Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

56.Теміржол тасымалының негізгі түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз

Әдетте теміржол көлігі тасымалдардың екі түрін жүзеге асырады: жолаушылар және жүк. Және соңғы кездері, атап айтқанда, Еуропада жоғары жылдамдықты жолаушылар тасымалы туралы мәселе қарастырылып келсе де, жолаушылар тасымалына қарағанда теміржол кәсібіне негізгі табысты әкелетін жүк тасымалы да әрекет етуде. Жолаушылар тасымалы, керісінше, сирек жағдайларды қоспағанда, дотациалық болып табылады және барлық капитал салымдарын шығындайды.

Сонымен қатар, әлемдік масштабта жүк тасымалының үлесі (тонна- және жолаушылар-шақырымдарға теңестірумен келтірілген бірліктерде) әлемнің теміржоларының тасымал жұмыстарының жалпы көлемінің шамамен 75% құрайды.

Барлық жүк тасымалдары тек теміржол көлігі қатысатын тік және теміржол көлігі жалпы көлік тізбегінің басты түйіні болатын аралас болып екіге бөлінеді.

Тік тасымалдар, өз кезегінде, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүк иелерімен өзара әрекеттесу қағидаларына орай, вагондық және бағдарлық тасымалдарға бөлінеді.

Вагондық тасымалдар, өзінің атауы тәрізді, әр түрлі жүк жөнелтушілердің, ал ең бастысы – әр түрлі географиялық орындарда орналасқан әр түрлі жүк алушылардың вагондық жүктерінен тұратын жиынтық пойыздарды кешендеуді білдіреді. Бұл қайта сұрыптау және бір бағыттағы вагондық жүктерден тұратын жаңа жиынтық пойыздарды құру орын алатын күшті аралық сұрыптау станцияларының болуын талап етеді. Жүктерді тасымалдаудың осындай технологиясы тасымалдаудың жалпы ұзақтығына, көлік шығындары және жүктердің жоғалу мүмкіндігінің ұлғайуына әсер етеді, теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келеді.

Сондықтан да қазіргі уақытта көптеген теміржол компаниялары жекелеген вагондардан немесе вагондар топтарынан тұратын пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру барысында мүмкіндігіне орай аралық сұрыптау станцияларын шекаралық станцияда орната отырып, олардың санын біреумен шектеуге тырысады.

Бағдарлық тасымалдар үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдау талап етілетін барлық салаларда басым. Қазіргі уақытта көмір, темір кені, бидай сияқты үлкен көлемдегі жүктердің айтарлықтай ағындары әлі де сақталуда (әсіресе, ядролық энергетикасы жеткіліксіз дамыған елдерде). Бағдарлық пойыздарды ұйымдастыра отырып, теміржол мұнда өзінің басты артықшылығын – үлкен сыйымдылықты пойыздарды жақсылап пайдалануға тырысады, олар автомобильдік және су көлігіне қарағанда бәсекеге қабілетті тарифтерді және аралық ауыстырып тиеу және жүктің жоғалу немесе бұзылу қаупісіз «есіктен есікке» жеткізу мүмкіндігін ұсынуға жағдай туғызады. Мұнда пайдалану шығындары ең аз деңгейге төмендейді, жеткізудің орташа жылдамдығы тек жоғары біліктік жүк-салмақ пен жылдамдыққа ие пойыздардың қозғалысымен байланысты техникалық мәселелермен шектеледі. Сонымен қоса, «есіктен есікке» қағидасы бойынша тасымалдар жөнелту бекетінен жеткізу бекетіне оңтайлы бағдар бойынша салынған теміржол желілерінің, және осы бекеттердегі талап етілген түрде қамтылған жүктерді тиеу-түсіру терминалдарының болуын қажет етеді.

Мамандардың айтуы бойынша, жүк пойыздарының жалпы санындағы бағдарлық пойыздардың үлесі шамамен 50% құрайды. Бұл вагондық жөнелтулердің санының азаю үрдісін есепке алғанда күтілетін мөлшерден аз. АҚШ-та бағдарлық пойыздардың үлесі үштен екіні құрайды. Қалған бөлігі жиынтық пойыздар мен аралас тасымалдар жүйесінің пойыздарына тиесілі, ал соңғылар бағдарлық пойыздардарға ұқсас болып келеді, себебі контейнерлер, автомобильдік жартылай тіркемелерді және алмастыру қораптарын тасымалдау үшін вагон-платформаларды пайдалану бытыраңқы тасымалдардың көлемін және аралық өңдеуге қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді.

Кейбір теміржол тораптары (Жапония, Ұлыбритания және т.б.) вагондық жөнелтулерден мүлдем бас тартты, басқа теміржол жүйелері бұл мүмкіндікті осындай тасымалдарға сұраныстың азаюына орай қарастыруда. Алайда, көпшілік жүк жөнелтушілердің көпшілік бөлігі бағдарлық пойыздармен жүзеге асырылса да, бұған қарсы тұруда. Сондықтан да тасымалдарды ұйымдастыру тәсілін таңдау мәселесі әлі де өзекті (әсіресе, Еуропада), ал АҚШ-та бұл мәселе мүлдем жоқ, онда барлық бастапқы және соңғы операциялар кішігірім теміржол қызметтерімен орындалады.