Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

5. Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру – құқықтық негіздері.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 Заңына сәйкес құрылыс қызметi (бұдан әрi - құрылыс) - жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет болып табылады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы реттеудi жүзеге асыратын, сондай-ақ бақылау-қадағалау мiндеттерiн атқаратын мемлекеттiк басқару органдары:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде өзге де орталық атқарушы органдар;

4) өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары болып табылады.

Нормативтік актілер: [1, 2, 36, 37]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 10, 18, 22, 40]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2,]

14 -такырын. Әлеуметтік-мәдени саланы әкімшілік- құқықтық реттеу

1. Білім беру, және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру, және ғылым мекемелерін басқару.

2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтық жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.

3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.

4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.

5. Туризм және спортты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық жүйесі.

1. Білім беру, және ғылым жүйесін ұйымдастырылуы түсінігі мен негіздері. Білім беру, және ғылым мекемелерін басқару.

Білім беру жүйесі дегеніміз - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны болып табылады.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңына сәйкес Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

Білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.