- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •§ 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- •2 Тарау. Педагогикалық психология: негізгі сипаттамалары
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •Зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы Педагогикалық психологияның зерттеу пәні
- •§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
- •§ 1. Білім беру көпжақты феномен ретінде
- •Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері (а.Б. Орлов бойынша) [153, 102-103, 107 б.]
- •§ 2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары
- •Ойындық модельдің құрылымы
- •Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.
- •§ 3. Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі
- •2 Тарау. Білім беру процесінде адамның жеке даралық тәжірибені игеруі
- •§1. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы -
- •Білім беру процесіндегі оқу
- •§ 2. Оқыту мен дамыту
- •§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
- •Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъекттері
- •1 Тарау. Білім беру процесінің субъекттері
- •§ 1. Субъект категориясы
- •§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
- •2 Тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде
- •§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
- •§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері
- •Мұғалім қасиеттері
- •§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)
- •§ 4. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер
- •§ 5. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар
- •3 Тарау. Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент)
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
- •§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті субъекттерінің маңызды сипаттамасы
- •1 Тарау. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі
- •§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны
- •§ 3. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
- •2 Тарау. Оқу мотивациясы
- •§ 1. Мотивация психологиялық категория ретінде
- •§ 2. Оқу мотивациясы
- •3 Тарау. Меңгеру – үйренуші
- •§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Меңгеру процесіндегі дағды
- •4 Тарау. Өзіндік жұмыс –
- •§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
- •Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет
- •1 Тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекет:
- •Формалары, сипаттамалары, мазмұны
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы
- •2 Тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
- •§ 2. Педагогикалық іскерліктер
- •3 Тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •4 Тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті-рефлексивті іскерліктерінің бірлігі ретінде
- •§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы
- •§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
- •§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
- •Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас
- •1 Тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті
- •§ 1. Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік
- •§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы
- •3 Тарау. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
- •§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде
- •4 Тарау. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі, қарым-қатынастағы және оқу-педагогикалық
- •§ 1. Қиындатылған қарым-қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары
- •Әдебиет
- •Есімдік көрсеткіш
- •Мазмұны
2 Тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
Функциялар мен әрекеттер (іскерліктер)
Педагогикалық іс-әрекет белгілі бір педагогикалық жағдайларда түрлі әрекеттердің жиынтығы – перцептивті, мнемикалық, коммуникативтік, заттық-қайта түрлендірші, зерттеушілік, бақылаушы (өзін-өзі бақылау), бағалаушы (өзін-өзі бағалау) және т.б. арқылы жүзеге асады. Бұл әрекеттер белгілі бір мақсаттарға бағынған және саналы (мақсатты бағытталған) немесе стихиялы түрде ұстаздың ішкі түйсікпен қалыптастыратын педагогикалық жағдайда қандай да бір педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған. Осындай белгілі бір түрлі әрекеттердің жиынтығы педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық ұйымдасуын көрсете отырып, қандай да бір психологиялық-педагогикалық функцияның жүзеге асуын анықтайды.
Негізгі функциялардың сипаттамасы
Зерттеушілер ұсынған педагогикалық іс-әрекет түсіндірмесінде (Н.В. Кузьмина, А.И. Щербаков, В.В. Богословский, А.Д. Боборыкин, Ю.В. Кожухов, В.А. Сластенин және т.б.) барлық педагогикалық функциялар екі топқа бөлінеді – мақсатты ұйғарушы және ұйымдық-құрылымдық. Бірінші топқа бағдарлаушы, дамытушы, жұмылдырушы (оқушының психикалық дамуын ынталандырушы) және ақпараттық функциялар жатады. Осы функциялар тобы адамның дидактикалық, академиялық, авторитарлық, коммуникативтік қабілеттерімен теңестіріледі. Және де осы жерде маңызды психологиялық проблема туындайды – осы функциялардың негізінде жатқан дамудың өзекті деңгейін анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету тұрғысынан педагогты кәсіби дайындаудың маңызды психологиялық проблемасы және нысананы көздеуді жүзеге асыру барысында өзін барынша анықтай алмаған функцияларды мақсатты қалыптастыру проблемасы.
Функциялардың екінші тобын – ұйымдық-құрылымдық – зертеулердің нәтижелерін жалпылай отырып, оған жататын конструктивтік, ұйымдастырушы, коммуникативтік және гностикалық функциялардың жалпы мазмұнын белгілеуге мүмкіндік береді. Мысалы, конструктивті функция: а) оқушылар меңгеруі тиіс оқу ақпаратының мазмұнын сұрыптау мен ұйымдастыруды; б) оқушылардың іс-әрекетін жобалау, мұнда ақпарат меңгерілуі мүмкін; в) өзінің болашақ іс-әрекеті мен мінез-құлқын оқушылармен өзара әрекеттесу процесінде қандай болатындай жобалауды қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушылық функция: а) ақпаратты, оны дайындау мен оқушыларға хабарлау процесінде; б) оқушылар іс-әрекетінің әртүрлерін; в) оқушылармен тікелей өзара әрекеттесу процесінде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады Коммуникативтік функция дұрыс өзара қатынасты орнатуды ұйғарады: а) оқушылармен; б) басқа мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен. Гностикалық (зерттеушілік) функция: а) басқа адамдарға әсер ету мазмұны мен тәсілдерін; б) басқа адамдардың жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктерін; в) өз іс-әрекетінің нәтижелері мен процесінің ерекшеліктерін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін зерттеуді ұйғарады
Осы төрт педагогикалық функция барлығы адамның академиялық, перцептивтік, сөздік (экспрессивтік) және коммуникативтік қабілет-терінің дамуының жоғарғы деңгейін ұйғарады, оның өзі мұғалімнің саналы аңғару объекті болуы қажет. Коммуникативтік функциямен қатар мұғалім үшін зерттеушілік (гностикалық) функция да үлкен қызығушылық тудырады. Ол адамның басқа адамды барабар қабылдау, түсіну, бағалау қабілетіне және өз бағалауының (өзін-өзі бағалау) ақиқаттылығына негізделеді. Мұғалім өзінің сабағын, өзінің педагогикалық іс-әрекетін, ұжыммен, оқушылармен қатынастарын психологиялық талдау кезінде зерттеушілік функцияның объекті бола алады. Зерттеушілік функцияның өзіне қатысты жүзеге асуының табыстылығы елеулі мөлшерде адамның рефлексиялылығымен, оның рефлективтік ойлауының даму деңгейімен анықталады. Зерттеу объекті ретінде педагогикалық процестің барлық басқа компоненттері, факторлары бола алады, олардың ішінде оқушылар негізгі орын алады.
Үйренушінің тұлғасын, оның оқу іс-әрекетін, оқу ұжымындағы мәртебесін педагогикалық психология әдістерімен зерттеу мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің кәсіби аспектілерінің бірі болып табылады: бұл өз бетінше танымдық міндет, және осы іс-әрекетті ұйымдастырудың табыстылығының шарттары. Және де атап көрсетілгендей, егер де мұғалім өзіндік білім алуға және өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге және белгілі бір зерттеушілік дағдыларға деген қажеттіліктерге ие болса ғана зерттеушілік функция табысты жүзеге асады. Әрине, гностикалық (зерттеушілік) функция зерттелуге тиісті құбылыстарды, олардың байланыстары мен қатынастарын талдау, жүйелеу, жалпылау, жіктеу, құрылымдау іскерліктерінің дамуын ұйғарады. Адамның барлық гностикалық әрекеттері, мысалы перцептивті, мнемикалық, ойлау әрекеттері мұғалімнің зерттеушілік функциясының жүзеге асуына қосылады. Оған қоса, сабақтың динамикалық өту жағдайларында бұл функциялардың жүзеге асуы педагогикалық психологияның барлық әдістерін – бақылау, әңгімелесу, эксперимент, сауалнама жүргізу, әлеуметтік және референтометрияны және жоғарыда айтылғандардың барлығын саналы түрде жақсы игеруді талап етеді
