Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихандар ережесі.docх.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

7 Қосымша

БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі вице-президент

Ахметов Б.Б.

« ___» ___________ 2013 ж.

Апелляциялық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1 Аталған Ереже Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (әрі қарай – университет) апелляциялық комиссиясының құрамын, өкілеттілігін және қызметтік міндетін анықтайды.

1.2 Университеттің апелляциялық комиссия туралы Ережесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 18 наурызындағы № 125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережелерінің бекітілуі туралы» бұйрығына (2010 жылдың 13 сәуіріндегі №168, 2011 жылдың 16 наурызындағы №94 өзгерістер мен толықтыруларға) сәйкес жасалды.

1.3 Апелляциялық комиссия университеттің барлық білім беру бағдарламаларындағы тыңдаушылардың, студенттердің, магистранттар мен PhD докторанттардың (әрі қарай – білім алушылар) аралық аттестаттаудан өту кезінде білім бағалауға қатысты даулы мәселелердің шешілуі мен бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

1.4 Апелляциялық комиссия өз жұмысында ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңын, Жоғарғы кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылатын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2005 жылғы 2 наурыздағы №195 қаулысын, басқа да Қазақстан Республикасының құқықтық- нормативтік актілерін, университеттің Жарғысын және қолданыстағы ережесін басшылыққа алады.

2. Апелляцияға өтініш қабылдау

2.1 Аралық аттестаттау (емтихан) нәтижесімен келіспейтін білім алушылар емтихан нәтижесі автоматтандырылған жүйедегі электрондық тізімдемеге қойылғаннан соң, келесі күнінен кешікпей, апелляциялық комиссияға негізделген жазбаша өтініш беруге құқылы. Емтихан нәтижесі автоматтандырылған жүйеге қойылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктіріліп берілген өтініштер қаралмайды.

2.2 Апелляциялық комиссия құрамына: төраға, төраға орынбасары, апелляцияланатын пән профиліне біліктілігі сәйкес келетін оқытушылар құрамынан алынған комиссия мүшелері кіреді. Апелляциялық комиссия құрамы университет президенті бұйрығымен бекітіледі.

2.3 Өтінішті апелляция комиссиясы төрағасының атына білім алушы жеке өзі беруі керек (1 қосымша). Апелляцияға екінші тұлғадан, соның ішінде білім алушының ата-анасы тарапынан қабылданбайды.

2.4 Апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары апелляцияға өтініш қабылдауды ұйымдастырады. Өтініш қабылданған соң журналға тіркеуге алынады.

2.5 Апелляцияға өтінішті білім алушы оқитын факультеттегі деканның оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қабылдап, білім алушының өтініші мен жұмысын апелляцияланатын пәнді қарастыратын комиссия төрағасының орынбасарына өткізеді.

2.6 Білім алушы апелляциялық өтініш беру үшін, емтиханның жауап парағында сұрақтың дұрыс қойылмағандығы, немесе сұрақтың пәннің оқу бағдарламасына сәйкес емес екендігі туралы жазба жазып қалдыруы керек. Ондай жазбасы жоқ жұмыстар бойынша апелляцияға берілген өтініш комиссия тарапынан қарастырылмайды

2.7 Апелляция өтініш білдірген білім алушының қатысуынсыз да қарастырылады. Апелляция комиссиясының мәжілісіне өзге тұлғалардың қатысуына жол берілмейді.