- •9. Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша
- •11.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі
- •Қаржылық тәуекелдерді басқарудың мақсаты мен міндеттеріне сипаттама
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету.
- •4 Қаржылық иінтіректер (рычаг) жүйесінің үлгілеріне сипаттама.
- •Қаржылық әдістер жүйесіне сипаттама
- •6Қаржылық құралдар жүйесіне сипаттама
- •7. Қаржылық ақпаратты негізгі пайдаланушыларға (ішкі, сыртқы) сипаттама
- •8. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың жүйесі
- •10. Қаржылық тәуекел басқарудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не және оның пайдаланушылары.
- •11 Кәсіпорында қаржылық қызмет тәуекел жоспарлауды негізгі шешетін міндеттер
- •12 Кәсіпорынның төлемқабілеттілік коэффициенттері және оған сипаттама.
- •Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті:
- •Ағымдағы өтімділік коэффициенті:
- •Дебиторлық және кредиторлық қарыздың коэффициенті:
- •13. Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарға қойылатын талаптар.
- •Қаржылық тәуекелдің басқарудың қаржылық иінтірек түрлері және оларға сипаттама
- •15 Қаржылық тәуекелдіктің экономикалық сипатына сипаттама беріңіз
- •16 Қаржылық тәуекелдіктің көрініс табу объективтілігіне сипаттама беріңіз
- •Қаржылық тәуекелдіктің мақсатқа қол жеткізу ықтималдығына сипаттама беріңіз
- •20 Қаржылық тәуекелділіктің күтілетін теріс салдарына сипаттама беріңіз.
- •22 .Пайыздық тәуекелділіктің мәні мен мазмұны.
- •Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдіктердің жіктелуі:
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық
- •Кәсіпорының қаржылық тәуеклдерін басқарудың қызметтері мен тетігі (механизмі)
- •33 Басқарушы жүйе ретіндегі кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін
- •34 Кәсіпорын басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық тәуекелді басқару қызметі тобында негізгі болып қандай топ саналады?
- •35 Қаржы қызметінің реттеу жүйесінің құрылымына сипаттама
- •37 Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің негізгі үлгілері
- •38 Кәсіпорынның есеп айырысуда пайдаланатын төлем құралдарға анықтама беріп, есеп айырысу үрдісін сипаттау (назерке)
- •39. Қаржы тәуекелдерін сақтандыруды басқару қызметі
- •41 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері
- •42 Қазақстан нарығында кәсіпкерлік қызмет ерекшелігіне байланысты қандай тәуекелді төмендету әдістері тиімді.
- •43 Үкіметтің қр экономикасын дағдарыстан шығудын инновациялық жобалары. (эссе)
- •44. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін төмендетуде әртараптандыру әдісінің маңыздылығы
- •45. Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару маңыздылығы
- •46. Қазіргі кездегі кәсіпорындардың қаржылық тәуекелдерін сақтандыру мүмкіндігі
- •47. Қаржылық тәуекелді басқаруда ақпараттық жүйенің маңызы, оның қазіргі таңдағы қажеттілігі
- •48 Дағдарыс жағдайындағы тәуекел –менеджментінің ролі
- •49. Отандық компаниялар үшін қаржылық тәуекелі басым секторлар
- •50. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары.
- •52 Қазақстан Республикасының тұрақты даму стратегиясы
- •53.Қазақстан халкының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері
- •54 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторлары.(эссе)
- •57 Қаржылық дағдарыстың себеп-салдарлары
- •58 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар
- •59 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
- •60 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық аспектілері
4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету.
Бұл міндетті жүзеге асыру барысында қаржылық тұрақтылықтың ықтималды бұзылуы мен кəсіпорынның төлем жасай алмауын болдырмау, оның операциялық немесе қаржылық қызметінің көлемін тарылту бойынша ескертпелі шаралар кешені жасалады, бұл шаралар жүйесіне жекелеген қаржы операцияларын хеджирлеу, ішкі резервтік ақша қорын қалыптастыру, қаржы тəуекелдерін сыртқы сақтандыру енеді
4 Қаржылық иінтіректер (рычаг) жүйесінің үлгілеріне сипаттама.
Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің мынадай негізгі үлгілерін қамтиды:
Бағаны
Пайызды
Пайданы
База ақша ағымын
Сақтандыру сыйақысын
Өсімін, айыппұлдарды, тұрақсыздық төлемін
Басқа экономикалық иіндіректер
Сақтандыру франшизасын
Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы. Құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.
Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.
Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Баға— тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді.
Пайыз экономикалық категорияның бірі.
Несие пайызы — несие алушы белгілі бір соманы алғаны үшін алған сомадан бөлек үстеме соманы несие берушіге төлейтін сомасы. Несиенің шамасымен, сипатымен және мерзімімен айқындалады. Пайыздың негізігі қайнар көзі қосымша сома болып табылады, яғни капитал алып пайдаланған кезде төленетін қосымша пайыз немесе үстеме.
Есептік пайыз - орталық (ұлтық) банкінің коммерциялық банкілерге несие беруінің ресми пайыздық мөлшерлемесі; вексельдерді (купондарды, облигацияларды, басқа да бағалы қағаздар мен борышқорлық міндеттемелерді) олар бойынша төлеу мерзімі басталмастан бұрын сатып алу жолымен ақшалай алғытөлем бергені үшін банкілер (өзге де несие мекемелері не мамандандырылған делдалдар) өндіріп алатын төлемақы
Пайда. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады
Таза ақша ағымы. Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын жәнетөлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақша ағымы ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Әр қадамында ақша ағымының мәні сипатталынады:
- тұсімнен осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
- жұмсалумен – осы қадамдағы төлемдерге тең;
- сальдо түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.
Ақша ағымы әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:
1.инвестициялық қызметтен ақша ағымы;
2.операциялық қызметтен ақша ағымы;
3.қаржы қызметтен ақша ағымы.
Сақтандыру сыйақысы.
Тарифтік ставка бұл сақтандырушының сақтандыру келісім шарттарын жүргізу кезінде сақтандыру тәуекелінің бағасын және ақшалай нысанға тең басқа да шығындары. Тарифтік ставка ақша қорын қалыптастырудағы әрбір сақтанушының қатысу үлесін анықтайтын база болып табылады. Сақтандыру тарифі сақтандыру объектісінен немесе сақтандыру саласының бірлігінен төленетін сақтандыру жарнасын көрсетеді. Сақтандыру тарифі көмегімен сақтандыру келісім шарты жасалған кезде сақтанушының сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысының мөлшері анықталады. Сақтандыру тарифі немесе брутто ставка нетто ставкадан және устемеден тұрады. Нетто ставка сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға сақтандыру ұйымының ресурстарын қалыптастыруға арналған брутто ставкасының бөлігі. Устеме байқалмайтын шығыстар мен кірістерді сақтандыру операцияларын жүргізуде сақтандырушының әкімшілік шығыстарын өтеуге арналған брутто ставканың бөлігі.
Өсімпұл бұл тұрақсыздық белгісі, яғни белгіленген уақытта өз сомасын төлемеуі немесе өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамауы есебінен төленетін санкция. Бұл пайыз бойынша есептеледі, әрбір өткен күн есебіне өсімпұл есептеліп отырады.
Айыппұл құқық бұзушылық орын алған жағдайда заң талаптарына сәйкес жазалау. Кәдімгі жағдайда істеген құқық бұзушылығына сәйкес, ақшалай төлем түрінде мемлекет бюджетіне белгілі бір соманы төлеу болып табылады.
Тұрақсыздық бұл уақыт мерзіміне сәйкес өзгеріп отыру. Яғни бұл көбіне бағаның, акцияның құнының, облигацияның және бағалы қағаздардың құнының өзгеруімен көрініс табады.
Сақтандыру франшизасы бұл сақтандыру шартында көрсетілгендей сақтанушыны шығын болған жағдайда белгілі бір сомадан аспаған жағдайда төлеумеу қабілеті. Франшизаның міндетті және міндетті емес франшизалары болады. Міндетті франшизада
Егер шығын көлемі франшиза келісім шартында көрсетілген сомадан аспайтын болса, сақтандыру төлемі толенбейді
Егер шығын көлемі келісім шартында көрсетілген сомадан асатын болса, сақтандыру төлемі толық көлемде төленеді.
Міндетті емес франшизада:
Барлық жағдайда сақтандыру төлемі келісім шартта көрсетілген франшиза сомасында төленеді.
