- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •§ 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- •2 Тарау. Педагогикалық психология: негізгі сипаттамалары
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •Зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы Педагогикалық психологияның зерттеу пәні
- •§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
- •§ 1. Білім беру көпжақты феномен ретінде
- •Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері (а.Б. Орлов бойынша) [153, 102-103, 107 б.]
- •§ 2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары
- •Ойындық модельдің құрылымы
- •Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.
- •§ 3. Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі
- •2 Тарау. Білім беру процесінде адамның жеке даралық тәжірибені игеруі
- •§1. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы -
- •Білім беру процесіндегі оқу
- •§ 2. Оқыту мен дамыту
- •§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
- •Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъекттері
- •1 Тарау. Білім беру процесінің субъекттері
- •§ 1. Субъект категориясы
- •§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
- •2 Тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде
- •§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
- •§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері
- •Мұғалім қасиеттері
- •§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)
- •§ 4. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер
- •§ 5. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар
- •3 Тарау. Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент)
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
- •§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті субъекттерінің маңызды сипаттамасы
- •1 Тарау. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі
- •§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны
- •§ 3. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
- •2 Тарау. Оқу мотивациясы
- •§ 1. Мотивация психологиялық категория ретінде
- •§ 2. Оқу мотивациясы
- •3 Тарау. Меңгеру – үйренуші
- •§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Меңгеру процесіндегі дағды
- •4 Тарау. Өзіндік жұмыс –
- •§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
- •Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет
- •1 Тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекет:
- •Формалары, сипаттамалары, мазмұны
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы
- •2 Тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
- •§ 2. Педагогикалық іскерліктер
- •3 Тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •4 Тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті-рефлексивті іскерліктерінің бірлігі ретінде
- •§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы
- •§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
- •§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
- •Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас
- •1 Тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті
- •§ 1. Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік
- •§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы
- •3 Тарау. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
- •§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде
- •4 Тарау. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі, қарым-қатынастағы және оқу-педагогикалық
- •§ 1. Қиындатылған қарым-қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары
- •Әдебиет
- •Есімдік көрсеткіш
- •Мазмұны
§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
Талдау объекттері және оларды қарастыру схемасы
Педагогикалық психология теориясы мен практикасында сабақты психологиялық талдаудың саналуан схемалары құрастырылған (Н.Ф. Добрынин, В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина, Л.Т. Охитина, С.В. Иванов, И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская және т.б.), олар авторлар тарапынан түрлі негізде құрылған. Л.Т. Охитина дамыта оқытудың бастапқы принциптері мен қағидаларының негізінде ұсынған сабақтың психологиялық талдауына қатысты тәсілді қарастырайық, бұл тәсіл бойынша ол сабақты психологиялық талдау объекттерінің тармақталған құрылымын анықтайды (мұғалім, оқушы, сабақты ұйымдастыру және т.б.) [159]. Мысал ретінде талдаудың екі объектін қарастырайық: сабақты ұйымдастыру мен оқушылардың ұйымшылдығы.
Сабақты ұйымдастыруға Л.Т. Охитина: 1) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы: а) жұмыстағы шығармашылық көңіл-күй, б) сыныппен психологиялық контакт; 2) мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы : а) бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру, б) зейінді ұйымдастыру, в) есті жаттықтыру, г) түсініктерді қалыптастыру д) ойлауды дамыту, е) қиялдауды тәрбиелеу, ж) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды жатқызады.
Л.Т. Охитина бойынша талдау құрылымының басқа объекті – оқушылардың өзінің ұйымшылдығы, яғни 1) оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейі; 2) шәкірттердің оқып білуге деген қатынасы; 3) ақыл-ой еңбегінің өзіндік ұйымдасуы; 4) оқытылуға көнімділік жатады. Автор оқытудың тек оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының дамуына да өзгеріс енгізуі керек екенін орынды атап көрсетеді. Егер оқушы өз ниеті бойынша әрекеттенсе ғана оқыту дамытушы болады.
Сабаққа талдау жүргізудің жалпы жоспарында автор тіректік бес тармақ бөледі: сабақтың психологиялық мақсаты, сабақ стилі, дәлірек айтқанда, педагогтың іс-әрекет стилі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, шәкірттердің ұйымшылдығы, шәкірттердің жас ерекшеліктерін есепке алу. Осы тармақтар бойынша мұғалім сабаққа толық немесе жартылай талдау жүргізе алады, яғни нақты жағдайлардағы оның неғұрлым мәнді бөліктерін талдау. Осы тәсілді сабақ стилін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау материалы негізінде толығырақ қарастырайық.
Сабақ стилі талдау объекті ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, екі сұрақтың жауабын ұйғарады. Бірінші сұрақ: сабақтың мазмұны мен құрылымы қандай мөлшерде дамыта оқыту принциптеріне жауап береді, дәлірек айтқанда,
«а) оқушылардың есте сақтауларына жүктеме мен олардың ойлауының ара қатынасы;
б) оқушылардың қайта жаңғыртушы және шығармашылық іс-әрекеттерінің арақатынасы;
в) білімді дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, оқулықтан, оқу құралынан т.б.) және өз бетінше ізденіс процесінде меңгеру арақатынасы;
г) проблемалық-эвристикалық оқытудың қай буыны мұғалім тарапынан орындалуда және қайсысын оқушылар орындауында жүзеге асырылады (проблеманы кім қояды, кім қалыптастырады, тұжырымдайды, кім орындайды);
д) мұғалім іске асыратын, оқушылардың іс-әрекетін бақылау, талдау және бағалау мен шәкірттердің өзара сыни бағалауы, өзін-өзі бақылауы және өзіндік талдаумен арақатынасы;
е) оқушыларды іс-әрекетке ниеттеу (орындалған жұмыспен байланысты жағымды сезімдер туғызатын комментарийлер, қиындықты жеңуге ынталандырушы ұстанымдар, ерік күші және т.б.) мен еріксіз көндіру арақатынасы (баға туралы еске салу, күрт ескертулер, ақыл айтулар т.б.)».
Стильді талдау кезінде мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруының ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап:
«а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақтың мазмұндық және құрылымдық компоненттерін игеру дәрежесі, психологиялық мақсатты саналы түсіну мен оны іске асыруға ішкі дайындық дәрежесі);
б) мұғалімнің сабақтың басындағы және оны іске асыру процесіндегі жұмыстық көңіл-күйі (жинақылық, сабақтың тақырыбы мен психологиялық мақсатына сай күйге келу, жігерлілік, қойылған мақсатты іске асырудағы табандылық, болып жатқанның барлығына да оптимистік тұрғыдан келу, педагогикалық тапқырлық т.б.);
в) мұғалімнің педагогикалық такты (педагогикалық әдеп көрсету немесе әдепсіздік жағдайы);
г) сыныптағы психологиялық климат (мұғалім балалардың бір-бірімен және мұғалімнің өзімен көңілді, шын жүректен қарым-қатынас жасау атмосферасын қалай қолдап отырады, іскерлік контакт немесе басқа қатынастар)» [159, 84-85 б.].
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау схемасы да бірталай қызығушылық тудырады, бұл процесте мұғалімге ойлау мен қиялдың табысты жұмысына жағдайлар қандай мөлшерде қамтамасыз етілді деген сұраққа жауап беру ұсынылады, дәлірек айтсақ:
а) оқушылардың оқып біліп отырған материалды қабылдауларының қажетті таңдамалылығын, мағыналылығына, тұтастығына қалай қол жеткізді, оларға өзгермейтін, тәуелсіз белгілерді өзгерілетіндерден ажыратуға қалай көмектесті;
б) қандай ұстанымдар қолданды және қандай формада (көз жеткізу, сендіру);
в) оқушылардың зейінінің тұрақтылығына және жинақталғандығына қалай қол жеткізді;
г) бұрын меңгерілген, жаңа материалды түсіну үшін қажетті білімдерді оқушылардың есінде өзектендіру үшін қандай жұмыс формаларын пайдаланды (жеке дара сұрастыру, сыныппен әңгімелесу, қайталау бойынша жаттығулар т.б.).
Оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекетін жаңа білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру процесінде ұйымдастыру келесі сұрақтарға жауапты ұйғарады:
а) оқушылардың білімі қай деңгейде қалыптасты (нақты-сезімдік елестетулер, түсініктер, жалпыланған бейнелер, «жаңалық ашулар», формулалар шығару және т.б. деңгейлерде);
б) мұғалім оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекеттерін ұйымдастыруда елестетулерді, түсініктерді, түсіну деңгейлерін, жаңа бейнелерді жасауды қалыптастырудың қандай психологиялық заңдылықтарына сүйенді;
в) мұғалім жұмыстың қандай тәсілдері мен формаларының көмегімен оқушылардың ойлауының белсенділігіне және өз бетінше орындауына қол жеткізді (сұрақтар жүйесі, проблемалық жағдайларды тудыру, тапсырмаларды проблемалық-эвристикалық шешудің түрлі деңгейлері, жеткіліксіз немесе артық деректері бар тапсырмаларды пайдалану, сабақ үстінде іздестіруші, зерттеуші жұмысты ұйымдастыру т.б.);
г) мұғалім оқушылардан түсінудің қандай деңгейін (сипаттаушы, салыстырушы, түсіндіруші, жалпылаушы, бағалаушы, проблемалық) талап етті және осыған байланысты нанымдар мен идеалдардың қалыптасуын қалай басқарып отырды;
д) сабақ үстінде шығармашылық жұмыстың қандай түрлері пайдаланды және мұғалім оқушылардың шығармашылық қиялдарын қалай басқарып отырды (жұмыс мақсаты мен тақырыбын, оны орындау шарттарын түсіндіру, материалды сұрыптау мен жүйелеуге, және де жұмыс нәтижесін өңдеу мен ресімдеуге үйрету) [159, 85-86 б.].
Оқушылардың ұйымшылдығын талдау, мұғалім олардың оқытылғандық деңгейі бойынша қандай топтарын бөледі және ол сыныптағы жаппай жұмысты оқу дәрістерінің топтық және даралық формаларымен қалай үйлестіреді деген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім сабаққа және оны өткізуге дайындықтың барлық буындарын есепке алу керек, шәкірттердің жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктерін тек сабақтың мақсаты мен стилін анықтауда ғана емес, сондай-ақ оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда, оқыту процесінде оларға сараланып жіктелінген тұрғыдан шәкірттердің тұлғалық, іс-әрекеттік, интеллектуалдық ерекшеліктерін қалыптастыруды да есепке алу қажет.
Сабақты психологиялық талдаудың барлық негізгі объекттерін жан-жақты қамту оның әр нақты жағдайында қиын шығар, бірақ, оқу пәнінің ерекшелігін есепке ала отырып, оларды тұтас жүйе ретінде көрсету қажет.
Сабақты талқылаудың жалпы схемасы
Көптеген зерттеушілер ұсынған сабақты психологиялық талдаудың схемасын жалпылау (шет тілі сабағының мысалында) мұндай талдаудың іс-әрекеттік тұрғыдан келу негізіндегі жалпы моделін анықтауға мүмкіндік береді. Схемаға талқылаудың келесі жоспарлары кіреді: іс-әрекет субъекті, олардың іс-әрекеті және еңбектестік. Бірінші жоспар – оқушылардың шет тілін оқу пәні ретінде игеруі ерекшеліктерінің психологиялық сипаттамасы. Осы тұрғыдан мұғалім талдауды келесі сұраққа жауап ретінде жүргізеді: шет тілдік сөйлеу әрекетін меңгерудің ерекшеліктері қандай? оған кіретін сөздік әрекеттердің, ойды тілмен (грамматикалық, лексикалық, фонетикалық) жеткізудің және оны қалыптастыру мен тұжырымдау тәсілдерінің даму сипаты қандай? осы іс-әрекеттің операционалдық механизмдерін жетілдірудің жолы қандай? Сабаққа талдау жасай отырып, мұғалім барлық буындардағы меңгеру (материалды) заңдылықтарын, оқушылардың дағдыларының жетілуін, коммуникативтік қабілеттердің дамуын және т.б. есепке алады.
Екінші жоспар – шет тілі мұғалімінің психологиялық ерекшеліктері: мұғалімнің жалпы тұлғалық және кәсіби-педагогикалық бағыттылығы және оның сабақтағы көрінісі; шет тілі мұғалімінің жалпы педагогикалық және арнайы (коммуникативтік, талдамалық және т.б.) қабілеттері және олардың сабақтағы көрінісі; мұғалімнің жеке-психологиялық ерекшеліктері: эмоционалдық, мазасыздық, өзін-өзі бағалауы т.б. және олардың сабақтағы көрінісі; оның іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Үшінші жоспар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері, олардың жеке-психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі: оқушылардың пәндік, бақылаушылық, өзін-өзі бағалаушы әрекеттерінің қалыптасқандық деңгейі; олардың оқу пәніне деген қатынастары және олардың шет тілі сабағындағы көрінісінің сипаты, шәкірттердің оқу іс-әрекетіне араласуы, оқушылардың сабақтағы интеллектуалдық белсендігі (ойлау, перцептивті, мнемикалық); оқушылардың сабақта жас және даралық-психологиялық ерекшеліктерінің және психикалық күйлерінің (зейін, стресс, қысымдылық, әзірлік және т.б.) көрінісі, мұғалімнің осы ерекшеліктерді еске алуы. Тұлға аралық қатынастар а) тілдік шағын топтарға қатысушылар арасында, б) оқушылар мен мұғалім арасындағы және олардың сабақтағы көріністері.
Төртінші жоспар – педагогикалық қарым-қатынас және ынтымақтастық: қандай коммуникативті тапсырмалар және олар мұғалім мен шәкірттер тарапынан қалай орындалады; педагогикалық қарым-қатынас стилі (өктемшілдік, демократиялық, либералды – өз бетімен жіберу); сыныптағы өзара әрекеттесу схемасы және шәкірттердің еңбектестік ерекшеліктері (диадалар, тиадалар, лидерлік және т.б.).
Мұғалімнің сабаққа психологиялық
талдау жасау барысындағы міндеттері
Мазмұндалғандардың барлығы сабақты психологиялық талдау – көп жақты және көп объектті құбылыс екенін көрсетеді, ол мұғалімге бүкіл оқыту процесін ойша қамтуға және сонымен бірге оның әр жеке сәттерін елестетуге мүмкіндік береді. Сабақты психологиялық талдау пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалімнің өзіндік сана сезімі дамып, қалыптасады, онын кәсіби шеберлігі жетіледі. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті, рефлексивті қабілеттеріне сүйеніп және оған сәйкес іскерлікті ұйғара отырып, сабақты психологиялық талдауы оларды дамытады және жетілдіреді. Өз кезегінде, мұғалімнің шеберлігін жетілдіру, рефлексивті механизмдердің қалыптасуы, оның педагогикалык сана сезімі кез-келген оқу пәніне оқытудың тиімділігін үнемі арттырудың негізгі алғышарты және бастауы болып табылады. Сабақты психологиялық талдау сонымен бірге, мұғалімнің өзіне және шәкірттерге қойған тапсырмаларына жауап ретінде бола алады. Келтірілген схема оны біршама толық көрсетеді.
Сабақты психологиялық талдау схемасы
Сабақты психоло- гиялық талдау деңгейі |
Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері |
Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері |
Шамала-ушы |
Сабақтың психологиялық мақсатын қою (үйренуішілердің оқып отырған пәнге танымдық қызығушылықтарын дамыту; олардың ой белсенділігін ынталандыру; ес көлемін дамыту; жоғары моральдық сапалар мен ұстанымдарды қалыптастыру т.б.). |
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрткілерін есепке алу (танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік) Оқушылардың жас және жеке-психологиялық ерекше-ліктерін есепке алу (ойлау, ес және т.б. танымдық процестер). Сабаққа пәндік әзірлік деңгейін есепке алу Топтағы тұлға аралық қатынастарды есепке алу |
Ағымдық |
Оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың қойылған мақсаттарының орындалуын үнемі бақылау, белгілеу (фиксация), түзетулер енгізу
Тапсырманы орындаудағы қиналу, іркілу немесе күтпеген жерден оңай жағдайлар туғанда жаңа мақсаттар қою, оқытудың жаңа құрал мен тәсілдерін пайдалану, яғни сабақ барысын қайта құру |
Оқушылардың оқу жұмысы-ның жүру барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылықтары, ой бел-сенділігі, материалды меңге-ру сипаты және т.б.) |
Ретро-спективті |
Өзінің педагогикалық іс-әрекетін бағалау (сәттілік, кемшіліктер, олардың себептері, түзетулер енгізу және жетілдіру жолы) |
Оқушылардың жалпы білім берудегі, тәрбиелеу мен практикалық тұрғыдағы бел-гілі бір салада алға жылжуы, яғни өзткізілген сабақтың шынайы нәтижесі қандай деген сұраққа жауап |
***
Сабақтың психологиялық талдауы педагогикалық іс-әрекеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті –рефлексивті қабілеттеріне сүйене отырып және оның талдамалық, жобалаушы, рефлексивті іскерліктері арқылы жүзеге аса отырып, ол өзін-өзі реттеудің, өзін-өзі бақылаудың және өзін-өзі дамытудың негізгі құралы ретінде қызмет етеді. Сабақты психологиялық талдаудың шамалаушы, ағымдық, ретроспективті үш деңгейі (кезеңдері) осы іскерліктердің өзгешелігімен сипатталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
«Сабақты психологиялық талдау» терминінің «сабақты педагогикалық (дидактикалық, әдісқойлық) талдау» терминдерінен мәндік айырмашылығы неде?
Осы талдаудың негізгі психологиялық механизмі ретінде не болады?
Сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейінің арасындағы айырмашылық қандай ?
Сабақты психологиялық талдау схемасы не үшін керек?
Әдебиет
Добрынин Н.Ф. Психологический анализ урока // Учен. Зап. МГПИ им. В.П. Потемкина. М., 1952. Т.17.
Зимняя И.А., Ильинская Е.С. Психологический анализ урока иностранного языка // Ин. яз. в шк. 1984. № 3.
Иванов С.В. Анализ урока. Воронеж, 1975.
Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения. М., 1989.
Львова Ю.Л. Как рождается урок. М., 1976.
Охитина Л.Т. Психологические основы урока. М., 1977.
VI Бөлім
