- •«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша дәрістер кешені Мазмұны
- •Модуль 1 Дәріс Тақырыбы № 1. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 2. Қоғамдық өндіріс негіздері
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 4. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары
- •Дәріс жоспары
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 5. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 6. Нарық қатынастардың жалпы сипаттамасы
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 7. Нарықтық бәсеке
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 8. Сұраныс және ұсынысты талдау негіздері
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 10. Фирма капиталының айналымы
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 11. Фирма шығыны және табысы
- •Дәріс жоспары
- •Мұндағы: mr-шекті түсім
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 12. Өндіріс факторлары нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •Дәріс жоспары
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Мерзімдік кесімдік
- •Жұмыс х Бір сағаттың
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 13. Ұлттық экономиканың макроэкономикалық құрылымы
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 14. Макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 16. Экономикалық өсу
- •Дәріс жоспары
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Мұндағы: mr-шекті түсім
∆TR- жалпы түсімнің артуы
Δ Q- өнім санының артуы
Енді орташа және шекті түсімдер шамаларының өзара қатынасын қарастырайық. Бұл қатынас бағаның өзгеру, өзгермеуіне тәуелді болады. Егер фирма жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін болса, онда баға өзгермейді. Бұл жағдайда өндіруші - баға алушы. Әрбір кезекті бірліктен түсетін шекті табыс өзгермейді және бағаға тең болады. Бірақ фирма жетілмеген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол өнім саны мен бағасының оптимальды үйлесімін таңдайды. Фирманың өнім шығару көлеміне де (Q), бағаға да (P) ықпал ету мүмкіндігі бар. Фирма көп өнім шығарған сайын өнім бірлігінің бағасы төмендейді. Шекті табыс бұл жағдайда тауардың қосымша бірлігін сатудан түсетін табыстан аз болады. График түрінде көрсететін болсақ: бір графикке шекті табыс пен шекті шығындардың қисығын үйлестірейік.
P P
Е Е
P
1
P0
Q1 Q Q1 Q
16.3 – сурет 16.4- сурет
16.3 суретте Е нүктесінде табыс шекті шығындарға тең. Осы нүктеге P бағада Q өнім бірлігін шығару сәйкес келеді. Баға бұл кезде өзгермелі, өнім көлемінің артуымен баға түседі. Бұл жағдай жетілмеген бәсекеге сәйкес келеді. 16.4-суретте Е нүктесінде табыс шекті шығындарға тең. Бұл кезде шекті табыс бағаға тең, баға тұрақты, өнім көлемінің артуымен өзгермейді. Бұл жағдай жетілген бәсекенің шартына сәйкес келеді. Қосымша өнім шығару мәселесін шешуде біз ең алдымен шекті табысты салыстыратын боламыз.
4. Пайда категориясының экономикалық әдебиеттерде әртүрлі көзқарастармен келісілген бірнеше анықтамасы кездеседі:
- пайда - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;
- пайда - бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем;
- пайда - бұл табыс пен шығынның айырмасы.
К.Маркстың пайда теориясы еңбек құн теориясына негізделген және қосымша құн теориясының тікелей жалғасы болып табылады. Сандық тұрғыдан қарағанда ол тауар құнынан өндіріс шығындарынын шегергенде қалған артық бөлігі, ал сапалық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы.
Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік үш негізгі бағытта қарастырылады: кейнсиандық, институционалды-әлеуметтік және неоклассикалық.
Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды ажыратқандай пайдаға қатысты ды екі жағдай ажыратылады:
Бухгалтерлік пайда - өнімді сатудан түскен табыс пен ақшалай (айқын) шығындардың айырмасы.
Экономикалық пайда - өнімді сатудан түскен табыс пен экономикалық, яғни бухгалтерлік пен альтернативтік шығындардың айырмасы.
Бухгалтерлер үшін пайда - бұл фирманың жалпы табысынан жекелеген тұлғалар мен басқа да фирмаларға капитал мен еңбек, материалдардың құнын төлегеннен кейін қалатын табыстың бөлігі. Пайда бұл жерде тек ғана айқын шығындарды, яғни фирманың оның құралына кірмейтін жеткізушілеріне төлемдерін қосады. Бірақ мұндай пайда кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін толық сипаттамайды. Капитал белгілі бір тұлғаға немесе тұлғалар тобына тиісті болған жағдайда альтернативтік варианттармен салыстырғанда меншікті капиталды тиімсіз пайдалану нәтижесінде шығынға ұшырамады ма деген сұрақ туады немесе болашақта басқа салаларға салынып, оның көп табыс әкелуі де мүмкін. Сондықтан да бухгалтерлік пайдадан капиталға проценттік табысты, жер мен ғимарат үшін жал төлемін және басқару шығындарын алып тастау қажет. Нәтижесінде қалғаны экономикалық пайда болып табылады. Экономикалық пайда нольге тең болуы да мүмкін. Бұл кәсіпкердің өзінің ресурстарын минимальды тиімділікпен пайдаланатынын білдіреді. Егер фирма экономикалық пайда алатын болса демек сол салада кәсіпкерлік қабілеттілік, капитал, жер жеткілікті минимальды шамамен салыстырғанда жоғары тиімділік береді. Кәсіпкер қашан да өзінің бизнесін жүзеге асырғанда өндіріс пен өнімді сатуға кеткен шығындарды өтеп ғана қоймай белгілі бір табыс алуды көздейді. Мұндай қажетті минимальды табыс қалыпты пайда ретінде көрінеді. Өзінің шамасы бойынша қалыпты пайда өндірістің айқынсыз шығындарымен анықталады. Ол кәсіпкерге меншікті ресурстарды альтернативті пайдаланғанда алуға болатын, яғни жіберіп алған табысты өтеуі тиіс.
Жетілмеген бәсекелестік жағдайында, егер фирма нарықта монополиялық жағдайды иеленсе (газ,мұнай, теміржол және т.б.) онда ол пайдалы табиғи жағдайларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар жерінде, қолайлы климат және т.б. пайда болатын монополиялық пайда алады.
Фирма үшін үлкен табыстың қайнар көзінің маңыздылығы - ашық жазылу бойынша акцияны сатқаннан алынған шамамен кәсіпорынға салынған нақты капитал арасындағы айырмашылық - құрылтайшылар пайдасы болып табылады. Оны берілген акционерлік қоғамның құрылтайшылары иемденеді.
Пайда нормасы - бұл процентпен өрнектелген пайданың өндіріс шығындарына қатынасы. Фирманың мақсаты - алынған пайданы максимизациялау, яғни пайда көлемін жоғарғы деңгейге жеткізу. Осы мақсатпен ол жоғарғы пайда әкелетін өндіріс деңгейін таңдайды. Бұл жерде фирма шекті табыс=шекті шығын болатындай деңгейге дейін өндірісті ұлғайта алады. Бұл шарт жетілген, сондай-ақ жетілмеген бәсеке жағдайында да сақталады. Бірақ айырмашылығы төмендегідей:
Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар небәрі өнім шығару көлемін ғана бақылай алады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында фирма бірмезгілде екі параметрді анықтайды: өнім шығару көлемі және баға. Монополист - фирма аз өнім шығарып, оны жоғарғы бағада сатады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында фирма бағаға ықпал ету мүмкіндігіне ие бола отырып, максималды пайда беретін баға мен өндіріс көлемінің үйлесімін таңдайды. Бұл кезде шекті табыс бағаға тең болмайды, тауардың әрбір қосымша партиясының бағасын арзандата отырып, фирма алдыңғы тауарлардың бірлігіне де бағаны түсіруге мәжбүр болады.
Кей жағдайда пайданы жоғарылату емес, шығынды азайту мақсаты қойылуы мүмкін. Фирма баға төмендеген жағдайда шығынға ұшырауы мүмкін, осы кезде ол үшін баға орташа өзгермелі шығындардан асқанша өндірісті жүргізу керек. Егер ол өзінің қызметін тоқтатқан жағдайда оған тұрақты шығындардың орнын өтеу керек болар еді. Басқаша айтқанда фирмаға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болады, егер жалпы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда жалпы табыстан аз шамаға асатын болса.
