Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихандар ережесі.docх.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

5 Қосымша білім алушының емтихан тапсыру ережесі

Міндетті:

  1. «Білім алушынының емтихан тапсыру ережесін» білуге;

  2. Емтихан болатын аудиторияға емтихан кестесінде көрсетілген уақыттан 20 минут бұрын келуге. Кешіккен студент емтиханға жіберілмейді!

  3. Жеке заттарды (сумка, ұялы телефон, кітап, дәптер және т.б.) аудиторияда арнайы бөлінген орынға қалдыруға;

  4. Өзімен бірге тек қаламсап, емтихан сессиясына жіберілгені туралы мөр басылған сынақ кітапшасын және қосымша материалды* алуға;

  5. Келу парағына қол қойып, сынақ кітапшасын емтихан қабылдаушы үстеліне қалдырып, емтихан қабылдаушы** көрсеткен орынға отыруға;

  6. Емтихан қабылдаушы айтқан нұсқауларды мұқият тыңдап орындауға;

  7. Емтихан қабылдаушыдан жауап парағын алуға;

  8. Емтихан сұрағы түсініксіз болып немесе жауап парағында деканат мөрі болмаған жағдайда емтихан қабылдаушыға хабарлауға;

  9. Қосымша жауап парағы*** керек болған жағдайда емтихан қабылдаушыдан алуға;

  10. Емтихан сұрақтарына көрсетілген уақыттан ерте жауап беріп болған жағдайда емтихан қабылдаушыға жауап парағын беріп, сынақ кітапшасын алып аудиториядан шығуға.

  11. Білім алушы емтиханның сұрақтары дұрыс қойылмағандығы немесе сұрақтың пәннің оқу бағдарламасына сәйкес емес екендігіне сенімді болса апелляциялық өтініш беру үшін жауап парағында ол туралы жазба жазып қалдыруға.

Тыйым салынады:

  1. Уақыт тәртібін бұзуға (кешігуге);

  2. Шпаргалка, ұялы телефон (қосылған немесе өшірілген), кітап, дәптер және т.б. электронды құрылғыларды пайдалануға;

  3. Шулауға, сөйлесуге, емтихан қабылдаушының рұқсатынсыз орын ауыстыруға;

  4. Жауап парағын басқа білім алушыға беруге;

  5. Емтихан басталмай тұрып жауап парағына жазуға;

  6. Жауап парағында идентификациялық белгілерді (аты-жөнін, қолтыңба және т.б. күдік тудыратын белгі) қалдыруға;

  7. Емтихан аяқталғаннан соң жауап парағына жазуды жалғастыруға;

  8. Емтихан жауап парағын өзімен бірге алып кетуге;

  9. Аудиториядан емтихан басталғаннан кейін шығуға;

  10. Емтихан қабылдаушы барлық материалдар жинап алғанша орнынан тұрып кетуге;

  11. Емтихан аяқталғанына қарамастан жауап парақтарын өткізуге кедергі жасауға.

Жоғарыда көрсетілген ережелердің бір немесе бірнеше

пунктін бұзған білім алушы емтиханнан шығарылады

және емтихан бағасы «0» балл есебінде қойылады

* - білім алушының пән бойынша емтиханға алып кіретін қосымша материалдар тізімін академиялық мәселелер жөніндегі департамент бекітеді;

** - емтиханда емтихан қабылдаушының қызметін кезекші оқытушы атқарады;

*** - әр студентке қосымша бір жауап парағы беріледі.

6 Қосымша емтихан өткізу кезіндегі жазбаша жұмыс тексерушісінің* ережесі

Міндетті:

  1. Пән бойынша оқу бағдарламасын білуге;

  2. Пән оқытушысының аралық аттестауды бағалау критерийлерін білуге (силлабусқа сәйкес);

  3. Емтихан біткеннен соң 24 сағаттың ішінде тексеру орнына келіп жазбаша жұмыстарды тексеруге және 100 ұпайлық жүйе бойынша бағалауға;

  4. Тексеру орнында тәртіп және тыныштық сақтауға;

  5. Басқа тексерушілердің жұмысына кедергі жасауға;

  6. Тексеру орнынан шыққан жағдайда, жазбаша жұмыстарды тексеру орнының өкіліне өткізуге және бұл жайлы конвертке сәйкес жазба қалдыруға.

Тыйым салынады:

  1. Тексеру барсынада ұялы телефонмен сөйлесуге немесе басқа да өз шаруаларымен айланысуға;

Жазабаша жұмыс тексеруші емтиханға қойылған бағалардың объективтілігіне толық жауап береді. Қойылған баға апелляциялық комиссия шешімі негізінде өзгертілген жағдайда жазбаша жұмыс тексеруші университеттің профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің корпоративті мәдениет кодексін бұзған болып саналып оған тәртіптік шара қолданылады.

 

*- пәндер бойынша жазбаша жұмыс тексерушілердің тізімі кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітіледі