- •9. Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша
- •11.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі
- •Қаржылық тәуекелдерді басқарудың мақсаты мен міндеттеріне сипаттама
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету.
- •4 Қаржылық иінтіректер (рычаг) жүйесінің үлгілеріне сипаттама.
- •Қаржылық әдістер жүйесіне сипаттама
- •6Қаржылық құралдар жүйесіне сипаттама
- •7. Қаржылық ақпаратты негізгі пайдаланушыларға (ішкі, сыртқы) сипаттама
- •8. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың жүйесі
- •10. Қаржылық тәуекел басқарудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не және оның пайдаланушылары.
- •11 Кәсіпорында қаржылық қызмет тәуекел жоспарлауды негізгі шешетін міндеттер
- •12 Кәсіпорынның төлемқабілеттілік коэффициенттері және оған сипаттама.
- •Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті:
- •Ағымдағы өтімділік коэффициенті:
- •Дебиторлық және кредиторлық қарыздың коэффициенті:
- •13. Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарға қойылатын талаптар.
- •Қаржылық тәуекелдің басқарудың қаржылық иінтірек түрлері және оларға сипаттама
- •15 Қаржылық тәуекелдіктің экономикалық сипатына сипаттама беріңіз
- •16 Қаржылық тәуекелдіктің көрініс табу объективтілігіне сипаттама беріңіз
- •Қаржылық тәуекелдіктің мақсатқа қол жеткізу ықтималдығына сипаттама беріңіз
- •20 Қаржылық тәуекелділіктің күтілетін теріс салдарына сипаттама беріңіз.
- •22 .Пайыздық тәуекелділіктің мәні мен мазмұны.
- •Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдіктердің жіктелуі:
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық
- •Кәсіпорының қаржылық тәуеклдерін басқарудың қызметтері мен тетігі (механизмі)
- •33 Басқарушы жүйе ретіндегі кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін
- •34 Кәсіпорын басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық тәуекелді басқару қызметі тобында негізгі болып қандай топ саналады?
- •35 Қаржы қызметінің реттеу жүйесінің құрылымына сипаттама
- •37 Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің негізгі үлгілері
- •38 Кәсіпорынның есеп айырысуда пайдаланатын төлем құралдарға анықтама беріп, есеп айырысу үрдісін сипаттау (назерке)
- •39. Қаржы тәуекелдерін сақтандыруды басқару қызметі
- •41 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері
- •42 Қазақстан нарығында кәсіпкерлік қызмет ерекшелігіне байланысты қандай тәуекелді төмендету әдістері тиімді.
- •43 Үкіметтің қр экономикасын дағдарыстан шығудын инновациялық жобалары. (эссе)
- •44. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін төмендетуде әртараптандыру әдісінің маңыздылығы
- •45. Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару маңыздылығы
- •46. Қазіргі кездегі кәсіпорындардың қаржылық тәуекелдерін сақтандыру мүмкіндігі
- •47. Қаржылық тәуекелді басқаруда ақпараттық жүйенің маңызы, оның қазіргі таңдағы қажеттілігі
- •48 Дағдарыс жағдайындағы тәуекел –менеджментінің ролі
- •49. Отандық компаниялар үшін қаржылық тәуекелі басым секторлар
- •50. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары.
- •52 Қазақстан Республикасының тұрақты даму стратегиясы
- •53.Қазақстан халкының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері
- •54 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторлары.(эссе)
- •57 Қаржылық дағдарыстың себеп-салдарлары
- •58 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар
- •59 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
- •60 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық аспектілері
53.Қазақстан халкының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері
Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту» . Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.
Қазақстандағы өмір сапасын талдау және бағалау шеңберінде қарастырылатын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялар тізбесі мыналар:
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауы.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдар арналған бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
2030 жұмыспен қамту бағдарламасы.
Тәуелсіздік алған 20 жыл барысында ҚР дербес мемлекет ретінде өзіндік реформаларын жүргізу арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын көтеріп,еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін қалыптастырды. Елімізде қабылданған түрлі бағдарламалар және ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаударындағы бағыттардың жүзеге асу барысында кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділігі дамып және өмір сүру деңгейінің жоғарылауына оң ықпал етуде. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 5,5 пайызды құрап, 1,1 пайызға төмендеді. Одан басқа соңғы 5 жылда бюджеттен білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатына бөлінген қаржы екі есе өсіп, елдегі ішкі жалпы өнімнің 10,4 пайызын құрады.
2011жылдан бастап негізгі зейнетақы төлемдері 30 пайызға артты. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік көмектер 9 пайызға көбейді. Сонымен бірге бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы, төртінші және одан да көп бала туғандарға берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 30 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері айлық төменгі жалақы көлеміне дейін теңестірілді. Шалғай елді мекендерде тұратын халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында телемедицина әдісі өмірге енгізіліп, алыс қашықтықтан жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсетілді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде 50 денсаулық мекемесі іске қосылды.
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың байқуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі...» -деп халықтың өмір сүру деңгейлерін көтерудің алдағы бағыттарына назар аударған болатын .
Осыдан алдағы уақытта еліміздегі халықтың өмір сүру деңгейлерін көтеру үшін қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруға 2013 жылы республикалық бюжеттен білім беру+ саласына 470,0 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда – 7,6 пайыз, денсаулық сақтауға – 524,0 млрд. теңге немесе 8,5 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке – 1 360,2 млрд. теңге немесе 21,9 пайыз артық жоспарланды.
Одан басқа «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға 2013-2015 жылдарға жалпы сомасы 212,4 млрд. теңге белгіленген. Бұл қаржылар өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы төмен адамдарды оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға несие беруге, ауылдық елді мекендерді дамытуға (оның ішінде, ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді салуға) арналған.
«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын орындауға 2013 жылы 157,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салуға және сатып алуға 2013 жылы 27,5 млрд. теңге, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрушылар үшін 17,5 млрд. теңге, жас отбасылар үшін 10,0 млрд. теңге қаржы белгіленді
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруға 2013 жылы 34,0 млрд. теңге қаржы шағын қалалардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікке үйретуге, оларға несие беруге, жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге, жалға берілетін түрғын үй құрылысын салуға жұмсалмақ .
Сонымен қатар, ауылға, агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдаудың, қаржылай көмек көрсетудің маңызы артып отыр. Өйткені, Қазақстан халқының 46 пайызы ауылда тұрады. ҚР азық-түлік өнімдерімен өзін толық қамтамасыз етумен бірге, сапалы, экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау арқылы жыл сайын елге қомақты қаржы әкелуге болады. Ол үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдауды күшейту керек.
Қазір елімізде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау көлемі төмен, ол өндірілген өнімнің 3-3,5 пайызын ғана құрайды. Ал ол Кеден одағындағы Беларусьте –18 пайыз, Ресейде – 6 пайыз. Бұл Біртұтас экономикалық кеңістікте жұмыс істейтін шаруалардың бәсекеге қабілеттілігі әлдеқайда төмен болатынын көрсетеді.
Шаруаларды ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып қалып отыр. Бүгінгі таңда, ауыл шаруашылығы техникаларының басым көпшілігі ескі болғандықтан жаңа техникамен қаруланған басқа елдердің шаруаларымен бәсекеге түсе алмайды.
Сонымен бірге, республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығын қолдау үшін қарастырылған несиелерді тиімді игеру жұмыстарын да қатаң қадағалау қажет. 2012 ж. республикалық бюджеттен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілетін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге бөлінген 2,2 млрд. теңге игерілмеді. Бұл аталған бағдарламаның негізін шаруаларға кеңінен түсіндірмеуінің салдарынан туындап отырған жағдай. Осымен бірге, ауылдық кәсіпкерлерді несиемен қамтамасыз ету үшін елімізде микронесие ұйымдарын көбейтіп, олардың жұмысын жандандыру қажет. Бұл бағытта 2012 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Бағдарламаны тиянақты түрде орындау үшін қағазбастылықты қысқартып, несие алушылардан талап етілетін құжаттар тізімін барынша азайту керек. Ауылдық жерлерде өзін өзі қамтамасыз ететін азаматтарды жұмысқа тарту үшін ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар көптеп салуды қолға алған жөн болар еді. Осындай кәсіпорындарды ауылдық жерде, аудан орталығында саламын деген кәсіпкерлерге жеңілдетілген, ұзақ мерзімге несие беру мәселесін шешуді созуға болмайды. Оны жүзеге асыру елімізді азық-түлік тауарларының көбеюіне, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аудан бюджетіне қомақты қаржы түсуіне жол аша отырып, нәтижесінде ауылдағы халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге болар еді
Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жаңа инновациялық технологиялар керек. Мысалы өсімдік шаруашылығында тамшылатып суару сияқты жоғары сапалы өнімді қамтамасыз ететін технологиялар ендіріліп, олар өзінің жемісін беруде. Егін шаруашылығындағы осындай инновациялық, экологиялық таза бағыттардың бірі – өсімдік зиянкестерімен күресудегі биологиялық әдіс. Бүгінде өсімдіктерді қорғауда улы химиялық заттар қолданылады, нәтижесінде зиянкестермен бірге пайдалы организмдер өледі, қоршаған орта ластанады, адамдар уланады.
