- •«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша дәрістер кешені Мазмұны
- •Модуль 1 Дәріс Тақырыбы № 1. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 2. Қоғамдық өндіріс негіздері
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 4. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары
- •Дәріс жоспары
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 5. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 6. Нарық қатынастардың жалпы сипаттамасы
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 7. Нарықтық бәсеке
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 8. Сұраныс және ұсынысты талдау негіздері
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 10. Фирма капиталының айналымы
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 11. Фирма шығыны және табысы
- •Дәріс жоспары
- •Мұндағы: mr-шекті түсім
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 12. Өндіріс факторлары нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •Дәріс жоспары
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Капитал нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Мерзімдік кесімдік
- •Жұмыс х Бір сағаттың
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 13. Ұлттық экономиканың макроэкономикалық құрылымы
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 14. Макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Дәріс жоспары
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәріс Тақырыбы № 16. Экономикалық өсу
- •Дәріс жоспары
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Бақылау сұрақтары
Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды мөлшерліме жалақы; Рента.
Негізгі әдебиеттер
1. Әкімбеков С., Баймухаметов У.А., Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория». Оқу құралы. Астана 2002 - 464б.
2. «Экономикалық теория негіздері». - Оқулық. «Санат» Алматы. 1998 - 479б.
3. Шеденов Ө.Қ., т.б. «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Ақтөбе. - 2004ж., 455б.
4. Әубәкіров Я.Ә., Байжумаев Б.Б., т.б. «Экономикалық теория». - Оқу құралы. Алматы. - 1999ж. - 280б.
5. «Экономикалық теория негіздері». Оқулық. Алматы 2004ж. - 479б.
6. Ғабит Ж.Х. «Экономикалық теория» - оқу әдістемелік кешен.
7. Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория» Оқу құралы Алматы 2008ж. - 276б.
Қосымша әдебиеттер
1. Қожаниязов Т.К., Қожаниязова А.П. «Қазіргі экономика» - оқулық - 2001ж.
2. Сахариев С.С. «Жаңа кезең экономикалық теориясы» - 2004ж.
3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория» - 2004ж., I, II бөлім.
4. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері». - 2002ж. 316б.
5. Крымова В. «Экономикалық теория: кестелі оқу құралы». Алматы, Архаим, 2003 - 120б.
6. Темірбекова А.Б., Байшолақова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. «Экономикалық теория негіздері». - Қысқаша лекциялар курсы. 2007, 186б.
Дәріс Тақырыбы № 13. Ұлттық экономиканың макроэкономикалық құрылымы
Дәріс мақсаты:
Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.
Дәріс жоспары
1. Макроэкономиканың негізгі мәселелері.
2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
3. ЖІӨ және оны есептеу әдістері.
Дәріс мәтіні
1. Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
- инфляция мен инфляция қарсы саясат;
- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
- экономикалық дамудың циклдары;
- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
2. Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).
Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ
баға индексі
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ
нақты ЖҰӨ
3.
Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:
жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.
ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,
Х – таза экспорт.
Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
ҰТ = ТҰӨ - ж.с.
Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.
Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.
