
3.Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттер арқылы экономикалық әлеуметтанудың негізгі ұғымдарымен танысу.
5.Ұйымның қызметін эффективті ұйымдастыруда ішкі және сыртқы ортаға (Сіздің ұйымда) қандай факторлар әсер етеді Басқаруды жүзеге асырудағы приоритетерді көрсету.
6.Басқарудағы басшының қандай әдісті қолданатынын анықтауға тырысыңыз. Мысал ретінде өзіңіздің ұйымды алып көрсету.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Арнайы әдебиет: [1, 4, 21, 28, 45]
Оқу құралдар: [2, 3, 11, 12]
Тарау 3. Әлеуметтік білім құрылымындағы арнайы әлеуметтанулық теориялар.
