- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •§ 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- •2 Тарау. Педагогикалық психология: негізгі сипаттамалары
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •Зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы Педагогикалық психологияның зерттеу пәні
- •§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
- •§ 1. Білім беру көпжақты феномен ретінде
- •Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері (а.Б. Орлов бойынша) [153, 102-103, 107 б.]
- •§ 2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары
- •Ойындық модельдің құрылымы
- •Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.
- •§ 3. Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі
- •2 Тарау. Білім беру процесінде адамның жеке даралық тәжірибені игеруі
- •§1. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы -
- •Білім беру процесіндегі оқу
- •§ 2. Оқыту мен дамыту
- •§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
- •Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъекттері
- •1 Тарау. Білім беру процесінің субъекттері
- •§ 1. Субъект категориясы
- •§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
- •2 Тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде
- •§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
- •§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері
- •Мұғалім қасиеттері
- •§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)
- •§ 4. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер
- •§ 5. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар
- •3 Тарау. Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент)
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
- •§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті субъекттерінің маңызды сипаттамасы
- •1 Тарау. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі
- •§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны
- •§ 3. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
- •2 Тарау. Оқу мотивациясы
- •§ 1. Мотивация психологиялық категория ретінде
- •§ 2. Оқу мотивациясы
- •3 Тарау. Меңгеру – үйренуші
- •§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Меңгеру процесіндегі дағды
- •4 Тарау. Өзіндік жұмыс –
- •§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
- •Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет
- •1 Тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекет:
- •Формалары, сипаттамалары, мазмұны
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы
- •2 Тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
- •§ 2. Педагогикалық іскерліктер
- •3 Тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •4 Тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті-рефлексивті іскерліктерінің бірлігі ретінде
- •§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы
- •§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
- •§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
- •Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас
- •1 Тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті
- •§ 1. Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік
- •§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы
- •3 Тарау. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
- •§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде
- •4 Тарау. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі, қарым-қатынастағы және оқу-педагогикалық
- •§ 1. Қиындатылған қарым-қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары
- •Әдебиет
- •Есімдік көрсеткіш
- •Мазмұны
4 Тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті-рефлексивті іскерліктерінің бірлігі ретінде
§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы
Сабақтың психологиялық талдауының жалпы сипаттамасы
Педагогикалық іс-әрекет, бұрыннан белгілі болғандай, түрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін, солардың ішінде ерекше орынды оқыту процесінің негізгі ұйымдастырушы бірлігі - сабақ (дәріс) алады. Мұнда мұғалім мен шәкірттердің біріккен іс-әрекеті өтеді. Сабақ талдауы осы іс-әрекетті оған қатысушылардың, ең алдымен мұғалімнің сезінуінің, объективациялауының маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Сабақты талдауға жеткілікті көп психологиялық, педагогикалық және әдістемелік жұмыстар арналған (Т.Ю. Андрющенко, Н.Ф. Добрынин, С.В. Иванов, Е.С. Ильинская, И.В. Карпов, Ю.Л. Львова, Л.Т. Охитина, Е.И. Пассов және т.б.). Зерттеушілер сабақ талдауының көп объекттілігін, мұғалім тарапынан (оқытушы) педагогикалық өзара әрекеттесудің барлық жақтарын, оның субъектілері мен олардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Сабақты мұғалім (оқытушы) позициясынан қарастырайық, яғни сабақтың психологиялық талдауы оның өзіне не береді, осындай талдау жүргізу оның оқытушылық іс-әрекетінің тиімділігіне қалай әсер ететінін, осы тұста мұғалімнің, оқытушының проективті және рефлексивті іскерліктері қалай көрінетін позициядан қарастырайық. Кез-келген сабақ талдауы комплекстік қарастыру болып келеді, мұнда психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және пәндік аспектілер бір-бірімен тығыз байланысты деген қағида бастапқы болып табылады. Осы аспектілердің біреуін, мысалға психологиялық аспектіні бөліп алу, шарты түрде болады және тек ғана аналитикалық (теоретикалық) тұрғыда ғана қажет.
Тұтастай оқытуды жақсартуға ықпал ете отырып, сабақтың талдауы ең алдымен осы сабақты, дәрісті жүргізуші мұғалімнің өзін-өзі тануы, өзін-өзі дамытуы үшін үлкен маңызға ие. Мұндай талдау процесінде және нәтижесінде мұғалім өз сабағына сырттан қарауға және оны тұтастай және оның компоненттерін жеке-жеке қайта ойлануға, бағалауға мүмкіндік алады. Сабақтың психологиялық талдауы мұғалімге өзінің оқытуда, сыныппен өзара әрекеттесуде пайдаланатын тәсілдерін, жұмыс амалдарын ұғыну үшін өз теоретикалық білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Өзін педагогикалық іс-әрекет субъекті ретінде, өзінің мінез-құлқын, өзінің мықты және әлсіз жақтарын ұғыну мұғалімнің пәндік-тұлғалық рефлексия мен проективті-рефлексивті қабілеттерінің көрінуі мен нәтижесі болып табылады.
Сабақтың психологиялық талдауының пәні көп қырлы: бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері (оның тұлғасының, оның нақты сабақ кезіндегі іс-әрекетінің), оқыту процесінің заңдылықтары; шәкірт тұлғасының, жалпы сыныптың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары (белгілі бір білімдерді меңгерудегі, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудағы іс-әрекет). Бұл, сонымен қатар, мұғалім мен шәкірттердің қарым-қатынас заңдылықтары, психологиялық ерекшеліктері, ол оқу пәнінің өзгешелігімен, яғни мұғалім беретін және шәкірттер меңгеретін материалдардың өзгешелігімен және т.б. шартталған (Н.Ф. Добрынин) [70]. Сабақтың психологиялық талдауы мұғалім бойында талдаулық қабілеттерді, жобалаушы іскерліктерді қалыптастырады, танымдық қызығушылықтарды дамытады, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық проблемаларын өз бетінше зерттеудің қажет екендігін анықтайды. Күрделі педагогикалық құбылысты бақылай алу іскерлігі, оларды талдау, дұрыс, психологиялық негізделген қорытынды жасау мұғалім үшін оның кәсіби-педагогикалық шеберлігін жетілдірудің сенімді құралы болып табылады.
Сабақтың психологиялық талдауының формасы
Сабақты психологиялық талдаудың негізгі формасының сипаттамасы адам ойлауында негізгі екі ойлау процесінің бірі ретінде анықталған, бастапқы теоретикалық анықтауға сүйенеді. Талдау, С.Л. Рубинштейн бойынша, «бұл затты, құбылысты, жағдайды ойша бөлшектеу және оны құраушы элементтерді, бөлшектерді, сәттерді, жақтарын айқындау; біз талдау арқылы көп жағдайда бізге қабылдаумен берілетін кездейсоқ, маңыздылығы аз байланыстардан құбылыстарды бөліп аламыз» [194, 1 т., 377-378 б.]. Талдау формалары саналуан. Оның неғұрлым толық формасы синтез арқылы талдау болып табылады, мұнда «... синтез талдау тарапынан бөлінген элементтердің азды көпті мәнді байланыстар мен қатынастарын аша отырып, бөлшектенген тұтасты қайта қалпына келтіреді» [194, 1 т., 378 б.].
Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып отырған материалмен саналуан байланыстарға түседі. Осыған орай, мұғалімнің өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапа мен қасиеттер жағынан көрінеді: мұғалім ретінде (жаңа материалды түсіндіру барысында), қызықты әңгімелесуші ретінде (коммуникативті жағдайды, қарым-қатынас жағдайын ұйымдастырғанда), зерттеуші ретінде (оқушылармен бірге тапсырманы орындаған кезде), орындаушы ретінде (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыларды оқыту барысында ән айтқанда немесе өлең оқығанда). Оның жаңа байланыстарға түсуіне байланысты, одан үнемі жаңа мазмұндар, яғни пәндік, тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік, мінез-құлықтық. мазмұндар «сарқылып алынады».
Психологиялық талдауға жататын сабақтың психологиялық «компоненттері» ретінде ең алдымен, оқу процесінің екі белсенді субъекті мұғалім және оқушылар, олардың өзара байланысын белгілейтін оқу пәні және барлық жақтарды біріктіруші өзара әрекеттесу процесі (еңбектестік, қарым-қатынас) қарастырылады. Сабақ біртұтас жүйе болғандықтан оның компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді болады. Олар бір-бірімен арақатынаста көрсетілуі мүмкін (синтез) және жекеленуі (талдау) мүмкін. Осылайша, сабақтың психологиялық талдауын синтез арқылы талдау формасында елестетуге болады. Осыған назар аудару маңызды, себебі адам талдап отырған объект орналасқан байланыстар мен қатынастар жүйесін қаншалықты аша бастағанына қарай, ол осы объекттің жаңа, әлі белгісіз белгілерін байқап, ашып және талдай бастайды. Және керісінше, ол осындай байланыстар жүйесін өзі ашпағанша, ол оны шешу үшін қажетті жаңа және керек қасеттерге, тіпті оған ол туралы айса да, оған тура көрсетсе де назар аудармайды. (А.В. Брушлинский).
Сабақ компоненттері арасындағы барлық саналуан өзара байланыстарды бейнелеуші синтез арқылы сабақты талдау формасы, мұғалімнің оқыту мен үйретудің ең күрделі психологиялық сәттерін неғұрлым терең тануына ықпал етеді. Сабақты психологиялық талдау барысында мұғалімнің талдамалық іскерліктері айқындалып, бірге қалыптасады, ол оның педагогикалық іс-әрекетінің гностикалық (зерттеушілік) функцияларын табысты орындау үшін қажет екені атап көрсетілді. Бұл жерде мұғалімнің талдамалық іскерлігінің өзі оның даралық-психологиялық бірқатар ерекшеліктерімен анықталады, солардың ішінде, мысалы, байқағыштық, талдамалық, аяға тәуелсіздік, ақыл сыншылдығы. Сабақ талдауының өзі, кәсіби-педагогикалық шеберлікті жоғарлатудың тиімді құралы бола тұра, мұғалімде осы сапалардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Ол мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін түсінудің, оқу процесінде оның қолынан ненің келгенін, ненің келмегенін ұғынудың неғұрлым тиімді құралы, яғни «педагогикалық рефлексия» құралы болып табылады.
Сабақты талдау көбінесе отандық психологиялық мектептің негізін қалаушы принципінің жалпы психологиялық позициясы тұрғысынан жүргізіледі – дамытушы және тәрбиелеуші оқыту принципі. Осыған орай сабақ та осы позициядан түсіндіріледі. Оны бейнелеп көрсету ретінде ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, сабақтың келесі кең түрдегі түсіндірмесін келтірейік.
«1. Сабақ сабақтың өзі үшін емес, ал оқушы тұлғасына әсер ету үшін жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын «өту» үшін емес, ал осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде тұлғаның белгілі бір интеллектуалды, моралдық, еріктік және басқа сапаларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.
Интеллект арқылы сезімдерге (ұстанымдарға) әсер ету және сезімдер арқылы интеллектке (сендіру) әсер етуді байланыстыру керек. Оқыту процесі оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, оның тұтастай психикалық дамуына өзгеріс енгізуі керек. Оқыту тұлға құрылымына өзгеріс енгізбесе дамытушы бола алмайды.
2. Тұлға құрылымындағы өзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы әрекеттенгенде ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет шарт өзгерген кезде бірден бұзылады. Ішкі түркі бойынша меңгерілген әрекет өзгерген жағдайларда да сақталып қалады, себебі тұлға құрылымына енеді. Осы жерден жалқаулық үшін ұрыспай, танымдық белсенділік пен қызығушылықты ынталандыру, талапты орындамағыны үшін жазаламай, шәкірттердің іс-әрекетін мұғалімнің қойған талабы олардың өздерінің ішкі түрткісі болатындай етіп ұйымдастыру деген шешім шығады.
3. Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне теңестіруге болмайды. Сабақтың барлық элементтері өз мәні бойынша тәрбиелеуші болуы керек. Барлық тәрбиелік құралдардың, сабақ әдістері мен формалардың үйлестіруші орталығы нақты психологиялық мақсат болуы керек.
4. Кез-келген сабақтың орталық компонентті – шәкірттердің танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс - ойлау мен қиялдау болып табылады. Талдамалық -синтетикалық іс-әрекет негізінде, осы екі процесс арқылы білімдер мен интеллектуалдық ептіліктредің қалыптасуы, проблемалық мәселелерді зерттеу және міндеттерді шығармашылықтық шешу жүзеге асады.
Ойлау мен қиялдаудың продуктивті жұмыс істеуінің қажетті шарты шәкірттердің қабылдау мен есте сақтауын дұрыс ұйымдастыру, белгілі бір ұстаным мен зейінді ұйымдастыру болады.
5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес – сабақтардың мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі және т.б., сондай-ақ сыртқы жағдайларға, яғни шәкірттердің даралық–психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты» [159, 82-83 б.].
Келтірілген сабақ түсіндірмесі, тек дамыта оқыту принціпін барынша толықтай бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ оның проблемалығын, мотивтендірілгендігін, үйренушілердің даралық ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін белгілейді.
Сабақты психологиялық талдаудың үш жоспары
Сабақтың психологиялық талдауын жалпы құбылыс ретінде айта келе, оның үш жоспарын бір-бірінен айқын ажыратып алуға болады. Бірінші жоспар – шәкірттерді тәрбиелеуге, тұлғасын дамытуға, оның ғылыми дүниетанымын, оқыту процесіндегі өнегелілігін қалыптастыруға қатысты психологиялық талдау. Бұл жоспар сабақты жалпыпедагогикалық талдаудың бір бөлігі саналады, мұнда жалпы алғанда, оның жалпы қазіргі замандағы білім берудің жалпы білімберушілік және тәрбиелік мақсаттарына сәйкестілігі қарастырылады. Білім беру процесін реформалаудың жалпы контекстінде оқытудың дәл тәрбиелік жағын күшейту керек, яғни сабақтың психологиялық талдауына оларды неғұрлым жете қарастыруды жүзеге асыра отырып, оқушыны тұлға ретінде тәрбиелеу жайлы кең көлемді сұрақтар енгізу қажеттігі анық. Оқушының позитивті әлеуметтік ұстанымдарын, белсенді әлеуметтік позицияларын қалыптастыру, оның өз нанымдарын дәлелдей алу және қорғауға дайындағын қалыптастыруға мұғалімнің сендірушілік әсерінің психологиялық талдауы өзекті болып отыр. Бұл жерде оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, ынтымақтастыққа дайындығын тәрбиелеу процесінің; жоғарғы санаттағы топ ретінде рухани салауатты, әлеуметтік маңызды мақсатпен біріктірілген, оқу ұжымдарын қалыптастыру шарттарының психологиялық талдауы маңызды болып табылады.
Екінші жоспар сабақтың әдістемелік талдауымен, яғни оның мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастыруын негіздеумен және т.б. тығыз байланысты. Талдау барысында сабақ қаншалықты шәкірттердің дайындық деңгейіне және олардың интеллектуалдық дамуына сәйкес келетіні қарастырылады. Оқу материалын меңгерудің психологиялық табиғаты, шәкірттердің оқу процесі барысындағы интеллектуалдық белсенділігінің дамуы, жұмыс амал-тәсілдерінің оқушылардың жас ерекшелік және даралық-психологиялық ерекшеліктерімен сәйкестілігі талданады.
Сабаққа талдау жасаудың үшінші жоспары екі тұлғаға бағытталаған: біріншісі – бұл оқушы, оның танымдық-коммуникативтік қажеттілігі, оның қалыптасуы мен дамуының шарттары; оның сөздік-ойлау іс-әрекетінің ерекшеліктері; оның коммуникативтік ерекшеліктері, даралық–психологиялық ерекшеліктері және т.б., яғни оқушы оқу іс-әрекетінің субъекті, басқа оқушылармен, мұғаліммен педагогикалық қарым-қатынас субъекті. Сонымен бірге, сабақтың психологиялық талдауы – бұл құрал, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін жетілдіру амалы, мұның өзі бүгінгі күнгі мектеп жағдайында өте маңызды. Сондықтан да екінші тұлға мұғалімнің өзі болып табылады. Сабақты психологиялық талдаудың бұл жағдайында рефлексия механизмі іске қосылады, яғни адамның өзінің ішкі дүниесін түсінуі, ұғынуы, вербализациялауы (түрткілерді, күйлерді, тұлға бағыттылығын, талабының дәрежесін, өз іс-әрекетінің барысын, оның табыстарын және т.б.). «Педагогикалық рефлексия» мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет субъекті, басқа адамдарды оқыту мен тәрбиелеу үшін әлеуметтік жауапты тұлға ретінде кәсіби өзіндік сана сезімімен арақатынаста екенін атап өту маңызды.
Сабақтың психологиялық талдауының объекттері
Сабаққа психологиялық талдау жүргізу процесінде педагогикалық рефлексия объекті ретінде ең алдымен, педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік түрткілері болып табылады. Зерттеушілердің көрсетуінше, позитивті әлеуметтік-мәнді түрткілермен қатар (жастармен, балалармен, жұмыс істеу тілегі, өз еңбегінің қоғамдық мәнділігін түсіну және т.б.) мұғалімдер педагогикалық іс-әрекетпен емес, керісінше сыртқы жағдайлардың әсерімен (сүйікті пәнмен айналысу мүмкіндігі, мысалы математика, шет тілі, ақыл-ой еңбегімен байланысты кәсіпке деген қызығушылық және т.б.) байланысты түрткілерді жетекшілікке алады. Осыған байланысты, «мен осы іс-әрекетті не үшін атқарамын» деген өз-өзіне қойылған сұраққа жауап оның орындалу сипатына, оның тиімділігінің артуына жағымды әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, мұғалімнің педагогикалық процестің өзінің сипатын, яғни пән мұғалімінің профессиограммасында бейнеленген функцияларды саналы аңғаруы де маңызды. Оларға, бұрын көрсетілгендей, ең алдымен, операционалды-құрылымдық функциялар тобы жатады (конструктивті-жоспарлаушы, ұйымдастырушылық, коммуникативті-оқытушы, зерттеушілік).
Мұғалімнің психологиялық талдау объекті болып табылатын процесс пен сыныптағы өз іс-әрекетінің нәтижесіне эмоционалдық реакциясының маңыздылығы да аз емес. Басқаша айтқанда, мұғалім бұл процесте өзі басқаратын оқушылардың іс-әрекетіне жауап ретінде пайда болатын эмоционалдық күйді саналы аңғара алады. Жағымды эмоционалдық реакциялардың бұл іс-әрекетті нығайтатыны, ал теріс реакциялар деструкциялап , әркеттесу қабілетінен айыратыны белгілі.
Психологиялық талдау барысында рефлексия объекті ретінде педагогикалық іс-әрекеті болса, онда ең алдымен, мұғалімнің өз іс-әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын саналы түсінуі туралы айтылады. Бұл жерде, көрсетілгендей, «100 жағдайдың 98-де мұғалімдер өздерінің сәтсіз сабақтарын жиі және мұқият талдайды. Тек екі мұғалім ғана өздерінің сәтсіздіктерін белгілеп отырады, оның өзіне де тек 15 жылдық тәжірибеден кейін, алдарына сәтті сабақ заңдылықтарын табу мақсатын қойғаннан кейін ғана жетеді» [123, 43 б.]. Мұғалімнің өзіндік іс-әрекетінің талдауы туралы айта отырып, педагогикалық шеберлікті жетілдіру тұрғысынан мұғалімге сабақты түрлі уақыттық жоспардан, оған дайындық пен оны өткізудің түрлі деңгейлерінде талдау жүргізу керектігін атап өту қажет.
