Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆
  1. Халықаралық тасымалдар түсінігі, дәстүрлі тасымалдау әдістерін талдаңыз

Халықаралық тасымалдар үшін транспорт. Әлемде ерекше, ұлттық транспорттық жүйеден жекеленген тек қана жүк пен жолаушы тасымалы үшін ғана арналған халықаралық транспорт жоқ. Халықаралық тасымалдар жеке елдің транспорт жүйесіне кіретін, өзінің жылжымалы составын ( теңіз және өзен көліктері, ұшақтар, вагондар, автомобильдер) және де транспорттық желілерді, транспорттық тораптарды (теңіз және өзен порттар, әуежайлар, теміржолдар және автостанциялар, жүк және жолаушы терминалдары) қолданатын әр түрлі елдердің ұлттық тасымалдаушыларымен жүзеге асырылады.Дүниежүілік сауда үлкен тауар ағынын елдер, аймақтар, континенттер арасында жүргізеді. Бір-бірінен теңіздермен, мұхиттармен бөліген мемлекеттер арасында саудалық қызмет көрсетуде теңіздік транспорт әмбебап және тиімді жерлік транспорт ретінде болып табылады. Транспорттың бұл түрі халықаралық сауда көлемін тасымалдауда 80%-н қамтамасыз етіп отыр. Халықаралық теңіздік қатынастарда тасымалдауға теңіздік жүк (фрахт) ретінде төленетін құн дүниежүзілік экспорттың шамамен 7%-на тең. Халықаралық теңіздік жүк ағынының басты бөлігін құйылмалы және ақтарылма жүк құрайды: шикі мұнай, мұнай өнімдері, темір кені, тас көмір, бидай. Теңіз саудасының басқа бөлігін бас немесе жәшіктік-дана жүк, яғни дайын өнеркәсіптік өнім, жартылай фабрикаттар, азық-түлікті бөлуге болады. Бұл дүниежүзілік сауда айналымының ең аз және ең құнды бөлігі болып табылады.Соңғы уақыттары континентаралық тасымалдауда әуе транспорты теңіз транспортының басты бәсекелесі болды. Теміржол, өзендік және автомобильді транспорттар ішкіконтинентальды сыртқы саудада және де экспортты және импортты жүкті сатқан және сатып алған елдер территориясында тасымалдауда кеңінен таралады. Халықаралық саудада мұнай мен газ тасымалдауда құбыр жүргізу жүйесі үлкен рөль атқарады.Халықаралық жолаушылық қатынастары. Соңғы онжылдықтарда сыртқы саудалық, туристтік, ғылыми және мәдени байланыстарын тереңдетілген интернационализацияландыру процестері дүниежүзінің барлық елдерінде халықаралық ептілігін бірден өсірді. Қазіргі кезде жылына бірнеше миллиард жолаушы халықаралық сапар жасауда. Бұл таңда әуе транспорты басқа транспорт түрлеріне қарағанда даусыз артықшылықтарға ие бола тұра, халықаралық жолаушылар қатынастарында кеңфюзеляжды реактивті жоғары деңгейлі жайлылығы бар ұшақтарды қолданысқа беру нәтижесінде ие болды. Әуе транспортымен қатар ішкі континентальды халықаралық жолаушы тасымалдауда автомобильді және теміржол транспорттары кеңінен қолданылады. Теңіздік және өзендік транспорт жолаушы қатынастарында халықаралық туристтік круиз ретінде өте танымал.Халықаралық транспорттық операцияларды жүзеге асыруда тасымалдаушылар жүк иелеріне халықаралық саудада ерекше тауар болып саналатын транспорттық қызмет көрсетеді. Халықаралық транспорттық қызметтер халықаралық транспорттық нарықта сатылады және сатып алынады. Транспорттық қызметтің бағасы және олырды ұсынудың басқа да шарттары, бір жағдайларда, екі қызығушы жақтың келіссөз тақырыбы болып табылатын болса, кей жағдайларда тасымалдаушылардың өздерімен тағайындалады. Халықаралық транспорттық операцияларға тағы дажолаушы тасымалын екі мемлекет арасыдағы тасымалын жатқызуға болады. Халықаралық қатынастарда жолаушыларды жеткізудегі қызмет лайықты транспорттық нарықтарда сатылады. Басты рөльді теңіз, әуе,автомобильді және теміржол кәсіпорындарымен тығыз байланыстағы туристтік агентстволар және сол сияқты мекемелер атқарады.Сонымен, жүк және жолаушы тасымалдауда қызмет көрсету әр алуан халықаралық транспорттық нарықтарда сауда-саттықтың негізі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыстарға қатысатын елдер өздерінің жүк иелік, транспорттық, туристтік және басқа да мекемелер арқылы транспорттық қызметтерін сатып алу, сату арқылы олардың экспорты мен импортын жүзеге асырады.