Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi - iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және өкiм етушiлiк функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады. Iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Iшкi iстер министрлiгi), оның құрамына кiретiн департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлiмшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көлiктегi оған бағынатын iшкi iстер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелiк, желiлiк iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер, бiлiм беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Iшкi iстер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкiмшiлiк полиция және полицияның өзге де қызметтерi, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери құрылымдар мәртебесi бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.

Криминалдық, әкiмшiлiк және өзге де полиция қызметтерiнiң бөлiмшелерiн, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi жүзеге асырады.

Iшкi iстер органдары жүйесiнiң үлгiлiк ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкiметi бекiтедi.

3. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.

Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары;

Қауіпсіздік - 1) қауіп-қатерлерден қорғаные; 2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.

4. Шетел істерін баскарудың ұйымдастырушылық - кұқықтық нысандары. Қазақстаннын шетелдегі сім органдары

Қазақстанның ағымдағы кезеңдегі шет елдер мен халықаралық ұйымдармен экономикалық және гуманитарлық байланыстарының түрлі аспектілері «Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен экономикалық және гуманитарлық байланыстары» бөлімінде көрсетілген. Бұнда көкейтесті екі жақты және көп жақты қатынастар туралы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері мен қатар шет мемлекеттердің өкілдері де басылым беттерінде сөз алады.

ҚР СІМ Баспасөз-брифингтері «АБК (ҚР СІМ Ақпараттық-баспа кеңесі) баспасөз-орталғы хабарлайды...» бөлімінде көрсетілген, бұнда сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Қазақстан мен әлемде болып өткен және енді болатын аса маңызды оқиғаларды жариялайды.