- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
Аралас экономика дегеніміз негізін рыноктық қатынастар және жеке кәсіпкерлік, сондай ақ басқа да көптеген институттар (қаржы өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар т.б.) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың ең маңызды үдерістері мен өрістерін (сфералары) мемлекет реттейді
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың институционалдық негіздерін тереңдете түсу, олардың қаржылық қамтамасыз етілуін және тұрақтылығын орнықтыру міндеттері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осыған байланысты қазіргі күннің өзекті мәселесі қоғамда жүріп жатқан реформаларды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыру өзекті болып отыр. Сондықтан, мемлекеттің рөлі әлеуметтік-экономикалық дамуда теріс үрдістердің етек алып кетуіне қарсы шараларды дер кезінде қабылдап, жүзеге асыруда болса керек.
Ендеше, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің негізгі функцияларын атап өтейік:
Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.
Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды; аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық механизмді қалыптастырады.
Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасайды.
Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты, транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.
Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді, мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.
Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар қолданады.
Елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде ұстайды.
7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мемлекеттік реттеудің мазмұны мен атқаратын қызметтерінен көрініс табады. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты қоғамды, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту Бұл орайда мемлекеттік реттеудің басты бағыттары төмендегідей:
1. Елдің экономикалық саясаты.
2. Әлеуметтік экономикалық мақсаттар.
3. Халық шаруашылығының басым бағыттары.
4. Барлық ресурстарды тиімді пайдалану саясаты.
5. Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясат.
6. Сыртқы экономикалық саясат.
Осы негізде мемлекеттік реттеудің мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады:
Экономиканы тұрақтандыру: экономиканың қаржылық сауықтандырылуы және ақша айналымының тұрақтандырылуы, тұтыну нарығын жақсарту, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту.
Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру: меншік қатынастарын өзгерту, еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, қаржы-несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру.
Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру: нарық инфрақұрылымдарын құру және қалыптастыру, тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын құру, өндіріс заттарының нарығын құру, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру, еңбек нарығын құру,тұрғын үй нарығын қалыптастыру, қаржы нарығын қалыптастыру.
Аралас экономика қалыпты н/е нәтижелі қызмет ететін елд-ң экон-қ, мәдени және ұлттық-тарихи дамуына қарамастан, бұл елдерде ерекше көңіл бөлінетін мемл-ң экон-қ рөлі, экон-қ теорияға тәуелсіз, келесідей маңызды қызметтермен байл:
1.заң шығару, құқ-қ базаны ж/е әлеум-к ортаны қамт ету
2.кәсіпкерлік еркіндікті қамт ету, іскерлік белсенділікті ынталандыру және монопол-қ тенденциямен күрес
3. халықтың әртүрлі топт-ң ішіндегі мұқтаж топтарға әлеум-к кепілдіктер беру мен қорғау мақсатында табыстарды қайта бөлу
4. сыртқы және ішкі жағд-мен байл ұлттық экон-ң құрылымына өзгеріс енгізу мақсатында ресурст-ң бөлінуіне түзетулер енгізу;
5 экон-қ конъюктураның ауытқулары кезінде эк-ы тұрақт-ру, экон-қ ындаландыру
6 жеке капитал әрекет етпейтін сфераларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
7 сыртқы эк-қ қызм-ді бақылау, кеден жұмысын ұйымд-ру;
8 қоршаған ортаны қорғау, сарқылатын табиғи ресурстарды пайд-ды реттеу.
