Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті

Инвестициялар және инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты орта және ұзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі факторлары жер,еңбек,капитал екендігі экономикалық теориядан белгілі.Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің бірінші дәрежелі міндеттеріне негізгі құрал-жабдықтарды тозудан сақтау шаралары жатады.Негізгі құрал-жабдықтарды жаңалау осы құрал-жабдықтарға капитал салымының көлемі мен динамикасына тәуелді.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің тағы бір ірі міндетіне ұлттық экономикалық стратегиясына сәйкестендіру ,рыноктық конъюктураға сай жүргізу жатады.Қазақстан экономикасында құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізу барысында инвестицияларды өңдеуші,түпкі өнім шағаратын салаларға бағыттау ұмтылысы мен таза рыноктық мақсаттарды шикізаттық,қазба ресурстары салаларын инвестициялау үдерісі арасында қайшылықтар пайда болды. Ал мұның өзі салиқалы мемлекеттік реттеу шараларынсыз шешуге болмайтын түйн екендігі дусыз. Мемлекеттік реттеуді талап ететін тағы бір мәселе ғылыми-техникалық, технологиялық инновацияларды инвестициялық қамтамасыз ету болып табылады.

38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Қазіргі әлемде кез келген мемлекет өндірістің ғылыми- техникалық және технологиялық деңгейін жғарылату проблемасымен бетпе-бет келуі айдан анық. Елдің ғылыми-техникалық әлеуеті оның өндірістік-экономикалық әлеуетінің сипатты көрсеткіші болып табылады. Инновациялық ғылыми зерттеудің білім беру мен іргелі ғылымды дамытумен байланысты жақтарын реттеуде мемлекеттің рөлі ерекше. Инновациялық қызметтің капитал сыйымдылығының өте жоғары болу себептері:

1.ғылыми зерттеулер мен ізденістер және олардың нәтижелері арасында,яғни экономикада пайдалану арақашықтағы едіуңр уақыт кезеңін алады

2.инновациялық қызмет зерттеушілердің, жобалаушылардың, қымбат ғылыми аппаратуралар едәуір шығындарды қажет етеді

3.инновациялық жобалар тәуекелі жоғары категорияға жатады

Инновациялық қызметті жүгізу үшін едәуір инвестициялардың қажеттілігі оны инновациялық-инвестициялық қызметке айналады,яғни өзінің мәні бойынша кез келген инновациялық жоба сонымен бірге иннвестициялық болып табылады. Елдерде инновациялық-инвестициялық қызмет жартылай мемлекеттік қызмет ,өйткені оны мемлекет реттейді.

Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекетті реттеудің негізгі әдістері келесідей:

-іргелі ғылыми зерттеулерге шығынды бюджеттік қаржыландыру

-ғылыми-техникалық өнімді мемлекеттік сатып алу

-ғылыми кадрларды даярлауға мемлекеттік қолдау

-инновациялық-инвестициялық қызметке қатысушыларға салықтық жеңілдіктер беру

-қолданбалы зерттеулерді коомерциализациялауға мемлекеттік жәрдем беру

-отандық инновацияларды әлемдік рынокқа өткізуге комектесу

39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары

Аумақтық әлеуметтік-экономикалық басқарудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу өндрігіш күштерді дамыту және орналастырудың арнайы заңдылықтарына негізделген. Атап айтқанда, өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылықтары өндіргіш күштер мен аумақтардың арасындағы мейлінше ортақ қатынастарды анықтайды.

Аумақтық даму мен орналастырудың аймақтарды кешенді дамыту, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңдестіру,өздерінің аумақтық шектерінде аймақ-аралық ұтымды еңбек бөлінісін жүзеге асыру сияқты заңдылықтары ерекше үлкен рөл атқарады.

ҚР Білім және ғылым министірлігі, экономика иниститутының ғалымдары өздерінің «Қазақстан Республикасы аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизімі» еңбектерінде ел аймақтарын өндіргіш күштердің даму деңгейі бойынша төрт ірі экономикалық аудандарға бөледі.

1 топқа жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, өнеркәсіп өндірісіне мейлінше маманданған, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін қолайлы Шығыс Қазақстан,Павлодар т б жатқызады.

2 топқа стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың бірегей қорлары бар, ғылыми-техникалық әлеуетті серпінді дамытуға резервтері жеткілікті облыстарды шоғырландырған.

3 топқа Қазақстанның азық-түлік қорын қалыптастыруда қомақты үлесі бар Ақмола, Жамбыл т б облыстары құрайды.

4 топ- бұлар топырақ-климаттық, әлеуметтік –экономикалық және технологиялық жағдайлары нашар Қызылорда, Атырау, Оң Қазақстан облыстары.

Өндіргіш күштердң дамыту мен орналастыру Қазақстан аймақтарының ұтымды мамандануын, қайта құрылымдануын,жекешелендіру және монополиясыздандыру, әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру бойынша шараларды,ішкі және әлемдік рыноктардың конъюктурасын ескере отырып, аймақаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту шараларын қарастыру тиіс.