- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті емтихандарды ұйымдастыру және өткізу ережелері Түркістан 2013
- •Емтихан өткізу кезіндегі жұмыс комиссиясы мүшелеріне қатысты ереже
- •2 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі тіркеуші офис қызметкерінің ережесі
- •3 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі декан орынбасарының ережесі
- •4 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі емтихан қабылдаушының ережесі
- •5 Қосымша білім алушының емтихан тапсыру ережесі
- •6 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі жазбаша жұмыс тексерушісінің* ережесі
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Апелляцияға өтініш қабылдау
- •7 Қосымша
- •Апелляциялық комиссия туралы ереже
- •3. Апелляцияның өтуі
- •4. Апелляция комиссиясының шешім қабылдауы
- •8 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі тексеру орны өкіліне қатысты ереже
Емтихан өткізу кезіндегі жұмыс комиссиясы мүшелеріне қатысты ереже
Міндетті:
Емтихан өткізу кезеңіне қатысты барлық ережелерді білуге;
Факультеттер бойынша емтихандардың Ережелерге сәйкес өтілуін қадағалауға;
Емтихан өткізілу Ережелерінің бұзылғандығын анықтаған кезде бұл жайлы акт жасап университет жұмыс комиссиясы төрағасына тапсыруға;
Күнделікті университет жұмыс комиссиясы төрағасына жазбаша есеп беру.
Тыйым салынады:
Емтиханнан шығу акттілерін өзіне алып қалуға;
Күнделікті университет жұмыс комиссиясы төрағасына берген жазбаша есебінде жалған ақпарат беруге;
Аталған ережені бұзған комиссия мүшелеріне университеттің профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің корпоративті мәдениет кодексін бұзған болып саналып оған тәртіптік шара қолданылады.
2 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі тіркеуші офис қызметкерінің ережесі
Міндетті:
Емтихан өткізу кезеңіне қатысты барлық ережелерді білуге;
Пән бойынша емтиханнан бір күн бұрын декан орынбасарымен бірге арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен емтихан билеттерін білім алушылардың санына сәйкес бастырып шығару (емтихан билеті жауап парағының бірінші беті болып табылады);
Әр білім алушының емтихан билетінінің артына екінші таза жауап парағын және олар үстіне шифрлеу түбіртегін степлер арқылы бекітуге (әрі қарай жауап парақтары деп аталады);
Әр жауап парағына факультет мөрін басып шығуға;
Жауап парақтар санының білім алушылар санына сәйкестігін қайта тексеруге;
Емтихан аудиториясы мен емтихан өту уақыты көрсетілген конвертке жауап парақтарын салуға;
Әр білім алушыға факультет мөрі басылған қосымша бір жауап парағын конвертке салуға;
Емтиханнан шығарылу актінің бес данасын конвертке салуға;
Конверттің бүтіндігін қаматамсыз ету мақсатында желімденген жерге факультет мөрін басуға және конверттің бекітілгеннін растап қол қоюға;
Емтихан сессиясы кезінде алдын ала белгіленген факультеттің шифрлеу-дешифрлеу бөлмесінде болуға;
Кезекші емтихан қабылдаушыдан емтихан құжаттарын* сәйкес қабылдап алуға және конверттің сыртына қабылданған құжаттар санын растап қол қоюға;
Қабылданған жазба жұмыстарын шифрлеуге;
Жауап парағында идентификациялық белгілері (аты-жөнін, қолтыңба және т.б. күдік тудыратын белгі) бар жұмыстарды акт арқылы жою және жауап парақтар мен актіні жұмыс комиссиясына өткізу;
Шифрленеген жұмыстарды тексеру пунктінің өкіліне өткізу және бұл жайлы конвертке сәйкес жазба қалдыру;
Тексерілген жұмыстарды тексеру пунктінің өкілінен қабылдап алып және бұл жайлы конвертке сәйкес жазба қалдыру;
Тексерілген жауап парақтарын дешифрлеуге;
Емтихан бағаларын 100 ұпайлық жүйеде емтиханға қатысу парағына қоюға;
Емтиханға қатысу парағында қойылған ұпайларды автоматтандырылған жүйенің емтихан тізімдемесіне енгізу;
Шифрлеуге/дешифрлеуге қатысты мәліметтердің құпиялығын сақтауға.
Тыйым салынады:
Шифрлеу/дешифрлеу бөлмесіне жұмыс комиссиясы мүшелерінен басқа бөгде тұлғаларды кіргізуге;
Бөгде адамдарды жұмысқа қатыстыруға;
Шифрлеу үдерісіне кедергі жасауға;
Шифрлеуге/дешифрлеуге қатысты мәліметтерді бөгде тұлғаларға хабарлауға және/немесе беруге;
Емтиханнан шығу акттілерін өзіне алып қалуға;
Шифрлеу/дешифрлеу бөлмесіне шығып кетуге, ұялы телефонмен сөйлесуге, газет-кітап оқуға, жазу жазуға немесе басқа да өз шаруаларымен айланысуға;
* емтихан құжаттарына негізгі және қосымша жауап парақтары, емтиханнан шығарылу актісі (толтырылған және пайдаланылмаған) және емтиханға келу парағы кіреді
Аталған ережені бұзған тіркеуші офис қызметкері университеттің профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің корпоративті мәдениет кодексін бұзған болып саналып оған тәртіптік шара қолданылады.
