Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.

Мемелекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі- ол халықты әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Оның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірінші кезектегі басымдық ретіндегі міндеті табысы төмен, қамсыздануы кемшін, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың проблемаларын шешуге болса керек. Әлеуметтік реттеудің басты мақсаты әлеуметтік дағдарыстың теңсіздіктің алдын алу. Елдің экономикалық жағдайы ауырлаған сайын халықты әлеуметтік қорғауға үндеулер көбейе түседі. Өндіріс өспей, ішкі жалпы өнім төмендеп мемлекеттің экономикалық жағдайы қиындай түскенде халықты әлеуметтік қорғауға қосымша қаражат бөлу қиын, тіпті мүмкін болмай қалады. Үкімет те, жұртшылық та барынша халықты түгелдей мемлекеттік әлеуметтік қорғау мүмкін болмайтындығына түсңнңстңкпен қарауы тиіс. Мұндағы дұрысы мен шынайысы халықтың ең мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау туралы болса керек. Тұрғындардың аталмыш категорияларын әлеуметтік әлжуз топтар деп атайды.

Жасқа, мүгедектікке, шектеулі еңбек жарамдылығына байланысты заңнама негізінде ұзақ мерзімді немесе тұрақты түрде көмекке құқығы бар тұрғындар категориясына әлеуметтік камсыздандыру мемлекет қаржылық қоладу тағайындайды.

Мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражатынан зейнетақыдан басқа халықтың мұқтаж категорияларына әртүрлі жәрдемақылар мен төлемдер беріледі. Олар тұрақты, ұзақ мерзімді және уақытша, сондай-ақ бір реттік сипатта болуы мүмкін. Жәрдемақы негізінен балаларды, аура адамдарды, қарттарды қолдау үшін тағайындалады.

Мемлекет жұмыссыздарға едәуір көмек қолын созады. Ең алдымен ол ресми тіркелген жұмыссыздарға мемлекеттік жәрдемақы түрінде жүзеге асады. Жұмыстан айрылып қалғандар үшін мұндай жәрдемақы алғашқы айларда соңғы жалақысы көлеміне жақын сомада төленеді. Кейінгі айларда жәрдемақы деңгейі төмендейді.Мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік үдерістері реттеу объектілерінің бірі табиғатты, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.