Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

54 Кемелерді агенттеу – агенттік қызметтің сипаттамасын талдаңыз

Теңіз флотының ұйымдасқан және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету кіру порттарында кемелерді агенттік, стивидорлік, тальмандық мен шипчандлерлік қызмет көрсету сияқты транпорттық үрдісте кездесетін операцияларды нақты орындаумен байланысты. Оларды орындаудың ерекше технологиялық және коммерциялық спецификасы түрінде көптеген елдерде бұл қызмет түрін маманданған агенттік фирмалар атқарады.

Агенттеу кеме иесі мен агенттік ұйым арасында бекітілетін ұзақмерзімді және бір реттік келісімдер негізінде жасалады. Орындалған жұмыс үшін көлемі агенттік келісімшартпен анықталатын сыйақы төленеді.

Теңіз агенттеуі келісімшарты бойынша кеме агенті кеме үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді атқаруға міндетті:

· Баж салығын, жинауларды, айыппұлдарды қосып, кеменің портқа келуімен байланысты кедендк және порттық ресмилікті жүргізуді қамтамасыз ету;

· Кемені жанармаймен, азық-түлікпен, сумен және т.б. қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

· Жүк жұмыстарын және олар бойынша есеп айырысулар жүргізуді қамтамасыз ету;

· Жүк пен кеме құжаттамасын уақытысында даярлау;

· Экипаж мүшелеріне медициналық және мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

· Құжатты түрде жабдықтау және шағымдарды ретке келтіру;

· Кемеде есептік ақша құжаттамасын даярлау;

· Кеме капитаны, жүк иелері, кедендік және порттық билік арасындағы барлық мәселелерді реттеу.

Отандық порттарда шетелдік кемелерге (қызмет экспорты) қызмет көрсетуді ұйымдастыру құрылымды түрде кеме тасымалының құрамына кіретін «Инфлот» теңіз агенттігі айналысады, ал методикалық басшылық пен олардың қызметін координациялауды «Кеңесфрахт» жүзеге асырады. Шетелдік порттарда Ресей кеме иеленушілерімен осындай қызметтерді импорттау шетелде отандық теңіз кеме тасымалының басты агенті болып табылатын «Кеңесфрахт» АКК арқылы да жасалады.

Шетелдік порттарда ресейлік кемелерді агенттеу бұрын аталған қызметтерден басқа, жүк операцияларында кеменің тұру уақытысын енгізу (есептеу), кеме келуіне қарай жүкті портқа апару, жүкті қабылдау мен тапсыру, контейнерлік жүктермен транспорттық-экспедициялық операциялар, кемеден алынатын жинаулар мен салықтарды төлеу, жүк құжатын дайындау кіретін келісімдер бойынша орындалады. төлемдер мен сыйақы сомасы дисбурсментстік шотқа (кеме агенті шығындарының тізімі) кіреді.

55. Әлемдік сауда флотының сипаттамасы және құрамын талдаңыз

Әлемдік сауда флотының өсуі әсіресе жаңа, неғұрлым заманауи кемелердің жетілген техникалық мүмкіндіктерін есепке алғанда сұраныстың динамикасынан асып түсті. Бұл жағдайда кеме тасымалы нарығында сұраныстың қысқаруы тек мөлшерлеменің түсуін ғана емес, сондай-ақ теңіз тасымалы мен онымен байланысты басқа салаларда ауыр салдарларға алып келетін жалғаспалы дағдарыстық әсерді туғызуы мүмкін. Ресейлік теңіздегі кеме қатынасы бірінші ретте ішкі себептер бойынша қиындықтарға тап болып отыр. Егер КСРО тарамай тұрып отандық теңіз транспорты көп бөлігінде сыртқы сауда жүктерінің тасымалын қамтамасыз етсе (кей жылдары 80%-ға дейін), ал 1992 жылдан кейін (бұрынғы кеңес флоты тоннажының жартысы берілген) ресейлік сауда флоты жыл сайын орта есеппен 10%-ға қысқартылып отыр және қазіргі күні жартысына дейін қысқарған. Ресейлік кемелердің сыртқы саудалық тасымалдағы үлесі 80-нен 12%-ға түскен. Шетелдік кеме иелері металл, көмір, кен, мұнай және мұнай өніімдері сияқты экспорттық тауарлардың тасымалын өз қолдарына алып отыр. Нәтижесінде шетелдің кеме қатынасымен айналысатын компаниялары ресейлік сыртқы сауда тауарларын тасымалдай отырып 1997 жылы шамамен 2 млрд долл. табыс тапқан. Сондай-ақ сәтсіз ұйымдастырушылық реформалар мен жоғары салық ресейлік тоннаждың басқа тиімді елдерге кетуіне немесе капиталдың кеме қатынасынан басқа қызмет аяларына кетуіне алып келді. Әлемдік сауда флотының көлік құралдарына басты жүктерді, контейнерлерді, лихтерлерді тасымалдайтын кемелер, ролкерлер, паромдар, танкерлер және балкерлер жатады. Басты жүктерді тасымалдауға арналған кемелер әлі де кішігірім порттар арасындағы жүктерді тасымалдауға арналған әлемдегі негізгі кеме түрі болып табылады. Жүктер желдеткіш құралдары мен өртке қарсы жүйелерімен қамтылған трюмдерде орналасады. Негізгі жүк желілерінде мамандандырылған контейнер тасымалдаушы кемелер кеңінен таралған. Жүк көтерімділігі 60 тоннаға дейін жететін кеме бір мезгілде 2000 алтыметрлік контейнерлердітасымалдай алады және осындай жүк көтерімділікке ие қарапайым кемеге қарағанда жыл бойы 7 есе көп жүкті тасымалдау қабілетіне ие.Лихтер тасымалдаушы кемелер өздерінің аз шөгуіне орай өзендердің сағасына кіре алатын және кез келген таяз айлақтарға бара алатын ондаған кіші кеме-лихтерлерді (әдетте, жүк көтерімділігі 200-1000 тонна) тасымалдайтын үлкен жүзбелі базасы бар жүйе болып табылады. Ролкерлік типті кемелер кеменің алдыңғы немесе артқы жағынан автомобильдерді түсірмей және жүктерді ауыстырып тиеймей, автомобильдер мен тартқыштарға өтуіне мүмкіндік береді. Теңіз паромы да жүктерді түсірмей, бір мезгілде 100 вагон тасымалдауға мүмкіндік береді. Танкерлер өңделмеген мұнайды және басқа да құйылатын жүктерді тасымалдауға арналған, балкерлер – сусымалы және құйылатын жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын аралас типті кемелер. 1999 жылы дайындалған ЮНКТАД хатшылығының мәліметтеріне сәйкес, 1997 ж. бастап әлемдік өндірістің өсу қарқынының жиынтық көрсеткіші теңіз тасымалдары көлемінің өсуінен төмен болды, бұл, өз кезегінде, теңіз тоннажына сұраныстың қысқаруына алып келді

 Ұлттық флотпен қамтамасыз етілу деңгейі әр мемлекетте әр келкі болып келеді. Сонымен қатар мемлекеттердің көбісінде тасымал үшін тоннаж көлемі аз болады, сондықтан олар тоннаж көлемі артық мемлекеттердің қызметімен қолданады. Ең ірі кеме иелеріне мына мемлекеттер кіреді (ортақ дүниежүзілік тоннаждың бөлігі көрсетілген): Грекия (17,6%), Жапония (12,7%), Норвегия (7,7%), АҚШ (6,4%), ҚХР (5,4%).