Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kost_obl_tar_umkd.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
870 Кб
Скачать
☆

2. Рухани отарлау жолы-миссионерлік.

Патшалық Ресей мен оның миссионерлері Қазақ жерінде 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру,сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады.Бұл саясатты патша үкіметінің шенеуніктері Қазақ даласына толық иелік ету сынды,өздерінің түбегейлі мақсаттарына жету үшін жүргізіп отырды.Олар қазақ халқын шоқындыру және орыстандыру үшін сан түрлі айла-тәсілдерді қолданып бақты.Мәселен,Ресей империясы қазақ халқын отарлаудың ең сенімді әдісі «водворение» чғни орыс шаруаларын қазақ халқымен араластыра қоныстандыру саясатын ұстанды.

Сонымен, патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлық саясатының басты бағыттарының бірі - жергілікті халықты христиан дініне тарту. Осы арқылы қазақ халқын толық орыстандыру, оны дінінен, тілінен айыру кезек күттірмейтін міндет еді. Бұл саясат Қазақстан Ресей империясы құрамына қосылған кезеңнен бастап жүйелі түрде жүргізілген. Қазақтарды христиан дініне тартуда, үгіттеу, насихаттау, елді мекендерге шіркеу, христиан діні мектептерін салуда, әсіресе, миссионерлік ұйымдар үлкен жұмыстар атқарады. Аталған істің барысын мемлекеттік ұйымдар тарапынан бақылауға алынып, оған нақты көмек пен бағыт беріледі.

Патша үкіметінің миссионерлік саясаты XIX ғасырдың П жартысында, әсіресе Қазақстанның Шығыс өлкесінде кең қарқынмен жүргізіледі. Аталған жұмыс барысы Омбы қаласында шығып тұрған Омбы епархиялық хабаршысында үнемі жарияланып тұрады. Аталған(журналдың 1898-1899 жылдардағы сандарын парақтағанда оның қандай бағытта жүргеніне көз жеткіздік.

Атап айтқанда осы кезеңдегі патша үкіметінің миссионерлік саясаты, негізінен, мынадай бағыттарда жүргізілген.

1. Қазақ-орыс қоныстарына шіркеу және басқа да мінәжат үйлерін салып, осыған жергілікті халықты тарту.

2. Шіркеулік-приходтық мектептер ашып, онда қазақ балаларын оқыту.

3. Жергілікті халық арасында тікелей үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

4. Орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларына христиан діні негіздерін оқыту және қазақ мектептеріне дін сабақтарын енгізу арқылы христиан дінін насихаттау. Мысалы, Омбы епархиясының 1898 жылдағы есебінде аталған уақытта шіркеу құжаттары бойынша... 402 қазақпен миссионерлік жұмыс жүргізілген.

1890- 1898 жылдары қазақ даласына христиан дінін кеңірек тарату мақсатында үкімет тарапынан Шульба, Александр, Татар, Атбасар елді мекендерінде сиыну үйлері салынады. Ақмола қаласында Константино Елецк шіркеуі пайдалануға беріледі. Атбасар сиыну үйі христиан діңің қабылдаған қазақтарға арнап салынады. Осы қаладағы христиан дінін қабылдаған қазақ балаларының үйін салуға 15000 рубль ақша жұмсалады. Осындай мақсаттарға арналған үйлер Семей қаласы маңайында, Бөкен елді мекендерінде салынып, пайдалануға беріледі.

1899 жылы Семей облысы қазақтары үшін Приобреженск, Тумареты, Ақмола облысының Татар елді мекендерінде христиандық храмдар салынады. Алғашқы екеуінде христиан дінін қабылдаған отырықщы қазақтар түрады. Осындай мақсаттағы шіркеу үйі Болшенарым қонысыңда да жұмыс істейді.

Жергілікті халықтың христиан дінін қабылдаушы жекелеген қазақтармен қатынасын мынадай оқиғадан көруге болады. Зайсан үйезіндегі Федоров кен орнындағы қазақ жұмысшылары бақылаушы, шоқынған қазақ Мойсей Петровті өздерінің нағыз жауы ретінде қабылдайды. Жергілікті үкімет пен кен әкімшілігіне сүйенген М. Петров өз қандастарына болымсыз күнәсі үшін қатаң шара қолданады. Бүған жауап ретінде қазақ жұмысшылары оны дереу бақылаушылықтан босатуды, егер бұл талап орындалмайтын болса, оны өлтіретіндіктерін мәлімдейді. Кен әкімшілігі жұмысшылар талабын орындамаған соң, олар ереуілге шығып, М. Петровті сабайды. Ереуілді басуға келген полиция уряднигі Калеевтің талабына жұмысшылар «Шошқа Мойсейді кен өндірісінен әкетпейінше, олар жұмысқа шықпайтындықтарын» мәлімдейді[30.26]. Қазақтар ар-ождан және иман тазалығы үшін осылай күреседі.

Жалпы,қазақ балалары жастайынан аралас мектепте оқыса,оның дүниетанымы,мінез-құлқының қалыптасуы шоқындыруға бейім,өз халқының рухани тамырынан қол үзіп,ұлт тағдырына селқос қарайтын делқұлы жандар шығатынын миссионерлер көрегендікпен болжай білді.Сондай-ақ,миссионерлер мен патша шенеуніктері қазақ қыздарын оқытуға шешуші мән беріп,оларды ана ретінде келешек ұрпақты миссионерлік мақсат тұрғысынан тәрбиелеуші бесік иесі деп қараған.Ал бүгінгі таңдағы Қазақстандағы аралас мектептердің арғы-төркіні осы миссионерлік мақсаттан туғаннан көбіміз біле бермейміз.Дәл осы күні таза қазақ мектебі мен орыс –қазақ аралас мектебіндегі қазақ сыныптарындағы оқитын балалардың рухани байлығын салыстыратын болсақ,аралас мектептердегі қазақ балаларының рухани мешеулігі ешкімге жасырын емес.

1893 жылы Тобыл епархиясының архиепископтары «Краткий очерк миссионерства Тобольской»деген очерк жазған.Осы очерктің 4-ші тарауы «Миссия противомусульманская-киргизская»-деп аталады.Бұл тарауда қазақтарды христиан дініне кіргізудің небір айла-шарғылары айтылады:

1.Қазақтар өздерінің билерін,үлкендерін керемет сыйлайды.Сондықтан,бірінші кезекте қазақтардың билерін,үлкендерін христиан дініне кіргізу үшін миссионерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істеу керек.Егер қазақтың билері христиан дініне кірді деген сөз,сол ауылдың тұрғындары түгелімен христиан дінін қабылдады деген сөз.

2.Қазақтарды христиан дініне көптеп кіргізу үшін,алдымен оларға арақ ішкізуді үйрету керек.Арақты қазақтар өздігінен ішпейді.Сондықтан,қазақ жігіттерін орыс қыздарына үйлендіру қажет.Сонда орыс қыздары қазақ жігіттеріне арақты қолдан қалай жасайтынын үйретіп,әрі ішуді де үйретеді.

Бұлардан туған бала христиан дінін еш қиындықсыз қабылдайды.Бұл үшін миссионерлер бар ынтасымен жұмыс істеп,екі жақты да ақшалай сыйлықтармен қамтамасыз етіп отыру керек.

Бұл жерде Тобыл архипископының екі қоянды бір оқпен атып алғысы келгендігі байқалса,екіншіден архипископтың ойлаған ойының бүгінгі күні қазақ жастарының арасынан айна қатесіз орын ала қалғанына қайран қаласыз.

Шоқындырудың тағы бір тәсілі-ата-ананың азан шақырып қойған аты-жөнін өзгертіп,орысша қойылуда.Кешегі бетке ұстар ағамыз Әліби Жангелдиннің бір кезде «Степанов»болғанын, қазіргі кездегі қазақ қыздарының өз аттары бола тұра,Гуля,Света,Оля,Надя немесе тәп-тәуір аттарын бұрмалап,Нурик,Жорик атанып жүруінде де кешегі шоқындыру саясатының ұшқыны жатыр.Патша шенеуніктері керек кезінде қылмыс жасаған қазақтарды қорқыту,зорлау арқылы да христиан дініне кіргізіп,Ресей азаматтықтарын қабылдатып отырған.Егер қылмыс жасаған қазақ христиан дініне кіріп,Ресей азаматтығын қабылдаса,1848 жылғы реформаның 78-тармағы бойынша жеңілдетілген жаза ретінде әскерге және Сібірге жер аударылды.Осындай жеңілдетілген жазаға ілігу үшін түрмедегі көптеген қазақтар 1848 жылғы 1 қарашада Орынбор шекара комиссиясының азаматтық сотына өздерінің христиан дініне кіруге және Ресей азаматтығына қабылдауға рұқсат етуіне арыз берген.

Аталған кезеңдегі патша үкіметінің миссионерлік саясатына Ы. Алтынсарин де қарсы шыққан. Ол қазақ халқын оқуға, білімге тарту ісіне белсене араласқанымен, қазақ мектептерінде христиан діни сабақтарын оқытуға батыл наразылық білдірген. Торғай облысынын оқу инспекторы қызметінде жүргенде ол Орынбор оқу округінің татар, башқұрт, қазақ мектептері жөніндегі инспекторы В. Катаринскийге жазған хатында Ор қаласындағы мүғалімдер мектебін басқарушы әрі оқытушы А. Бессоновтың миссионерлік жат пікірі жөнінде «Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруге тура келіп отыр... Бақсам, олар мүғалімдер мектебінің 3 және 4 кластарына бір ай бойы інжіл және оның парыздарын уағыздай бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін барыпты» деп, бұған асқан сорақылық деп қарайды. Бұдан әрі Ы. Алтынсарин мүғалімдер мектебінде дін сабағын оқытуды мүлдем тоқтату жөнінде төтенше бұйрық шығарылсын, ондай болмаса, орыс, қазақ мектептерінде дін сабағы-бөлініп оқытылсын-дейді. Ал Бессоновты мүғалімдіктен босатып, қатаң шара қолдануды Орынбор оқу округінен талап етеді.

Ы. Алтынсарин дүниеден қайтқанша миссионерлік саясатпен ашық күресіп келген. Мысалы: ол «Красноуфимскідегі ауылшарушылығы мектебінде қазақ балаларына шошқа бақтыру, шошқа етін беру, орыс оқушыларымен бірге ғибадат еткізу оқиғаларын» естіп, қатты наразылық білдіріп, тікелей барып шара қолданатындығын жазады.

«Мешіттерді, медреселерді, сиыну үйлерін жабу, діни кітаптарды жою, қазақ тілінде жазылған Евангелия, христиан дінін қабылдамаушыларды Сібірге жер аударумен қорқыту, миссионер мүғалімдер арқылы орысша оқыту, қазақтарды ант қабылдауға мәжбүр ету,... қазақ балаларын миссионерлік үйлерде еріксіз ұстау, оларды шоқыншы деп жариялау, христиан дінін қабылдамағандығы үшін қазақ қызының басын арқанмен қысу, қазақ тілінде кешірім мен өтініш жазуға тыйым салу, болыстың басқарма-дағы іс қағаздарын орысша жүргізу, т. б. адамдардың арын аяққа басу мен қорлау, күш көрсету, т. б. 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдьщ басында ұмыт қалған алыстағы шет аймақта осы уақытқа дейін іске асып келеді, - деп көрсетті М. Тынышбаев. - Мұның барлығын қалай ұлы Ресей державасының теократиялық, бюрократиялық үкіметінің шет аймақ ұлттарына қарсы крест жорықтары деп атамасқа»

ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы Ресей миссионерлерінің іс-әрекеті осындай еді.

Бақылау сұрағы:

1.Облыстағы оқу –ағарту ісі облыста қалай ұйымдастырылды.

2.Рухани отарлау жолы-миссионерлерлердің қызметі қандай болды.

Әдебиет.

1.Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай. 1995.

2. Костанай: вчера, сегодня, завтра. Алматы: 1979.

3. Мехонцев Н.И. Костанайская область. Челябинск. 1955.

4. Батищев – Тарасов С.Д. Большой Тургай. М. 1959.

№ 8. Тақырыбы: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстар.

Мақсаты: Қазақ интеллегенциясының қызметіне тоқталу, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептерін ,барысын ашып көрсету.

Жоспары:

1.Қазақ интеллегенциясының қызметі.

2.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

3. Азамат соғысы жылдарындағыҚостанай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]