Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихандар ережесі.docх.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

3. Апелляцияның өтуі

3.1. Апелляция үш кезеңде өтеді:

1-кезең – өтініштерді қабылдау – емтихан нәтижесі автоматтандырылған жүйеге қойылғаннан кейін 24 сағат ішінде;

2-кезең – факультетте жазбаша жұмыстарды іздестіру, қарау – өтініш бергеннен кейін 24 сағат ішінде;

3 кезең – апелляциялық комиссияның апелляциялық өтінішті және алынған жұмысты нәтижелерін қарауы және шешім қабылдауы – өтініш бергеннен кейін 72 сағат ішінде;

3.2. Апелляциялық комиссия білім алушылардың өтініштерін мына мәселелерге байланысты қарайды:

  • сұрақтың қате қойылуына;

  • мазмұны бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес келмеуіне;

3.3. Егер мәжіліске төраға орынбасарымен қоса есептегенде, ең кемі Комиссияның үш мүшесі қатысса, комиссия шешім қабылдауға құқылы. Апелляциялық комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.

3.4. Апелляцияны қарау барысында, Комиссия мүшелері, емтиханды тапсыру нәтижелерінің бағасы туралы дәлелді, жазбаша қорытынды шығарады және хаттама толтырады.

3.5. Апелляциялық комиссияның білім алушыға қосымша сұрақтар қоюға және жазба жұмысына түзетулер енгізуге құқығы жоқ.

3.6. Апелляциялық комиссияның емтиханда қойылған бағаны күшінде қалдыруға немесе басқа баға қоюға құқығы бар.

3.7. Апелляциялық комиссия мүшелері апелляцияларды қарау мерзімінің ереже талаптарынан тыс созылып кетуіне соқтыруы мүмкін мәселелер мен қиындықтар туралы төрағаға уақытылы хабарлап отыруға, апелляциялық жұмыстарға байланысты құпиялықты сақтауға, өздеріне жүктелген қызметтерді жоғары кәсіби деңгейде орындауға міндетті.

3.8. Апелляциялық комиссияда келіспеушілік туындаған жағдайда дауысқа салу жүргізіледі де, шешім көпшілік дауыспен бекітіледі. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

3.9. Апелляция бойынша қойылған баға жөніндегі апелляциялық комиссияның шешімі соңғы шешім болып есептеледі.

3.10. Апелляциялық қараудан кейін комиссия аралық аттестация бағасы жөнінде соңғы шешімді қабылдап, білім алушыларға шешім туралы жазбаша хабарлайды.

4. Апелляция комиссиясының шешім қабылдауы

4.1. Апелляция шешімі хаттамамен бекітіледі (2 қосымша)

4.2. Апелляция комиссиясының хаттамада бекіткен шешімі Тіркеуші офисіне жіберіледі. Шешімнің негізінде білім алушыға жеке емтихан тізімдемесі жасалып, ол негізгі емтихан тізімдемесіне қоса тіркеледі.

4.3. Тізімдемеге төраға, комиссия төрағасының орынбасары және апелляция комиссиясының мүшелері қол қояды.

4.4. Хаттама қатаң есептік құжат ретінде бір оқу жылы ішінде тіркеу кеңсесінде, ал тізімдеме деканатта сақталады.

4.5. Апелляциялық комиссия емтихан сұрақтарын типтік оқу бағдарламасына сәйкес емес, немесе дұрыс емес деп тапқан жағдайда, апелляциялық комиссия төрағасы берілген сұрақтарды құрастырушы оқытушыларға, кафедра меңгерушісіне, қатысты тәртіптік шара қолданылуы жайлы ұсыныс беруге міндетті.

8 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі тексеру орны өкіліне қатысты ереже

Міндетті:

  1. Емтихан өткізу кезеңіне қатысты барлық ережелерді білуге;

  2. Шифрленеген жұмыстарды тіркеуші офис қызметкерінен қабылдап алуға және бұл жайлы конвертке сәйкес жазба қалдыру;

  3. Тексеру орнына келген жазабаша жұмыс тексерушісінің өкілеттілігінің кафедра меңгерушісінің өкіміне сәйкестігін анықтауға;

  4. Жұмыс тексерушісіне шифрленеген жұмыстарды тексеруге беруге және бұл жайлы конвертке сәйкес жазба қалдыруға;

  5. Тексерілген жұмыстарды дешифрлеу үшін тіркеуші офис қызметкеріне беру және бұл жайлы конвертке сәйкес жазба қалдыру;

  6. Шифрленеген жұмыстардың тексеру орнынан шығарылмауын қадағалауға;

Тыйым салынады:

  1. Тексеру орнына жұмыс комиссиясы мүшелерінен басқа бөгде тұлғаларды кіргізуге;

  2. Бөгде адамдарды жұмысқа қатыстыруға;

  3. Тексеру үдерісіне кедергі жасауға;

  4. Жауап парақтарын бөгде тұлғаларға беруге;

  5. Тексеру орнынан шығып кетуге, ұялы телефонмен сөйлесуге, газет-кітап оқуға, жазу жазуға немесе басқа да өз шаруаларымен айланысуға;

Аталған ережені бұзған тексеру орны өкілдеріне университеттің профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің корпоративті мәдениет кодексін бұзған болып саналып оған тәртіптік шара қолданылады.