Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері

Экономикаға мемлекеттік ықпал ету ауқымы туралы мәліметті келесі көрсеткіштер береді. Жиі қолданылатын көрсеткіш бюджет және бюджеттік емес қорлар арқылы бөлінетін ЖІӨнің үлесі. Бұл үлес жоғары болған сайын мемлекеттің экономиканы реттеу ауқымы да жоғары болады. Экономикадағы мемлекеттің ролі елдің ұлттық активтеріндегі мемлекеттік меншіктің үлесі арқылы да сипатталады. Оның үлесінің жоғары болуы басқа жағдайлар тұрақты болғанда мемлекеттің экономикаға қатысуы елеулі екендігін куаландырады Олардың мөлшері өскен сайын экономикалық өсу қарқыны төмендейді, ал ЖІӨдегі мемлекеттік кәсіпорындардың өндіріс көлемі 20%дан асқан жағдайда экономикалық өсу теріс шамаға айналады. Мемлекеттік реттеудің көлемін мемлекеттік шығыстардың үлесі арқылы да анықтауға болады

Тағы бір көрсеткіш жұмыспен қамтылған жалпы халықтың ішіндегі мемлекеттік қызметкерлердің үлесі. Мұның кемшілігі еңбек өнімділігігінің өзгерісі мен өндірістік ресурстардың өзара алмасушылығын ескермейді

Олардың негізгілерін атап көрсетейік:

    1. Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады.

    2. Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру. Әлемдік рыноктағы ғылыми сыйымды өнімдегі өнеркәсібі дамыған жеті елдің үлесі 80-90% болып отыр және сол өнімдердің экспорты да өсіп өркендеген мемлекеттердің құзырында қалған жайы бар

    3. Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды дегендерінің бірі болып табылады. Аумақтық-шаруашылық үдерістерді реттеудің маңызды құралына өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары жатады.

    4. Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр. Ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану үшін экономикалық дамудың ресурс сақтаушы типіне көшу қажеттілігі туындайды.

Сонымен,мемлекеттік реттеу экономиканың бөліп алғысыз элементі болып табылады. Ол жалпы экономиканың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету және макроэкономикалық теңгерілімге қол жеткізу мақсаты арқылы қоғамдағы экономикалық процестерге мемлекеттік басқару органдарының ықпал етуін білдіреді.

13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары

Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:

  • қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;

  • бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі – мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;

  • елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау – бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.

  • белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.

  • айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.

Бағалар, салықтар, солар бойынша жеңілдіктер, қаржылық ресурстарды бөліп беру, кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер, еңбекті төлеу, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері – мұның барлығы өндірістердің, өңірлердің экономикалық мүдделеріне әсер ететін экономикалық тетіктердің жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік реттеудің маңызды элементіне бағаларға бақылау орнату мәселесі жатады. Әрине, рыноктық экономика жағдайында барлық өнімдердің бағасына бақылау орнату мүмкін емес. Дегенмен, шикізат бағасына бақылау қажет, себебі ол бағалардың барлық тізбегінің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор негізгі тауарлар бағасына да бақылау орнату қажетті іс-әрекеттердің қатарына кіреді.

Мемлекеттік реттеу жай ғана ұйымдастыру – басқару немесе экономикалық мәселе емес, ол әлеуметтік мәселе де болып табылады. Қазіргі кезеңнің, яғни экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы реттеу рыноктың құндық құралдарын пайдалану принциптеріне негізделуі керек.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде жоспарлы реттегіштер мен рыноктық реттегіштерді қатар қолдану тиімділігін бірқатар елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Жоспарлы реттегіштер дегеніміз нақты экономикалық қызметті қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жиынтығы. Рыноктық реттегіштер – ол көптеген өндірушілер мен тұтынушылардың өзара іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасып, объективті түрде қызмет ететін реттегіштер болып табылады

1.Эко мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы

2.Аралас экономика түсінігі

3.Эко мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі

4.Эко мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері

5.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері

6.Аралас экон мемлекет атқаратын функциялар

7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.

8.Мемт пен экон өзара қатынас классикалық моделі

9.Мемлт пен экон өзара қатынасының маркстік моделі

10.Ұлттық экономиканы реттеудің кейнстік моделі

11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы

12.Макрореттеудің монетарлық теориясы

13.ЭМР тиімді жүйесін жасау шаралары

14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері

15.ЭМР директивтік формасы

16.ЭМР мемлекеттік тапсырыстардың мақсаты

17.Индикативтік жоспарлаудың мәні ерекшеліктері

18. Қ.Р. стратегиялық дамуының басымдықтары

19.ЭМР әкімшілік әдістері және олардың мәні

20.Әлеуметтік нормативтер және ЭМР-дегі рөлі

21.Мемл басқару реттеудің бірлігі айырмашылықтары

22.«Экон өсу Экономикалық даму» түсініктері

23.Экономикалық өсу сапасы

24.Экономикалық өсу теориялары мен модельдері

25.Экон өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу

26.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мәні

27.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары

28.Фискальдық экономикалық саясат

29.Монетарлық экономикалық саясат

30.Мемлекеттің бюджеттік саясаты

31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары

32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау

33.Агроөнеркәсіптік кешенді мемл реттеудің бағыттары

34.Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары

35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу

36.Инвестицияның мәні бастаулары тұтынушылар

37.Инвестиция мемл реттеудің мақсаты мен міндеттері

38.Иннов– инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

 39.Өнд күштерді дамыту орналастыру заңдылықтары

40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу

41.Аумақтық дамуды мемл реттеуді жетілдіру

42.Мемл халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы

43.Әлеум реттеудің формалары, әдістері, құралдары

44.Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу

45.Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарызды реттеу

46.Салық салу қағидалары және салықтық реттеу

47.Мемлекеттік салықтық реттеу

48.Қаржының мәні және оны мемлекеттік ретттеу

49.Қаржы ағындарын реттеу

50.Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемл реттеу

51.Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері

52.Мемл кәсіпорындарды жалға беру, жекешелендіру

53.Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу

54.Сыртқыэкон қызметті реттеудің мақсаты 55.Сыртқыэкон қызметті мемлекеттік реттеу әдістері

56.Сыртқыэкон қызметті мемл қолдау ынталандыру

28. Фискальды саясат

Фискальдық саясат – бұл мемлекеттік шығыстар мен салықтардың жоспарланған өзгерістері арқылы тұтас сұранымның қажетсіз өзгерістерінің алдын алу және реттеуге бағытталған бюджет саясаты.

Фискальдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен,мемлекеттің ақшалай табыстары мен шығыстарына байланысты. Рыноктық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болыа табылады. Фискальдық саясат қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі түрлері мен формаларын біріктіреді. Толықтай алғанда фискальдық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқрауды ұйымдастыру , оларды елдің әлеуметтік –экономикалық поблемаларын шешу үшін пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығын құрайды.Фискалдық саясат мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу ,көзделген шараға жұмсау іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Фискальдық саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі экономикалық саясат мақсаттарын атқаруды көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорларының басталуларын, оларды қалыптастыру тәсілдерін іздестіру болып табылады. Фискальдық саясат құралдарын мемлекет жиынтық сұраныс пен жинынтық ұсынысқа әсер ету үшін, дағдарысқа қарсы шаралар қолдану үшін пайдаланылады.

Макроэкономикалық қаржы-бюджеттік саясаты елдегі жалпы экономикалық жағдайға байланысты екі басты желіні ерекшелеуге болады. Оларға фискальдық саясаттың шектеулі және кеңейтілген сипаттары жатады.

Экономикалық дүмпу, жедел экономикалық өсу кезеңінде фискальдық саясат өсу параметрлерін белгілі бір шектерде ұстап тұру үшін шектеуші сипат алады. Ал экономикалық дағдарыс, экономикалық белсенділіктің баяулауы кезеңінде фискальдық саясат кеңейтілген сипат алады, яғни экономиканы «қыздыруға», өндірісті кеңейтуге, құлдыраудан жоғарылауға бағыт ұстайды.

Дискрециялық фискальдық саясат- бұл қосымша қабылдайтын немесе тұрақты қолданыстағы ережелер мен нормаларды өзгертетін мемлекеттік оперативті қаржылық шаралар жиынтығы.

Фискальдық саясаттың құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекеттің бюджеттік саясаты бүкіл бюджеттік кезең бойына мемлекеттік табыстар мен шығындардың теңгерімділішіне жетуді көздейді.

Сонымен, фискалдық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың ең қуатты бағыты ретінде, қаржыландырудың, бюджеттеудің, салық салудың әртүрлі құралдарын тиімді қолданады.