- •Мазмұны
- •Курсқа жалпы сипаттама
- •Пәннің тақырыптық жоспары.
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.
- •«Қостанай облысының тарихы» курсының жұмыс бағдарламасы.
- •Семинар сабақтарының жоспары
- •1. Оқытушы бойынша мәліметтер
- •2. Пән бойынша мәліметтер
- •1. Оқытушы бойынша мәліметтер
- •2. Пән бойынша мәліметтер
- •3. Студенттерге қойылатын талаптар
- •3. Студенттерге қойылатын талаптар
- •Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер
- •Лекция материалдары
- •3. Қоныстандыру саясаты.
- •2. Рухани отарлау жолы-миссионерлік.
- •1.Демократиялық-ревалюциялық қозғалыстар
- •2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы.
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен игеретін жұмыстардың жоспары
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен игеретін жұмыстардың жоспары
- •Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары
- •«Қостанай облысының тарихы» пәнi бойынша студенттер бiлiмiн бағалаудың
- •Рейтингтiк баллдарды бақылаудың түрлерiне сай бөлу:
- •«Қостанай облысының тарихы» пәнi бойынша қорытынды баға:
- •2.1. Пәнді оқу технологиясы
- •Аралық бақылау сұрақтарының тапсырмалары
- •1 Бақылау сұрақтары. Тест жұмысы.
- •2 Аралық бақылау жұмысы. Тест жұмысының тапсырмалары.
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары
Қостанай , 2009 .
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.
Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент пән бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Өзіндік жұмыстарға арналған тақырыптар топтастырылған.Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған.Тақырыптар тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.
Студенттер өзіндік жұмысты орындамас бұрын, сабақ жүргізетін ұстаздарынан тиісті кеңестер алуы қажет.Ұстаз тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.
Пән бойынша студенттер мына жұмыс түрлерін жүргізеді:
- Тыңдалған және жазылған лекция тақырыптарын өңдеу;
Семинар сабақтарына дайындалу;
Пән бойынша емтиханға дайындалу.
№ |
Жұмыс түрі. |
Тақырыбы |
Көлемі |
Бақылау түрі. |
1. |
Лекция конспектілерімен жұмыс |
1 час 1. Ортағасырдағы Қостанай жері 2. ХІХ ғ-ХХғ өлкенің саяси-экономикалық дамуы 3. Жергілікті халықтың рухани өмірі. (ХІХ ғ аяғы –ХХ ғ.басы) 4. ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстар 5. Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайы. (1920-30 жж.). 6.Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы 7.1950-80жж Қостанай облысы. 8.1990 -2008жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.
|
0,5 сағ 0,5 сағ 0,5 сағ.
0,5 сағ. 0,5 сағ 0,5 сағ. 0,5 сағ. 0,5 сағ. 0,5 сағ
0,5 сағ
|
Конспект тексеру |
2. |
Семинар сабақтарына дайындық. |
Әр студент кемінде 2 сағаттан семинарға дайындалуы қажет. |
15 |
Семинар сабағындағы ауызша жауабы |
3. |
Пән бойынша емтиханға дайындық. |
Барлық тақырыптар бойынша |
5 сағ |
|
4. |
Баяндамалар мен рефераттар дайындау |
|
5 сағ |
|
Барлығы |
30 сағ |
|||
СОӨЖ бен СӨЖ –на әдістемелік нұсқау.
Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.
Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.
Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.
Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.
Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.
Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.
Нақты оқу жағдайлары – студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.
Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.
Топ жобасы топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.
Жеке жоба – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; проект қорытыныдысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін.
Глоссарий
«Большевичка» - Қостанайда 1941 жылдың 19 қазанында іске қосылған тігін фабрикасы;
«Губэксо» - Қостанайдағы 1921жылы 21 тамызда құрылған экономикалық жиналыс;
«Большевиктік жол» - облыстық газет;
«Клинволокно» - №507-ші облыстық зауыт;
«Кустанайстрой» - 1955жылы құрылған жалпы құрылыстық трест;
«Целинная» - Қостанайда 1963 жылы салынған қонақ үй;
«Трудовые резервы» - 10 мыңыншы болып іске қосылған Қостанай қаласындағы стадион;
«Автомобилист» - Футболдан «Б» класстағы КСРО біріншілігіне алғашқы қатысқан футбол командасы;
«Горняков» - 1967 жылы Рудный қаласында құрылған мәдениет сарайы;
«Боровское» - іске қосылған ірі сауықтыру кешені;
«Қазақстандық совхоз - техникум» - Қостанай облысының Комсомол ауданында құрылған оқу орны;
«УралАЗ» - ҚазақКСР-нің құруымен Қостанай қаласында іске қосылған дизел двигателді зауыты;
«Қостанайқұрылыс №14» Рудный қаласында жұмыс істеген трест;
«Сосновый бор» - мемлекет көлеміндегі жаңа сауықтыру кешені;
«Галактика» - Кеңес-американдық бірлескен кәсіпорын;
«Әлембанк» - ішкіэкономикалық қызметпен айналысатын банк;
«Котекс» - Акционерлік Қоғам;
«Қостанай баспа үйі» - 1992 жылы құрылған Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі;
«Мольбарит» - 1929 жылы бір сағатта 622 км жүріп өткен машина;
«Союзхозтранс» - КСРО-да совхоз транспортымен айналысқан кәсіпорын;
«Қарталы- Рудный-Қостанай» - магистралды газ құбыры;
«Баян-Сұлу» - 1993 жылы Ашық Акционерлік Қоғам болып қайта құрылған кондитер фабрикасы;
«Жас Өркен» - 2007 жылға арналған Қостанай облысының аймақтық бағдарламасы;
«Жанұя» - 2000 жылы құрылған мемлекеттік мекеме;
«Тобол» - 1998 жылы 1 желтоқсанда құрылған Қостанай футбол клубы;
«Байқоңыр» - жасанды жер спутнигі;
«Қостанай» - облыстық кеңформатты кинотеатр;
«Зерносртестом» - ірі бидай совхозы;
«Костанайсельстрой» - №13-ші өнеркәсіптік трест;
«Союзмышьяк» - рудныйлық шаруалар кадрларын дайындайтын цех.
АО Баян Сұлу- 1976 жылы құрылған Қостанай қаласындағы ең үлкен кондитерлік фабрика.
Банк Центр Кредит-1988 жылы 19 қыркүйекте құрылған, Қостанай қаласындағы ең бірінші коммерциялық банк.
ОАО «Алпамыс»- 1941 жылы құрылған Қостанай қаласындағы ең көне аяқ киім фабрикасы.
ТОО Агрофирма «Ирина и К»- 1991 жылы құрылған Қостанай қаласындағы ет өнімдерін шығратын мекеме.
«Атриум» сауда үйі- Қостанай қалдасында жаңа дизайнерлік тұрғыда салынған сауда үйі.
«Дастархан » сауда кешені- 2003жылы құрылған Қостанай қаласынждағы 2,8915м құрайтын ірі сауда кешені.
ТОО «Сұңқар 15»- үй жажабдықтарынак арналғанг тауарлдар мен тағам өнімдерін сататын сауда саттық кешені.
Медеу қонақ үйі- қала орталығында орналасқан қазіргі заманға сай қонақ үй,
«Ақ шаңырақ» қонақ үйі- біздің қала сыртында орналасқан демалыс орны.
Қостанай Әлеуметтік Техникалық Университеті- 1999 жылы Қостанай қаласында құрылған жоғары оқу орныдарының бірі.
Қостанай Ююридистикалық Институты- 2004 жылы 30 шілдеде құрылған Қостанайдағы жоғары оқу орындардың бірі.
Марал Ишам мешіті- 1990 жылы пайдалануға берілген Қостанай қаласының орталығында орналасқан мешіт.
«Қостанай» газеті- 1990 жылы 25 тамызда құрылған, Қостанай қаласының муниципалды басқару жүйесінің ресми ақпараттық органы.
Агромашхолдинг- дизель двигательдерін шығаратын Қостанайдағы ірі завод.
«Агротехмаш»заводы- Қостанай облысының негізгі техникалық кешені.
«Қостанайполография» - Қостанайдағы ерекше бай тарихы бар өндіріс аймағы.
«ДЕП» ЖАҚ- облыстағы ірі сүт өнімдерін өндіруші.
Абай – Амангелді ауданынын ауылы. Амангелді совхозынан 40 км. жерде орналасқан. Мектеп, клуб, балабақшасы бар. Шаруашылықтың негізгі түрі- мал шаруашылығы.
«Авангард» – Жітіқара қаласында шығарылатын газет.
Автовокзал – 1967 ж. құрылған Қостанай автовокзалы.
Адаевка – Қамысты ауданының ауылы, Горьков ауылының әкімшілік орталығы.
Ақбұлақ – 1983ж. 16 ақпанда құрылған Науырзым ауданының ауылы.
Аққарға – Жітіқара ауданының ауылы. Жітіқара аудандық орталықтан 120 км жерде орналасқан. Мектеп, клуб, балабақшасы бар. Шаруашылық түрі – мал шаруашылығы және егіншілік.
Аятское – Денис ауданының солтүстік-шығысында орналасқан ауыл. Шаруашылық түрі – мал шаруашылығы және дәнді-дақылдарды егу.
Белозерка – Қостанай облысының Қостанай ауданының оңтүстік- батысында орналасқан ауыл. Қалыптасқан жылы 1954.
Волгоградское – 1954ж қазанда қалыптасқан Жітіқара ауданының ауылы. Территориясы – 46060 га.
Глебовка – Қостанай облысының Денис ауданының оңтүстігінде орналасқан ауыл. 1932 ж қалыптасқан, территориясы – 51751га. Шаруашылығы- егін.
Денисовка – ауыл, Денис ауданының орталығы. 1966ж дейін Денисовский, 1966ж кейін Орджоникидзе, ал 1997 ж бастап Денисовка деп аталды. Денисовка арқылы Рудный- Лисаковск – Денисовка және Қостанай – Жітіқара жол трассасы өтеді. Мектеп, клуб, балабақшасы, училище, тігу фабрикасы, элеватор бар.
Джетыгара – Жітіқара асбест комбинатын, элеватор, мұнайбазасын қамтамасыз ететін станция. 1910ж қалыптасқан, Жітіқара қаласының оңтүстік-батысында орналасқан.
Жітіқара – Қостанайдан 220 км жерде орналасқан. ҚР Президентінің бұйрығы бойынша 1997ж 30 сәуірде Джетыкара атауынан Жітіқара атауына ауыстырылды. Қаланың атауына негіз болған 25 км жерде орналасқан Джетыкара тауы. Территориясы – 11514 га, тұрғындар саны – 43,9 мың. Пайдалы қазбалары – алтын, асбест, каолин, чирчит және балшық.
Қостанай облыстық кітапханасы – балаларға арналған Алтынсарин атындағы кітапхана 1992 ж тамызда қалыптасты.
Қостанай облыстық аурухана – Ленин атындағы аурухана 1913ж ашылған. 1983ж бастап Денсаулық сақтау саласындағы еңбек сіңірген қызметші Айсин Ж.И. басшылық етеді.
Қостанай диірмен комбинаты – тамақ өнеркәсібі орны. Жеке меншік нысанда. Кәсіпорын 1902ж салынған диірмен негізінде ірге көтерген.
Қостанай жылу энергия компаниясы – мемлкеттік коммуналық кәсіпорын. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу суды химиялық әдіспен тазарту, жылыту жұмыстарымен айналысады.
Қостанай мемлекеттік университет – А.Байтұрсынов атындағы жоғарғы оқу орны. 1993ж бұрынғы Қостанай педагогикалық институт негізінде құрылды. 15 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады.
Қостанай мемлекеттік педаогогкалық институты – Солтүстік Қазақстандағы ірі жоғары оқу орындарының бірі. 60 жыл ішінде 25 мың мұғалім дайындаған. Құрамында 8 факультет, 24 кафедра бар.
«Костанайские новости» - 1918ж наурыз айынан бастап шығарылатын аумақты аймақты газет.
Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры – А.М.Горький атындағы мәдени-сахналық мекеме. 1936ж облыстық драма театрына айналды.
Қостанай облысы – Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық бөлігі. 1936ж бұрынғы Қостанай мен Торғай губ-ң негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 16 аудан, 13 кен, 808 ауыл бар.
Қостанай пима фабрикасы – жеңіл өнеркәсіп орны. 1930ж пима басу кәсіпшілік –кооператив артеліс ретінде жұмыс істей бастады.
«Қостанай таңы» - Қостанай обл. газеті. Алғашқы саны 1922 ж 25 маусымда "Ауыл" деген атпен шыққан. 1991 ж бастап «Қостанай таңы».
Қостанай темір кенді алабы – Қостанай облысының солтүстігімен орталығын алып жатқан темірлі белдем.
Қостанай уезі – Николаевск уезі патшалық Ресей тұсында Торғай облысына қараған уез. 1868ж құрылған, халық саны 160 мың.
Қамысты – Қамысты ауданының аудандық орталығы. Халық саны – 6250 адам. Жітіқара стансиясынан 55 км жерде орналасқан. Территориясы – 12,4 кв.м.
Мерке – 1962ж 28 сәуірді құрылған Науырзым аудының ауылы. Клуб, балабақшасы бар. Шаруалық түрі – егін және мал шаруашылығы.
Милютинка – Жітіқара ауданының ауылы. 1932ж совхоз ретінде қалыптасқан. Мектеп, клуб, балабақшасы, ауруханасы бар. Шаруашылығы – егін.
Спорт сарайы – қостанайлықтар оны күнделікті өмірде «Мұз айдыны» деп атайды. Рекордтық қысқа мерзімде салынды – 2002ж 22 наурыздан 1 қарашаға дейін. Сарайда хоккей турнирі үшін стандартты мұз арнасы бар, спорттың ойын және жеке түрлерінің жарыс өткізу үшін әмбебап төсеніс бар. Мұнда 1580 көрермен сияды.
С.Мауленов атындағы қазақ орта мектебі – 1990ж. №24 қазақ бастауыш мектебі ашылған еді, 2 жылдан кейін ол негізгі мектеп мәртебесін калды. 1996ж оқу орнына белгілі қазақ ақын С.Мауленов есімі берілді. 1997жылдан бері ол С.Мауленов атындағы қазақ орта мектебі.
