Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.

Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Әкімшілік құқықта да қылмыстағы құқық сияқты қылмыс құрамы болады. Олар: субъект, субъективті жағы, объект, объективті жағы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект - әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар: жалпы объект, текті объект , түрлі объект, тікелей объект.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады:

1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;

2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану);

3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);

4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық шараларын қолдануды анықтайды);

5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған құралдар (көлік құралы, ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың субъективті жағының міндетті белгісі - кінә. Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.

3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:

  • ескерту жасау;

  • әкімшілік айыппұл салу;

  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;

  • әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

  • арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;

  • жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

  • заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

  • әкімшілік қамауға алу;

  • шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.