- •2012 Ж. Күн айы № хаттамасы
- •1.1Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Оқу пәні бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтың жүйесі.
- •2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
- •4.Азаматтардың жолдамалары.
- •2. Атқарушы билік органдарының түрлері.
- •3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.
- •4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •5. Атқару билігінің орталық органдары.
- •6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлңрдің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және тоқтатылуы.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері.
- •2.Кәсіпорындар мен мекемелер кызметінің құрылуы және токтатылуы.
- •Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
- •3.Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.
- •2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.
- •3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.
- •Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.
- •2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.
- •3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.
- •4. Әкімшілік жазаларды тағайындау.
- •5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.
- •2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.
- •4. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс).
- •2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
- •3. Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері.
- •4. Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері.
- •5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
- •6. Прокурорлық қадағалау.
- •7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.
- •2. Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны.
- •4. Соғыс жағдай режимі.
- •5. Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.
- •2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың кұқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.
- •3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар.
- •4. Қаржылық бақылау. Қаржы - экономика аясындағы құқық бұзушылыкпен күрес. Қаржы полициясының Агенттігі.
- •5. Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру – құқықтық негіздері.
- •2. Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру - құқықтык жүйесі. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесі.
- •3. Денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары.
- •4. Азаматтардың әлеуметтік корғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі сім органдары
- •5. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
- •Кеден ережелерінін бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары Тақырып 1. Қр әкімшілік құқығы ғылымының пәні, және қайнар көздері.
- •Тақырып 2. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқықтық мәртебесі.
- •Тақырып 13. Әкімшілік құқықтық режимдер кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдіктері
- •Тақырып 14. Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу
- •Такырып 15. Кеден ісі аясында заңдылықты қамтамасыз ету
- •Такырып 16. Қр кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •Тақырып 17. Кеден органдарында мемлекеттік қызметті өткеру.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
5. Атқару билігінің орталық органдары.
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай – ақ заңдармен көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері :
- ведомстволар ,
- департаменттер ,
- басқармалар.
Қазақстан Республикасының агенттігі - Республика Премьер – Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган.
Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынысымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ведомствоның құрылымын тиісті орталық атқарушы органның жауапты хатшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және оның өзге мемлекеттік органдарымен өзара іс – қимыл тәртібін осы ведомство құрылымына кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді» делінген.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына Конституцияға сәйкес, келесілер жатқызылады :
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық - әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету ;
- коммуналдық меншікті басқару ,
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Жергілікті атқарушы орган (әкімият) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) , ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Әкім – Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын жәнетиісті аумақта мемлекеттің саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының жай – күйіне жауапты өкілі.
Заңға сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерін Премьер – Министрдің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. Өзге әкімшілік – аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Президент өз ұйғарымымен әкімдерді қызметінен босата алады.
Нормативтік актілер: [1, 2, 4, 19]
Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 6, 7, 18, 22, 36, 40]
Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 7]
4-тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі, оның нормативтік-құқықтық негіздері.
2. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
3. Мемлекеттік қызметкерлңрдің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Көптеген зерттеүшілердің пікіріне қарағанда мемлекеттік қызметтің пайда болғанына ұзақ уақыт өткенімен, ол айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған және осы кездері істің жағдайына онша айтарлықтай оң ықпал бере алмайды.
А. А. Таранов оқулығында кеңестік мемлекеттік қызметтің негізгі кемшіліктерін жіктеп көрсеткен К. С. Бельскийдің пікіріне тоқталып өтеді, яғни .
- тиісті дәрежедегі маманданушылықтың, кәсіпқойлықтың болмауы, ол Александр Бектің «Тағайындау» романында жақсы сипатталған ,
- қызметкерлер ұжымы борпаң, мығым емес ;
- кадр саясаты мәселесі саяси сыңарезулікпен шешімін тауып отырды, ғылыми – методикалық басшылық жасайтын арнайы орган болмады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы № 13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік – құқықтық актілері жатады.
